Олар мықты адамдар, өйткені...

Олар мықты адамдар, өйткені...
  • Олар біреудің елеусіз қалдырған ісінен нәтиже шығарады.
  • Олар басқа жандар сәтсіздік деп ұққан дүниеден сабақ алады.
  • Олар жүз ойланып барып шешім қабылдайды.
  • Басқа жандар "сәттілік мені қашан тауып келер екен?.." деп күтіп отырғанда, олар соған жетудің жолын қарастырады.
  • Олар өзгелер сияқты қорқады. Бірақ қорқынышты өздеріне билетпейді.
  • Олар ешқашан кінәні өзгеге артпайды. Өзінің барлық ісін өз жауапкершілігіне алады. 

  • Олар маңайына тек пікірлес жандарды ғана жинайды. 
  • Олар шыншыл: өздеріне "неге оның орнында мен емеспін?" деп сұрақ қояды. 
  • Олар өз өмірлерін қай қырдан көру керек екендігін жақсы біледі және соны жақсартуға білек сыбана кіреседі. Ал мұндай кезде басқа жандар тағдырын талақ етіп, өмірге өкпесін артып отыра береді. 
  • Олар өзгеге еліктемейді, өз жолын іздейді. Өз тұғырын өзі тұрғызғысы келеді.
  • Олардың ұстазы - өмір.
  • Олар оптимистер, сондықтан кез келген дүниеден пайда көреді. 
  • Олар не істеу керек болса, соны аяғына дейін жеткізеді. Тіпті "дәл қазір зауқы соқпай тұрса" да...
  • Олар білекке ғана сенбейді.
  • Олар проблемадан қашпайды. Керісінше оған бетпе-бет келеді.
  • Олар көзін жұмып алып тілек тілемейді. Олар ырымның ырқына көнбейді. 
  • Олар өз эмоцияларын басқара алады. Өйткені олар өз эмоцияларының құлы емес.
  • Олардың өмірлік өз жоспары болады.
  • Олар табыс пен ақшаны, бақыт пен жетістікті шатастырмайды. 
  • Олар өз-өздеріне сенімді.

  • Олар жомарт және мейірімді. Олар адамдарға көмектескеннен ләззат алады. 
  • Олар үнемі өз қателіктерін мойындауға да, оны түзетуге де әзір тұрады. Олар өз әлсіз тұстарын жақсы біледі. 
  • Олар томаға-тұйық күн кешуден бойын аулақ ұстайды. 
  • Олар керексіз дүниелерге босқа уақыт жұмсамайды. 
  • Олардың біреуге қиянат жасамақ түгілі, алдауға ары жібермейді. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: liveinternet.ru, astro-germes.com, facebook.com

А. Әбілхан