Апта кеңесі: Сүю мен бақыт өз қолыңда

Апта кеңесі: Сүю мен бақыт өз қолыңда

Әкесі машина жуып жатыр, баласы қолына тас кесегін алып көлігінің есігін сызып тастады. Қатты ашуланған әкесі ұлын таяқпен салып жіберді, соңынан ұлын құшақтап емханаға жүгірді, тексеру нәтижесі оның қол сүйегі сынғанын дәлелдеді. Әкесіне ұлы бәсең үнмен: «Әке, қолым жазылып кетеді, алаңдамаңыз. Кешіріңіз, ендігәрі олай істемеймін» - деді.

Әкесі іштей қатты назаланып, сыртқа жүгіріп шығып көлігін тепкілей жөнелді, сонда ғана ұлы көлік есігіне «әке сізді сүйемін» деген жазу жазғанын көрді.

Кей істерге шешім жасаудан бұрын анық-қанығына көз жүгіртіп барып, бір байламға келгеніміз жөн болар.

***

Аналы-балалы арыстан орманда келе жатады. Баласы анасына:

- Шеше, бақыт, сірә, қайда?

Анасы:

- Бақыт өзіңнің құйрығыңда.

Сонымен баласы тоқтамай өз құйрығын қуалаумен болды, бірақ, тістей алмады. Анасы күліп тұрып: «Ақымақ бала, бақыт деген бұлай қолға келмейді! Тек сен тоқтаусыз алға бассаң, бақыт сонда ғана сенен қалмай ілесіп бірге жүреді» - деді.

Әр нені бір бағыт, бір жақтан іздегеннен гөрі, батылдықпен алдыға ілгерілей берсең табыс пен бақыт сенен алыстай қояр дейсің бе?!

***

Жігіт қызға неке талабын қойғанда тек бір ауыз сөз айтты: «Маған сен!»

Әйелі тұңғыш қызына босанғанда, ол оған: «Қиналдың-ау!» - деді.

Қызы тұрмысқа шыққанда, әкесі оның иығына қолын қойып: «Міне, мен бармын» - деді.

Күйеуі жарының ауруы салмақты екенін білгенде: «Мен қасыңдамын» - деді.
Оның ауруы асқынып, көз жұмар алдында, күйеуі оның маңдайынан иіскеп тұрып жай ғана: «Мені күт» - деді.

Жігіт сүйген жарына «Мен сені сүйем» дегенді ешқашан айтқан емес, бірақ, сүю олардан мүлдем алыстап көрмеген.

«Сүйемін!» деп айта алмайтын адамдар көп-ақ, бірақ, оларды сүйе алмайды деуге кімнің батылы барсын...

Аударған: Бегарыс

Дайындаған: Мейіржан Әуелханүлы

Сурет: vdovgan.ru

M. Auelkhan