Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қызғаныштан жарылатын шығармын...

Қызғаныштан жарылатын шығармын...

Қызғаныштан жарылатын шығармын...

Бүгінгі әңгімеміздің басты кейіпкері туралы ешқашан жақсы пікірлер айтылған емес. Ол туралы талай-талай отты жырлар мен назды әндер жазылды. Ол қаншама көз жастарды ағызды, ұйқысыз түндер мен күлкісіз күндерді сыйлады. Ол адам нанғысыз қылмыстар жасатып, тұңғиық күнәларға да батырды. Ал, қаншама сезімдерді суытып, қаншама некелерді бұзғанын ешкім де дөп басып айта алмайды...

Бір қызығы, ол аяқ астынан пайда болады да, қайда, қашан екені белгісіз, әйтеуір жоғалып кете барады. Танысып қойыңыз, оның есімі – қызғаныш.

Осы бір күндіз де, түнде де ұйықтамайтын, ыстықта да, суықта да маза бермейтін «құдірет» туралы ғаламтор беттерінде көптеген тақырыптар қозғалып та жүр, кітап, журнал беттерінде жарияланған маман кеңестері де шаш етектен, тіпті,  сіздер мен біздер де қызғаныш туралы аз әңгіме қозғаған жоқпыз. Десе де, оны әлі де ешкім жеңіп көрген емес.

Оқырмандарымыздың сұранысы бойынша қызғаныш сезімімен ашық айқаста сізге қорған болар, сізді тығырықтан алып шығар бір топ кеңестерімізді тағы да назарларыңызға ұсынып көрмекпіз.

Кейбіріміздің қызғанышымыздың басты себебі – өзіміздің кем-кетіктерімізді жасырып қалу немесе өзімізге деген сенімсіздік, менде жоқты өзгеден тауып алады деген қорқыныш. Бұлай болған жағдайда, оның бір кездері миллиондаған арулардың арасынан сізді таңдағандығын еске түсіріңіз. Сондықтан сіздің мақсатыңыз – кемшіліктеріңізге кенедей жабысып қалу емес, оның сіздің бойыңыздан ерекше деп тауып, бағалаған жақсы қасиеттеріңізді сақтап қалу. Сізді жегідей жеп бара жатқан кемішіліктер бәрінде бар, ешкім идеал адам емес.


Уайым-қайғыңызды жаныңызға жақын адаммен немесе құрбыңызбен бөлісіңіз. Іште бықсып жатқан күмәндарды сыртқа шығармасаңыз не болатынын өзіңізде білесіз. Ал естияр құрбыңыздың кеңестері сіздің жаныңызды тыныштандырады. Дұрысы, психолог мамандардың кеңесіне жүгіну болмақ.
Әдетте, қызғанышпен жолдас болған нәзік жандыларымыз, жігіттің ұялы телефонын тексеріп, хаттарын оқиды немесе үздіксіз жасырын нөмірмен қоңырау соғып, өзге құрбыларынан танысуын өтініп жатады. Мұныңызды доғарыңыз! Ол сіздің жеке меншігіңіз емес. Оның да өзіндік қызығушылықтары, жеке құпиялары бар. Өзіңізді сүйіктіңіздің орнына қойып көріңізші. Біреу сіздің төбеңізден жүрген-тұрғаныңызды қадағалап тұрса, қандай күйде боласыз!?

Ең бастысы, қолыңызға қағаз бен қалам алыңыз да, мынадай төрт сұраққа жауап беріңіз:

Бірінші сұрақ: Қандай жағдайда қызғанасыз? Сіздің қызғаныш сезіміңізді шақыратын барлық жағдайдың тізімін құрыңыз. Мәселен, әріптестерінің қоңырауы, әлеуметтік желідегі өзгелермен қарым-қатынасы, бұрынғы сыныптастары немесе топтастарымен болатын отырыстар т.б.

Екінші сұрақ: Қызғаныш сізді билеп алғанда қандай күйде боласыз және басыңызға қандай ойлар келеді?

Үшінші сұрақ: Мұндай кезде сізді не құтқара алады және не тыныштандыра алады деп ойлайсыз?

Төртінші сұрақ: Серігіңіздің тарапынан нені қалайсыз?

Тізімдегі сұрақтарға әбден жауап беріп болған соң, бекзадаңызға жүгініңіз. Егер сіздерде шынайы қарым-қатынас болса, ол сізді түсінеді. Екеуіңіз отырып жақсылап талқылаңыздар. Болмашы күмәндар үшін одан айырылып қалғыңыз келмейтіндігін жеткізіңіз. Ол сізге көмектеседі.

 

Мәселені қайта–қайта қозғай беруден сақ болыңыз. Бір сөйлескенде соңына дейін шешіп алуыңыз керек. Егер қызғанышқа деген нақты дәлелдеріңіз болмаса, оны бос күдіктермен мазалай бермеңіз. Біржола айырылып қалу қаупіңіз бар.

Оған ешқашан өтірік айтпаңыз. Шындықты айтуды әдетке айналдырған болсаңыз, жігіттен де соны талап етіңіз. Сізді қызғаныштан құтқара алатын жалғыз күш –сенім.

Ең алдымен мынаны түсініңіз, қызғаныш - махаббат емес. Ол бір адамның екінші адамға қымбат екендігінің дәлелі ғана. Яғни, жақын адамдардың арасында қызғаныш сезімінің болатындығы қалыпты жағдай. Бірақ, әр нәрсенің шегі бар екендігін естен шығармаған жөн.

 Суреттер:healthsnews.com, facebook.com,vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

6346 25
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 12 қаңтар 2013, 10:35
Пікірлер
+0
12 қаңтар 2013, 13:43

Мен де тым қатты қызғаншақ адам екенмін. оны соңғы кездері ғана байқап жүрмін. қайтсем екен.

+0
12 қаңтар 2013, 13:58

Әдетте барлық ара-қатынаста бір тарап көбірек, бір тарап азырақ жақсы көреді/сүйеді. Екеуінің бірдей ғашық болуы екеуін де құрдымға кетіреді (Джульетта-Ромео, Қыз Жібек-Төлеген т.б.). Сондықтан қызғанбаудың бірден-бір жолы өзіңді жеңу. Яғни, қарсы тарапқа қарағанда азырақ жақсы көру. Сол кезде қарсы тарап сені көбірек жақсы көреді, сәйкесінше қызғанады. Ал егер оны істеуге мүмкіншілік болмаса, онда тура сол уақытта бір шара жасап (хабарласып боқтап, анаугім, мынаугім, о не деген сұрақтар жаудырып, тамырын кесіп тастап т.б.) мәжнүндікке салынбай, болмағанда ертеңге дейін күту қажет. Бүгінгі көріп отырғаның ертең басқа ракурстан көрінеді. Сеніңіз маған. Ал, ең оптималды вариант сүйіктіңнің досымен дос болу. Жай ғана дос емес, сырлас болу қажет. Сонда сүйіктің туралы бүкіл информация сенде болады :)). Онан да дұрысы сүймеу. Проблема болмайды. Болмағанда Қисықтың (Дінмұхамед Зиядиннің) бір постында жазғанында "ақыл махабатын" ұстану.

+0
12 қаңтар 2013, 14:14

Даке, мынауыңыз махаббатымды құрдымға жіберетін кеңес қой. Азырақ жақсы көру мүмкін болса, жақсы көрмей ақ та қоя салар ем ғой баяғыда.

+0
12 қаңтар 2013, 14:23

онда тыныпсың бағыр.. бітіпті шаруаң.. :) жо-жоо тоқта.. бір вариант бар.. істей алар ма екенсің.. жәрәйд.. былай әңгіме. Клубқа бар да көзіңе көрінген қызды ұстап ал. 1-2 күнге әрине. Сонда екі қоянды бірден атып аласың. 1) Басқа біреумен 2 күндік жүру арқылы болса да отношениеге деген тәуелділік жоғалады. 2) Қызың/әйелің қызғануға повод берген күннің өзінде есеңді қайтарасың. 3) Клубтағы қыздың қызығы бір басқа.. Көр.. өкінбейсің ;)

+0
12 қаңтар 2013, 14:29

:D :D :D :D . табылған ақыл, кеттім бүгін кеште! Ай, бірақ ол мені қызғана қояр ма екен?! :D

+0
12 қаңтар 2013, 14:31

фотоға түс сүйісіп тұрып. Әлеуметтік желілердегі бетшеңе жарияла. Мұнан кейін қызғанбаса ляхтыр да ана клубтағы қызбен жүріп кет :)

+0
12 қаңтар 2013, 14:38

:D :D :D . қатырасыз-ау. сол жақ бұғанаңнын тұсынан екі жүзді селебені сұғып ал да, қабырғаңды бойлап тіле бер. сосын, оң жақ білегіңді салып жіберіп, қызғаныштан отқа айналып бара жатқан жүрегіңді тамыр-тамырымен, жүйке-жүйесімен жұлып ал. алақаныңда әлі дүрсілі тоқтай қоймаған жүрегіңе соңғы рет бір қара да, күресінге лақтырып жібер. ал ары қарай бауырыңа сүйеніп, өмір сүре бересің деп қойсаңызшы. дегенмен, ақылыңызға рахмет. мына сөздерімізді көріп, біраз қыз-жігіт ойланатын болды енді. :D

+0
12 қаңтар 2013, 14:43

"біраз қыз-жігіт ойланатын болды енді"... - ия, оқыңдар. Оқыңдар ептілер. Осы Алшын, екеуміз безнадежный романтик пен "дымы, тіпті бір грамм ары мен ұяты жоқ" лавеластың рольдерін жақсы сомдап шықтық ау деймін..

+0
12 қаңтар 2013, 14:44

негізі қарама-қарсы пікірде болып, қырғын дау бастай салу керек еді а :D

+0
12 қаңтар 2013, 14:20

Қой, жүрегім, қызғанба да, бүлінбе, Қызғанбау да - сорлылық. Сағыныштан өлмейді адам, түбінде Қызғаныштан өлер мүмкін ер жігіт!

+0
12 қаңтар 2013, 14:33

:!: :!:

+0
22 қыркүйек, 17:40

келіспеймін, сағыныштан өлер адам, ал қызғаныш өлтірер

+0
12 қаңтар 2013, 16:22

Мен де қызғанам. Бірақ мен өзін қаншалықты жақсы көретінімді білсін деп қызғанам. Мысалы бір қыз хабарласып қалса, "кім?" деп сұрамай тұра берсең, не махаббат? Қызғанышсыз махаббат махаббат па? Тек мақалада айтылғандай шегімен қызғану керек. Сол есте болсын. Шектен шыққан кездерімде, ұрсып тыйып тастайды (Жігіттер де ақымақ емес қой) ) :roll:

+0
12 қаңтар 2013, 16:30

Бір журналдан "өзгені қызғанатын адам, өзіне сенімді емес, өз-өзінен күмәнданатын адам" дегенді оқығанмын. Расында да, сондай сияқты.

+0
12 қаңтар 2013, 16:41

қызғаныш небір күнәларға батыратынына көзім жеткен

+0
12 қаңтар 2013, 18:55

әп-әдемі кеңестер, менің риза болатыным, біздің сайтта тәрбиелеуді дұрыс жолға қойған...

+0
12 қаңтар 2013, 23:11

Қызғаныш-сақ болмасаң сараң етіп сандалтатын ауру! :oops:

+0
12 қаңтар 2013, 23:26

қызғанышымды тежеп жүрем, көрсете бергім келмейді.

+0
13 қаңтар 2013, 01:00

қыз бен жігіттің арасындағы қарым-қатынас бір ғылым ғой негізі :) Рақмет, Айгерім. Тырысамыз енді)

+0
13 қаңтар 2013, 08:41

Бір жылап алам да ' ӨЗІме айтам олай дұрыс емес деп мың түрлі жолын қарастырам солай жеңуге тырысам. Қазірше өзіме көмектеседі

+0
13 қаңтар 2013, 16:40

Қызғаныш деген қызыл ит!!!

+0
13 қаңтар 2013, 21:22

Қызғаныш сезiм бар жерде барiбiр болады...

+0
14 қаңтар 2013, 01:10

менде кызганам)))

+0
14 қаңтар 2013, 18:14

расына рас, барына бар, күресуін күресіп-ақ жатырмыз...

+0
15 қаңтар 2013, 15:02

кызганбайтын адам жок шыгар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...