Жаңа Жылдан кейін жұмыс болмаса...

Жаңа Жылдан кейін жұмыс болмаса...

Жаңа Жылдық отырыстар артта қалып, алғашқы жұмыс күні өтуде. Жылдың басында жұмыс аз болып, жалығып қалсаңыз, мына кеңестерді қолданып көріңіз.

  • Жұмыс үстелін жинаңыз. Бұл ұсыныс онша қызықты болмаса да, пайдасы мол болары анық. Әдетте жұмыстың көптігі сонша, үстеліңіздегі кір ыдыстар, ескі қағаздар, тіпті тағам қалдықтарын да лақтыруға уақытыңыз болмайды. Ендеше бос уақытты бір пайдалы іске жаратыңыз.
  • Жұмысыңызға қатысты кітап оқыңыз. Маманданған салаңыздағы әдебиетті жұмыстан тыс кездері оқудың сәті түспейді. Ал жұмыста ылғи уақыт табылмайды. Қазіргі жұмыстағы тыныштық бұл үшін мінсіз кез. Кеңседегі уақытты бос құртпай, қызметіңіздегі біліміңізді де өсіресіз.
  • Логикалық есептер шығарыңыз. Ми бірсарынды жұмысқа тез үйреніп, нәтижесінде дамымай, бір орында тұрады. Миды ойландыру үшін, логикалық есептер шығарып көріңіз. Бұл үйреншікті жұмысты орындауда көмектесіп, қайталанатын жұмысқа басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді.
  • Қызу жұмысқа дайындалыңыз. Әдетте "тыныштықтан" кейін қызу жұмыс күндері келеді. Сол үшін жұмыстағы ұсақ-түйек шаруаларды жасап бітіріп, компьютердің ішін тазалап, қажетсіз файлдарды өшіріп отырыңыз.

Ал сізде бүгін жұмыс көп пе?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: ehow.com

С. А