Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жоқ, жігіттер мұндай емес!

Жоқ, жігіттер мұндай емес!

Жоқ, жігіттер мұндай емес!

Біз бүгін жұрт аузына үңілеміз. Жұрт ер адамдар жайында қандай жалған пікірде екен? Жұрт болғанда да, сол өзіміз ғой, арулар! Олар жайлы стереотип болып қалыптасқан "аңыз" әңгімелерді жоққа шығармақпыз. Мұнымызбан бөріктілерді ақтайтын да, жақтайтын да ойымыз жоқ. Тек санамызға сіңген жалған ойлардан арылуға тырысайықшы. 

  • "Жігіттер сериал көргенді ұнатпайды"

Жоқ, сөзіңізді қайтып алғаныңыз жөн. Олар сериалдарды әйел адамдардан кем түспей көреді. Егер жігіт футболсүйер болса, басқа арнадағы футболға ауыстыруы әбден мүмкін. Ал егер сүйікті бағдарламасы арнадан бой көрсетпесе, онда олар басқа арнадағы сериалға ауысады. Әрине, нәзік жандылар секілді "Келер сериясында қалай болар екен?", "Анау енді қайтер екен?" деп шын сеніп көрмесе де, сериалдан бас тарта қоймайды. Сонымен қатар, бөріктілер шытырманға толы шетел сериалдарынан көз алмайды. Айтпағым - атыс пен шабысқа толы сапалы сериалдар. Тарсылдаған, абақтыдан қашқан кейіпкерлерге шын беріліп, "пәленінші сериясына келдім" деп түні бойы көз шырымын алмайтын ер адамдарды сериал көрмейді дегенді ақылға сыйдырып көріңізші.

  • "Жігіттердің бәрі өтірікші"

Бұл жігіттің шырмауына түсіп, одан зардап көрген қыздың ғана әңгімесі емес. Кім болса да, айыпты адамды сырттан іздейді. Ешкім өзіне ауыр айып таққысы келмейді. Сөйтеді де, бәрін жігіт жаққа бұра салады. "Бес саусақтың бірдей еместігін" айтудан жалықпаймыз. Бұл мақалдың барына да рақмет. Кейбіріміз сол бес саусақты бірдей етіп аламыз да, жігіттерді жерден алып, жерге саламыз. 

  • "Жігіттер қайын енесін жек көреді"

Бұл біздің санымызда стереотип болып қалыптасып үлгерді. Әрине, жат адаммен бірден туыс бола қалып, бірден анасындай болып кетуі мүмкін емес. Қайын жұрттағы енемен тек сүйіктің арқылы табыса аласың. Ер адамдар қайын жұрттағы енесін өз ата-анасындай көруге тырысады. Тек арадағы кикілжіңдер (әйелі оны шешесіне жамандауы, жамандығын асырып айтуы) күйеу баланың "минус" жақтарын көбейте түседі. Ал шын мәнінде, жігіттер өздерін қызынан да кем көрмейтін, болмашыға бас сұғып арласа бермейтін қайын енелерді жақсы көреді. 

  • "Жігіт деген жыламау керек"

Неге? Жігіттерде жүрек жоқ па? Жоқ, әлде олар барлық нәрсеге немқұрайлы қарайды деп ойлаймыз ба? Олар да егіледі. Олар да қиналады. Олар да көз жасқа ерік береді. Тек олар әйел адамның еңсесін түсірмеу үшін, өзінің дәрменсіз екендігін білдірмеу үшін көп жерде жанарға тұнған жасты еркіне жібермейді. Тек сыртқа барып егіліп алады. 

  • "Жігіттер көп қыдырғанды жақсы көреді"

Егер үйінде сүйікті жары мен бала-шағасы шулап отырса, ол ұзап қайда барар дейсіз? Үйленген ер адамдар неге сыртқа елеңдеп тұрады? Өйткені оларды үйде шашылып жатқан бөлмелер, жуылмаған ыдыстар, иісі шығып, әр жерде жатқан шұлықтар, тамағы жоқ бос дастархан, "Қайда жүрсің?" деп бүйірін таянған, шашының ұйпа-тұйпасы шыққан әйелі күтеді. Таңертең тамаған беріп, "Күнінің сәтті өткенін" тілеп шығарып салған күйеуі үйдегі жарына асықпай көрсін!..

  • "Жігіттердің пісірген тамағы құрысын"

Бір күні ас үйіңізді босатып, алжапқышты күйеуіңізга тағып беріңізші. Сонда көрерсіз, кімнің тамағы дәмдірек боларын. Ер адамдар әйелдерге қарағанда тамақты жақсы дайындайды. Дәлелденген! Солай екен деп, жолдасыңызға күн сайын картоп ашытып қойып, өзіңіз аяқты аспаннан келтіріп жата бермеңіз. Не десек те, ас үй сіздің меншігіңізде. 

  • "Жігіттердің бәрін мақтай берсең болды"

Қойыңыз! Бала дейсіз бе? Мақтауды сүймейтін адам жоқ қой. Әйткенмен ер адамдар асыра сілтеген мақтауларды жақтыра бермейді. Жігітіңізге шектен тыс мақтау айтамын деп, бетіңіз қызарып жүрмесін.

  • "Жігіттерге ақымақтау қыздар ұнайды"

Бұл да  жиі айтылатын сөз. Қыздарға үлкендер "ақылды болу - сорың" деп жатады. Мұны тек салыстырмалы түрде ғана түсіну керек. Қыз бала өз теңінен де ақылды болмағаны дұрыс деп ұғайықшы осыны. Әйтпесе ақымақ әйел қай бір отбасы болып жарытар дерсіз. Демек, жігіттерге ақылды қыз жолығып жатса - қуаныш. Тек өзінен асып кетпегені жөн.

  • "Махаббатты көп бұзатындар - жігіттер!"

Керісінше, бір сүйсе, құлай сүйетін, қыз айнымаса, басқаға айналып кетпейтін жандар - жігіттер. Өйткені жігіттер сүйгенінен мін таппаса, онымен махаббат құрудан жалықпайды. Кей жігіттер сүйген аруына адалдық танытпаса да, араларын суытып алғысы келмейді. Бәрін тез-тез бітіріп тастағысы келетін де, кейін өкініп "бекер жіберіппін" деп өкінетін де - өзіміз ғой. Мойындайықшы!

Тырнақ астынан кір іздегенше, шындықтың жүзіне тура қарап үйренейік!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: healthsnews.com, facebook.com

911 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 09 қаңтар 2013, 14:40
Пікірлер
+0
09 қаңтар 2013, 15:23

Ай жарадың, мынауың тұщымды дүние болыпты. "Биік өкшені қыз әдемі болсын деп ойлап тапқан - ер адам" демекші, тамақты жақсы пісіретін, артық қылығы жоқ, адал жігіттер бар. Бар, бар, бар )

+0
09 қаңтар 2013, 15:25

керемет!

+0
09 қаңтар 2013, 15:26

жігіттер өзінше боп қалайық енді 8-)

+0
09 қаңтар 2013, 15:38

"Қыздар мақтады деп 20 күн өздерің жайлы айтып жүріп алмаңдар, жігіттер (с)" негізі, мен үшін еш бұзылмайтын бір стереотип болса, ол НАҒЫЗ ЖІГІТ ӨЗІН МАҚТАҒАНДЫ ОНША ҰНАТА БЕРМЕЙДІ)

+0
09 қаңтар 2013, 15:38

рақмет, айналайын. Күйеуіңнің рақатын көр)

+0
09 қаңтар 2013, 15:45

"Жігіттердің бәрін мақтай берсең болды"
Қойыңыз! Бала дейсіз бе? Мақтауды сүймейтін адам жоқ қой. Әйткенмен ер адамдар асыра сілтеген мақтауларды жақтыра бермейді. Жігітіңізге шектен тыс мақтау айтамын деп, бетіңіз қызарып жүрмесін. osynysyna kelisemin endi) 8-)

+0
09 қаңтар 2013, 15:45

Иа ойға қонымды нәрсе екен! Бірақ жігіттердің сіздер білмейтін (қыздарға айтамын)) әлі де қыр-сырлары көп..... :)

+0
09 қаңтар 2013, 15:46

"Жігіттер қайын енесін жек көреді" - бұл негізі орыстардың теща жайлы стереотиптерінен шыққан. Қазақтарда көбіне жігіттер қайын енесін жек көрмейді де, жақсы көрмейді де, араласу керек болған үшін араласады. Және қазақтарда көбіне келін мен ене мәселесі жоғары қойылған және осыған байланысты даудамайлар да көп. Ал орыс жігіттерінің неге қайын енесін жек көретінін толық білмеймін, бәлкім тещасы барар жері қалмай қызын жағалап жүреді, қызын әйт-бүйт қайрай береді, бұдан қарым-қатынасқа әсер ететін шығар. Қазақ жігіттері енесін жек көруден бұрын, оған қарап сөйлеуге де ұялса керек...

+0
09 қаңтар 2013, 15:50

сондай, сондай)

+0
09 қаңтар 2013, 16:09

Жігіттер қыдмашы емес)

+0
09 қаңтар 2013, 16:09

қыдырмашы

+0
09 қаңтар 2013, 16:23

Ал, маркайып қалдық )))

+0
09 қаңтар 2013, 16:44

Негізі, Массагет қызық – даттаса іске алғысыз етіп, мақтаса аяғын жерге тигізбейді. Біреу "олай" десе, біршама уақыттан кейін біреуі "жоқ, олай емес, бұлай", дейді. Екі дұрыстың қай артығын таңдай алмай тұрғанда үшіншісі келіп өз бағытын нақтылап кетеді. Анар: "Бұл әлемде ешкім идеалды емес", - десе, Алшын: "Ол үнемі бас кейіпкер етіп, сені таңдап алады", - дейді. Қазына: "Жігіттер неден қорқады?!", - десе, Ақерке: "Жоқ, жігіттер мұндай емес!", - дейді. Ал, түсініп көр! )))

+0
09 қаңтар 2013, 16:55

ЖІГІТТЕР ЖІГІТТЕР 8-) 8-) 8-) 8-)

+0
09 қаңтар 2013, 18:27

жөн айтылған аңгіме :!:

+0
09 қаңтар 2013, 19:03

:P жігіттердің сыры ашылып қалды

+0
09 қаңтар 2013, 19:11

Маған ақымақ қыздар ұнайды, кореянкалар сияқты :mrgreen:

+0
09 қаңтар 2013, 20:17

ИӘ бәрі өтірік тек жігіттер сериал көргенді ұнатпайды рас

+0
09 қаңтар 2013, 20:33

Ереектін аты еркек.

+0
09 қаңтар 2013, 21:45

ЖАРАЙСЫҢ! ЖАҚСЫ ЖАЗЫПСЫҢ

+0
09 қаңтар 2013, 21:51

Мен білетінім сериалды жақсы көретіні. Үзбей көреді

+0
09 қаңтар 2013, 21:52

1. Жігіттер сериал қарайды, мысалға :" Побег из тюрмы", " Брат за брата", "Глухарь", "Долина волков", "Асау жүрек"
2. Анарка Мустпен келісем
3. Жылайды, көргем. Оларда біз сияқты ғой,
4. бос сандалбай қыдыру емес, қыдырса бір себептермен қыдырады
5. тамақ жасауды жігітімнен үйренгем
6, арасында мақтау керек, артық сөзді ұнатпайды
7, негізі біз ғой

+0
09 қаңтар 2013, 23:32

Жігіттер де жылайды. көргем...
Соңғысын шыныменде мойындау керек!!! ;) :lol: ;) ;) ;) ;)

+0
10 қаңтар 2013, 11:06

жігіттерге ақылды қыз жолығып жатса - қуаныш. Тек өзінен асып кетпегені жөн.-табылган акыл,колдаймын :D

+0
10 қаңтар 2013, 14:54

Керісінше, бір сүйсе, құлай сүйетін, қыз айнымаса, басқаға айналып кетпейтін жандар - жігіттер! - Косылам, бул маган айтылган :)

+0
11 қаңтар 2013, 19:17

"Долина волков", "Асау жүрек" Әрине сөз жоққой енді,қалғандарынада келісемін,рахмет! :P

+0
12 қаңтар 2013, 21:12

Мынау жақсы дүние екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...