Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қазақстанда "Ал, ажырасайық!" жобасы ашылды

Қазақстанда "Ал, ажырасайық!" жобасы ашылды

Қазақстанда

Шеттен келген "Кел, үйленейік" («Давай поженимся!») бағдарламасы елімізде танымалдылыққа ие болып үлгерді. Ал енді оған қарсы  "Ал, ажырасайық!" ("Давай расстанемся") интернет-жобасы пайда болды. Бағдарлама авторлары – психолог Юлия Соколова пен журналист Влад Длиннов. Олар жастарды неке сарайына емес, ажырасу үшін сот залына итермелейді. 

"Қазір жалғыздық пен сәтсіз махаббат құрбандары қоғамдық қайғыға айналды. Кейбірі жар таппай сарылып жүрсе, енді басқасы жартысымен табыса алмай қиналып жүр. Біз бұл жобамызға махаббат шырмауығына шатасқан жандарды қатыстыратын боламыз. Олар да, біз де өтірік оқиғаларды құрастырмаймыз. Бәрі де нақты кейіпкерлері бар дүниелер. Адамдар дұрыс өмір сүруді армандайды. Ал біз солардың армандарының орындалуына қолымыздан келгенше көмектеспекпіз. Мұнда көбіне әйел адамдар келеді. Қазақтың менталитетіне сай ер адамдар көбіне өз проблемаларын іштерінде жасырып жүреді",- дейді психолог Юлия Соколова.

"Ал, ажырасайық!"... Әрине, жоба қатысушыларына бұл сөздің оңай тимесі анық. Олар бағдарламада жылайды, бұл тәуекелге бару үшін қандай себептер болғанын айтып жұртпен бөліседі. Бірақ психологтың айтқан пікірін ұйып тыңдаған ғашықтар түсірілім біткен соң өздерінің бұл істерін дұрыс көрмей қайта қосылуы да мүмкін. Қосылмауы да...

Махаббат жолында айы оңынан тумаған жандар осында келіп, психолог мамандармен кеңес құрады. Өзін қинап жүрген мәселені жайып салады. Сырын ашып, мұңын мұңдайды. Жобаны өмірге әкелген жандар бұл бастаманың ешқандай ағаттығы жоқ деп біледі. Керісінше, осындай психологиялық жобалар арқылы адамдарға көмектескеніне мақтанады. 

Дайындаған: Ақерке Әбліхан

Сурет: tv.headline.kz

2555 13
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 14 қаңтар 2013, 16:10
Пікірлер
+0
14 қаңтар 2013, 16:28

Мұның да бір дұрыс жағы бар. Мен қолдаймын.

+0
14 қаңтар 2013, 16:28

бірақ қит етсе осылар жаққа жүгіретіндер қаптап кетпесе... :?:

+0
14 қаңтар 2013, 16:54

дұрыс емес((

+0
14 қаңтар 2013, 16:59

Бұл да бір шоу ғой. Логикалық түрде ойлап қарасаң, шын ажырасып жатқандар эфирге шығып сайқымазақ болмайтын шығар? Өмірі ұзақ бағдарлама болатынына күмәнім бар... :roll:

+0
14 қаңтар 2013, 17:02

ел боп ажырасу саны көбейді деп жырлап отырғанымыз бос екен онда...ал сауап енді тірі жетім балалар саны да ойнайд кеп...қосудың амалын ойлап шаршағандардың сандырағы шығар. Ажырасам десе шоуға бармай ақ ажырасады емес пе

+0
14 қаңтар 2013, 18:21

бұл да бір көшірме шығар, түкке пайдасы жоқ :evil:

+0
14 қаңтар 2013, 18:43

Екеуінің де (дабай үйленейік, дабай ажырасайық) кейіпкерлері тек әшейін актерлер деп білем, сенбеймін, сонда да мынау керек емес еді(

+0
14 қаңтар 2013, 21:16

Бағдарламаға бармай ажырасқан дұрыс болар деп ойлаймын.

+0
14 қаңтар 2013, 22:58

Өздері керемет адам түсініп қоятындай

+0
15 қаңтар 2013, 15:07

Ажырасқаннан құдай сақтасын.

+0
20 қаңтар 2013, 19:32

:o :? бұнысы қай сасқаны! Онсызда ажырасу қатарынан алдыңғы ондықтамыз... Бағдарламаның ұзақтығы 1 жылға жетсе корерім :twisted:

+0
21 қаңтар 2013, 01:02

Кайтесин енди НЕ истерин билмей журген адамдарго ,

+0
21 қаңтар 2013, 05:00

Бұныңда жақсы және жаман жақтары бар. Қалағанын үйлендіріп, қалағанын ажырастырып отыратын психологтарға байланысты барлығы. Бұған қарсылық танытудың қажеті жоқ. Неше түрлі тағдырлар бар. Адам басқа салмаған соң оны ойлай бермейді. Құдай бетін ары қылсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...