Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / 23 ақпан... Не сыйлаймын?

23 ақпан... Не сыйлаймын?

23 ақпан... Не сыйлаймын?

Әйелдер қауымы үшін 23 ақпан қуанышты күн ғана емес,  "Не сыйласам екен?" деген бас қатыратын сұрақпен келетін шешуші сәт. Әкеңіздің, атаңыздың, ағаңыз не сүйіктіңіздің көңілінен шығамын десеңіз, пайдалы да ұнамды сыйлық тарту етіңіз. Дезодорант пен қырынуға арналған көбіктен шаршаған жігіттерімізге осы жолы ерекше сыйлық беруге тырысыңыз. Сіздерге көмек ретінде  шоқжұлдыз бойынша тарту таңдау ережелерін ұсынамыз.

Тоқты. Жұлдыздардың сабын бастайтын Тоқтылар әрқашан күтпеген сый мен таптырмайтын тартулар үшін риза болады, өздері де сондай сыйларды бергенді ұнатады. Егер сіз оған үйге, отбасына қажетті бұйымды сыйласаңыз, әрине ол сыпайы түрде алғыс білдіреді, дегенмен оның көңілі бұған тоймайды. Себебі, Тоқтылар - әдеттегіден тыс, тек өздеріне ғана арналған, ерекше сыйды қалап тұратын жандар. Ер­ Тоқтылар сіз сыйлаған  спорттық, техникалық және саяхатқа керек жабдықтар мен сәнді автомобиль аксессуарларына таңқалатын болады! Қандай тоқтамға келсеңіз де, сыйлық жылтыр қағазға оралған тосын сый болуы керек.

Торпақ. Бұл жандар әдемі және жанға жайлы орамалдарды, қолғап,  былғары бұйымдары мен әшекейлерді,­ қысқасы, күнделікті өмірді салтанатты етіп көрсететін заттарды ұнатады. Ер­ Торпақтарға қымбат галстук, көйлек, былғарыдан жасалған бұйымдар сыйлауға кеңес береміз.

Егіздер. Қуаныңыз, бұл жұлдыздың қожайындары сіздің бағыңызға орай, сыйлық талғамайтын көрінеді. Кез ­келген тартуыңызға қуанып, көңілдері көтеріңкі болады. Егіздер  сіз сыйлаған театр, концерт билеттерін, әуенді үнтаспаларды, кеңсе заттарын, соңғы үлгідегі техника жабдықтарын, әшекейлер мен аксессуарларды қуана қабыл алады. Айтпақшы, құлағыңызға алтын сырға! Егер сыйлығыңыз тым қымбат болмаса, бірден екеуін ұсынғаныңыз дұрыс, өйткені Егіздеріміз табиғатынан жоғалтқыш келеді, сіздің сыйлығыңызды да бір-­екі күннің ішінде жоғалтып алмасына кім кепіл?

ШаянШаяндар да Торпақтар секілді салтанат пен әсемдікті сүйеді. Сондықтан мұндай мерекеде олар туыстары мен жақындарынан киім, әшекей бұйымдары мен аксессуарларды күтеді. Әсіресе осы жұлдызда туылғандар фотоальбомдарға, құмыраларға қызығатын көрінеді. Жігітіңізді сапалы иіссу мен сәнді аксессуарлармен қуанту мүмкіндігіңіз бар.

Арыстан. Арыстандар өзгеден сыйлық алғанға қарағанда, өзгеге тарту еткенді ұнататын дархан көңілді жандар. Дегенмен, шынайы патшалар ретінде Арыстандар әсем, әдемі сыйлықтарды ұнатады. Мейлі ол аксессуарлар, киім, техника жабдықтары болсын. Ер ­Арыстандарымыз қыздар тарапынан қымбат аксессуарлар мен хош иісті иіссуларды күтеді екен! Сіз оған қандай сый берсеңіз де, өзіне кезек келгенде, ол сізге екі еселеп сыйлық сыйлайтын болады.

Бикештер. Бикештер күнделікті қолданысқа арналған тартуларды ұнатады. Олар күнделікті тұрмыста пайдаланатын­, үй шаруасына қажетті жабдықтарыңыз үшін қуанып қалатын болады. Ерлерге автосының күтіміне қажетті құралдар, гаджеттер, сәнді аксессуарлар сыйлағаныңыз абзал.

Таразылар. Таразылардың өзіне қажет емес сыйлықты өзгеге бере салатын әдеті бар. Сондықтан сізге тапсырма: сыйлығыңыз өзінде қалдыратындай ғана емес, айналасына мақтана көрсете алатындай болсын. Егер сүйіктіңіз болса, салғырт қарамағаныңыз жөн. Ер Таразылардың жанына стильді аксессуарлар және кеңсе заттары жақын.

Сарышаяндар. Сарышаяндар әдетте талғампаз келеді. Қорықпаңыз! Шын мәнінде олар кез­ келген сыйлыққа, әсіресе сіздің көңіл бөлгеніңіз үшін риза болады. Ер ­Сарышаяндарымыз экзотикалық сыйлықтарды, мысалы, шет елдерден әкелінген базарлықтарды, ерекше бұйымдарды ұнатады.

Мергендер. Мергендер де Сарышаяндарымыз секілді сыйлығыңыздан бұрын бөлген көңіліңізге назар аударады. Бұл жұлдыздың иелеріне саяхатқа керек жабдықтар, бейнекамера, фотоаппарат, фотоальбомдар, тіпті парашютпен секіру сертификатын сыйласаңыз болады.

Тауешкілер. Тауешкі мырзаларымыз да қолданысқа арналған сыйлықтарды алғанды ұнатады. Олар сыйлығының сапалы болғанына назар аударады. Ер ­Тауешкілеріміздің сіздің тарапыңыздан тарту етілген сәнді гаджеттер мен кеңсе заттарына және ерекше аксессуарлар үшін алғыс айтатынына шүбә жоқ.

Суқұйғыш. Суқұйғыштар өзіне керек заттарды арнайы тапсырыспен алғанды ұнататын жандар. Осы қағиданы бұзбай, сіз де арнайы каталог арқылы жаңа техникалық  жабдықтар мен көлік аксессуарларын тарту етсеңіз өкінбейсіз.

Балықтар. Балықтар үй мен отбасына арналған сыйлықтарға да, жеке басына арналған сыйлықтарға да риза болады. Алайда,  оларға берілетін сыйлықтың бір ерекшелігі болуы шарт. Қиялыңызды іске қосып, Ер балықтарға автомобиль аксессуарларын, сүйікті тобының концертіне билет немесе шет елден әкелінген бұйымдарды тарту етіңіз. 

23 ақпан - 8 наурыздың бастауы. Бұл күн нәзік жандылардың құласа, қорғаны, сүрінсе, сүйеуі болған Азаматтардың мерейлі мерекесі. 23 ақпанды қалай қарсы алсаң, 8 наурызды солай өткізесің... Сондықтан, құрметті әйелдер, қиялыңызбен санасып, кішкене ғана күш салыңыз, екі аптадан кейін сіздің де құшағыңыз сый-сияпатқа, жүрегіңіз шаттыққа толатынына сенімдіміз. 

Сурет miridej.ru сайтынан алынды.

Форумда талқылау.

6454 22
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 20 ақпан 2012, 18:00
Пікірлер
+0
20 ақпан 2012, 21:40

Отан қорғауға бармағандарға не сыйлауға болар екен ))))))))))))))

+0
20 ақпан 2012, 23:17

Ол жайлы бұйыртса мамыр тақағанда жазармыз )))

+0
21 ақпан 2012, 10:22

Тоқал алып бар алмай қалдым! Маған не сыйлайсыз?

+0
21 ақпан 2012, 09:54

суқұйғыштар туралы жазылғанмен келіспеймін. бірақ осыны оқымай тұрып, ай, маған керемет бірдеңе сыйға тартыңдар деп айтайын деп жатыр едім, ұялып қалдым, мынауым шынымен де арнайы тапсырыс болып кетті ғой)))))) 23 ақпан, неге екенін білмеймін, маған ұнайтын мереке! мүмкін, өткен дәуір нышандарының барлығын құрметтейтіндіктен шығар. осы жерде маған бір идея келді! эстафета бастайын!

+0
21 ақпан 2012, 09:59

оо, Ботикке шабыт келді!

+0
21 ақпан 2012, 10:23

Маған Үлкен таяқ сыйлаңдаршы! Тоқалдарымды ұрып тұрайын!

+0
21 ақпан 2012, 10:50

Игіт тағы келді жолбарыс терісін жамылған қой...

+0
21 ақпан 2012, 11:56

)))))))))))))))))) тошноооооо!!!!!!!!

+0
21 ақпан 2012, 13:38

Сіз ерекше екенсіз! жапон мультигіндегі цейрормунға ұқсайсыз! Маған тоқал боласыз ба?

+0
21 ақпан 2012, 13:41

Қазақтың қыздарын өзге ұлт қыздарына ұқсатқанды жақтырмаймын!!!

+0
21 ақпан 2012, 14:02

Қазаққызы не аспаннан түсті ме?

+0
21 ақпан 2012, 14:07

әлбетте!!!

+0
21 ақпан 2012, 14:15

Қазақ қызы уақыт өте келе тура Европадағы секілді болып кетеді! Еш тарихын, салт-дәстүрін білмей! Еліктеушілігін қоймаса? одан да маған тоқал болса болды, аман қалады!

+0
22 ақпан 2012, 02:26

Тоқал тоқал деп қақсап қалдыңыз ғо, соған қарағанда бір әйелге зар боп жүргенге ұқсайсыз....

+0
22 ақпан 2012, 16:36

Маған тоқал болғың келіп тұрсың ба?

+0
22 ақпан 2012, 20:10

Хе хе ))))))) , сізге ме...

+0
23 ақпан 2012, 09:19

ЕНДІ бізге де аз қалды го! Бір аяғымыз анау дүниеде, бір аяғымыз осы дүниеде! Соны түсініп келсей маған!

+0
23 ақпан 2012, 10:57

Қыздар!!! Бүгін біздердің мейрамдарымыз! не сыйлайсыңдар???

+0
23 ақпан 2012, 16:40

кімге, не сыйласам еееееекееееееен??????????????

+0
23 ақпан 2012, 17:26

Маған тоқал сыйлашы!!!

+0
23 ақпан 2012, 19:16

Әскерге барып келген ағалар мен інілер, мейрамдарыңызбен!!!

+0
24 ақпан 2012, 08:40

Мен кезінде тағдыр жазуымен бармай қалғанмын! Бізді сонда құттықтамағаныңыз ба?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...