Сені сүйген қыз

Сені сүйген қыз

Жігіттер көбінде қыз жүрегін түсіне бермейміз. Олардың махаббат жолында тартқан азабын сезіне де алмаймыз. Олар жасаған әрбір іс сен үшін немесе жүрегіндегі ең мәртебелі ханзадасы үшін екендігін аз да болса түсініп көргеніміз жөн шығар. Нәзік жандылардың жүрек түкпіріне қол созбасақ та, көз салып қойғанымыз абзал. Мүмкін, өмір, махаббат жолында асыл аруларымызды аялай білуге септігін тигізер. Ендеше, Сізді шынымен ұнатып қалған қыздардың көңіл-күйін білгіңіз келе ме?

  • Ол сені «Аға» деп шақырса да, көңілінде «мені аға емес, досым деп қабылда» деген сөзді естігісі келеді.
  • «Сені сүйемін» деген сөзді айтпайтыныңды білсе де, ол осы сөзді күтіп жүреді.
  • Сенің махаббат жайлы жазған хаттарыңды үнемі сақтап қояды. Ұйқысы қашқан түндерде ол осы хаттарды қайта-қайта оқитын болады.
  • Ол үнемі сенің көзіңнен махаббат сәулесін іздейді.
  • «Сенің басқа қыздармен махаббаттасуыңа кедергі жасамаймын» деп айтса да, дәл сондай жағдай туылған сәтте іштей егіліп жылайды.
  • Ол сенің ашулануыңнан қорықпайды. Оған сенің ашуланғаның да ұнайды. Қайта ренжіп қалуыңнан қорқады.
  • Ол үнемі телехикаялардағы романтикалық махаббат киносында бас кейіпкер етіп, сені талдап алады.
  • Бірге түскен суретті ұзақ уақыт бойы сақтап жүреді. Тіпті сенің жалғыз түскен суретің де оның жанында жүреді.

  • Автобусқа шыққанда үнемі екі кісілік орынға жайғасады. Қасында сен болмасаң да.
  • Сен үшін ең қымбат сыйлық жасағысы келеді, бірақ, ешқашан оны саған ұсына алмайды. Сол үшін де қарапайым сыйлыққа саған көрінбейтін өз жүрегін қоса салып жібереді.
  • Сен қасында болған сәттерде ол барлық адамға жақсы сөз айтқысы келеді. Ол оларға емес, тек саған жақсы әсер қалдырғысы келгендіктен.

  • Ол сен үшін қанша жылап жүрсе де, ешқашан сенің алдыңда көз жасын бұлдамайды.
  • Көңілі азаптанған сәттерде, үнемі алдымен қиялына сен келетін боласың.
  • Ол өзі білмесе де, сен үшін ең дәмді тағамдар жасауды үйренеді. Және сенің сүйіп жейтін тағамыңды бар күшін салып жасауға тырысады.
  • Осының бәрі де оған тәтті мұң, балдай азап сыйлайды. Ол осы қасіретке төзе алмаған сәтте сенімен біржола қоштасуды өтінеді. Дегенмен, сол арқылы сенің оған деген махаббатыңның бар-жоғын біліп көргісі келетіні тағы бар. 

Авторы: Алшын Матай

Сурет: hannytech.com, websbook.com, blog.iset.com.tw

Қ. Қауымбек