Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жылау мен күлу

Жылау мен күлу

Жылау мен күлу

Жылау

Жылау - адамның көңіл-күйінде тебіреніс (қуану, қайғыру, сағыну, залану) пайда болған кезде туындайтын құбылыс. Өмірде жыламайтын адам болмайды. Өмірдің тауқыметті шақтары болады екен, қалайда жылайтын күндер болады.

Біздің кейде жылағымыз келеді. Неге дейсіз ғой...

Тұрмыстың тақсыретін тартқан кезде жылағымыз келеді. Аурудың азабын тартып қиналған кезде жылағымыз келеді. Қарныңның ашқанына, киіміңнің жыртылғанына емес, ақылыңның жоқтығына жылағың келеді. Бір нәрсеге опық жеп назаланған кезде жылағың келеді. Өмірде біреуді сағынған кезде жылағымыз келеді. Қатты қуанып тебіренген кезде жылағымыз келеді. Бір нәрсеге айырықша әсерленген кезде жылағыңыз келеді. Сәтсіздікке жолығып, өкінген кезде жылағымыз келеді.

Күлкі

Күлкі - өмірдің ажары, тұрмыстың шаттығы. Күле алу, біреуге күлу - адамзатқа ғана тән қасиет. Алайда, ауру адам, аш адам, азап шеккен адам, тағдырдың талқысына түскен адам күле ала ма? Езуіне күлкі табы түсіп, жымия ала ма?

Біз кейде күлеміз, шынын айтар болсақ...

Бір нәрсеге қуанған кезде күлкіміз үйіріледі. Табысқа қол жеткізген кезде мәз болып күлеміз. Әдемі киім кие алған кезде шаттанып күлеміз. Жақсы тамақ іше алған кезде масаттана күлеміз. Өмірде біреуді сүйе алғанымызға бақытты боп күлеміз. Өмірде біреу бізді сүйгеніне марқайып күлеміз. Қолымызға азын-аулақ тиын-тебен түскенде, денің сау, тірі жүргенің ойыңа түсіп миығыңды бір тартып қоясың. Өмірде адамша жасап жатқаныңа дән риза болып күлесің.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: mylot.com

12001 12
Рейтинг: +6

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 09 қаңтар 2013, 12:33
Пікірлер
+0
09 қаңтар 2013, 13:01

Сосын... Ішкі жылау мен іштей күлу деген де бар :roll:

+0
09 қаңтар 2013, 13:03

Өмірде кейде жылап та алған дұрыс шығар. Бірақ, жиі күліп жургенге не жетсін ?!

+0
09 қаңтар 2013, 13:06

жаның ашығанда жылағың келеді расында... жақсы жазылған!

+0
09 қаңтар 2013, 13:25

жассыз жылау, арсыз күлкі

+0
09 қаңтар 2013, 14:02

Екеуі бір бірінсіз өмір сүре алмайды, екеуі де көп, санасыз боп кетпесе болды да...

+0
09 қаңтар 2013, 14:11

Өтірік көз жас пен күлкіден сақтасын. Негізі, бір жылап алғанда дұрыс, себебі, содан кейін бір күліп аласың міндетті түрде неге сол кезде егіле жыладым деп)))

+0
09 қаңтар 2013, 15:53

Жылау керек еді бір әдемілеп!

+0
09 қаңтар 2013, 23:19

Негізі жылағанда пайдалы! Жыласаң жеңілдеп қаласың!!! ;) ;) ;)

+0
10 қаңтар 2013, 02:41

ешкашан жыламай аркашан кулип журсем го

+0
10 қаңтар 2013, 10:49

кулип журу ардайым адамнын бакытты екенин билдирмеуи мумкин,мыкты екен билдируи мумкин)

+0
12 қаңтар 2013, 21:22

Жылағанда жөн болса егер анық, Жасыңды сүртер бір адам...Е.Р

+0
20 қаңтар 2013, 14:42

менің осы ең жаман әдеттім күле берем. достарым маған үнемі сол үшін де сын айтады күлкін әдемі де бірақ күле берсен ұскыныңды жоғалтып аласын дейді. Бұл әдеттен калай айыралымды білмеймің :oops:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...