Мұндай да қорқақтық болады екен...

Мұндай да қорқақтық болады екен...

Әрқайсымыз да шешімі қиын жағдайда қалуымыз мүмкін. Ешкім де қателіксіз өмір сүрмейді. Сынға тек рухы мықтылар ғана орынды жауап бермек. Ерлік көрсеткендерді айтамыз, үлгі етеміз, ал қорқақтықты көрсетіп, мұның бұрыс екенін неге айтпаймыз? Ендеше әлемдегі ең таңғаларлық әңгімелерді баяндайық. Қорқақтардың жағдайдан шығу әрекеті былай екен...

1.  «Кеме су астына кетті! Есіктерді жабыңдар!»

1948 жылы «Энн» және «Хэмптон» кемелері соғысқан кезде ақымақтық болыпты. «Энн» деп аталатын кеме суға батып жатқан кезде борттағы 100 жолаушы тәтті ұйқыда болған. Кеме жүргізуші команданың қорқып, аман қалған екінші кемеге жаппай ұмтылғаны нағыз біліксіздік, ақылсыздық болған. Жолаушылар туралы ойлауды былай қойып, есіктерін тарс кілттеп кеткендіктері де естеріне түспеген. Абырой болғанда бұларға таяу аймақта құтқару кемесі болып, барлық адам құтқарылған. Қорқақтығы үшін «Энн» матростары түгелдей сот алдына шақырылыпты...

2.  «Тынышталыңдар, балалар! Бұл жәй ғана жер сілкінісі...»

Фан Мезонг Қытайда орта мектептің қарапайым мұғалімі болатын. Сабақ кезінде жер сілкінісі сезілген кезде ол балаларға шуламауын айтып, өзі сыныптан шығып кеткен. Шығып кеткен соң, балаларға қайта барып, бәрін шығаруға оның жүрегі дауаламаған. Сөйтіп, қорқыныш басылған соң, ол соттың алдында қиын жағдай туғанда өзгелерге қарауға мүмкіндігі болмайтынын, өзінің ғана тірі қалуын ойлайтынын нақты айтқан. Оның тік айта салғанына тәнті болғандар да болыпты. Бірақ мектептен қуылуына ешкім де қарсы тұрмаған екен.

3.  Ұшқыштар ұшақтан бірінші болып секіреді...

Бұд жағдай 1989 жылы соғыс кезінде болған. Күлкілі әрі қайғылы оқиға өрісі былай. Шығыс және батыс Германияның аумағына Ресейдің Миг-23 жойғыш ұшағы өтіп кеткен. Дабыл қағылған соң бөтен ұшақтың бетін қайтару үшін ұшқан реактивті ұшақ пилоттары Миг-23 ұшағының ұшқышсыз екенін байқайды. Бәрі де бұл жаңадан пайда болған ұшқышсыз ұшақ деп ойлайды. Бірер мезеттен соң ұшақ бір тұрғын үйдің үстіне құлап, нәтижесінде үй егесі қаза табады. Ал негізі ұшақты Николай Скуридин есімді ұшқыш тастап секіріп кеткен болып шықты. Ол техникалық ақауы шыққан ұшақты адам жоқ жерге құлатудың орнына қорқынышын баса алмай қаша жөнелген. Ал соңынан ешқандай да техникалық ақаудың болмағанын тексерушілер басып айтыпты.

4.  Адам құтқармаса, мұзтауға жүгіну керек...

Тарихта мұзтауға соғысып, су астына кеткен тек Титаник қана емес. Сондай бір төтенше жағдай ертеректе, 1849 жылы болыпты. «Ханна» деп аталатын кеме үлкен жылдамдықпен келіп алып мұзтауға соғысады. Бір қызығы, кемеде бір ғана құтқару қайығы болған. Және кеменің жүргізуші командасы осы бір кішкентай қайыққа мініп алып кемеден ұзап кеткен.

Ал жолаушы адамдар матростардан қайыр жоқ екенін біліп, сол мұзтаудың өзіне шығып алады. Құтқарушылар келгенше 4 сағат отырған олар аман-есен жағалауға барады. Ал үш күннен соң мұхит бетінде арлы-берлі шайқалған қайық әрең келіп жетеді. Матростар дін-аман. Одан кейін де сот ісі басталады...

5.  «Мен заттарымды тастамаймын!»

Тағы да бір теңіздегі апат. «Джедда» деп аталатын кеме Мекке қаласына мыңдаған адамды апара жатқан кезде дауыл бола қалады. Шайқалған кеменің барлық техникасы істен шығады. Дауыл басылған кезде кемеде 4 құтқару қайығы да жоқ болып шығады. Оны кеме капитаны өзінің қымбат заттарын құтқарып қалу үшін тығып қойғаны анықталады. Мұны көріп қойған жолаушылар таласып жүріп екі қайықты тартып алады екен. Бір ғана қайықпен қашып кеткен капитан жол-жөнекей өтіріктен құралған «керемет әңгіме» ойлап табады. Сөйтсек, капитан кемедегі жолаушының барлығын да өлдіге санапты. Ол өзінің басқаруындағы кемеге шабуыл жасалды деп, өзін сол жауыздар өлтіргісі келгенін айтуды ұйғарыпты. Нәтижесінде, жағалауға жалғыз келген капитан таңданыстан тілін күрмейді. Жағалауда өзі тастап кеткен кеме дін-аман тұр екен. Анығында, дауыл басылған соң бұлардың кемесіне жақын жерде құтқарушы кеме болыпты. Капитанның жағдайын айтып әуре болмасақ та, бәрі түсінікті...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: evelynkalinosky.com, goodfon.ru, bigpicture.ru

А. Құлтай