Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қайғыны құмға, қуанышты тасқа...

Қайғыны құмға, қуанышты тасқа...

Қайғыны құмға, қуанышты тасқа...

Достар! Міне, осы сөздің өзіне біз көбіне мән бермейміз... Қит етсек, кетіп қалуға, араласпай қоюға шеберміз. Қаңқу сөз, жаман іс бола қалса, шешім жасауға, досымыздың жақсы-жаман екенін айтып, тұжырым жасауға құштармыз. Төмендегі жазбадан соң кешірімді, қайырлы болуға асығатыныңызға кәміл сенемін.

Көрші

Көршілер бірдей-ақ жағдайда, бірдей-ақ әлеуметтік жағдайда өмір сүріпті. Аязын сүйретіп бұлардың аулына қыс келіпті. Бірі әбден ұйықтап алып, далаға шықса, қар әлсін-әлсін түскен екен. Сүт пісірім уақытта қырып-тазалап біткен ол бір уақта көршісінің үйіне қарайды. Онда адам жүретін жол ғана тазаланғанын көріп, еріншектігіне басыпты деп үйіне кіреді. Екінші күні қар тазалауға шыққан ол көршісінің үйіне қарай көз тастайды. Әлгіндегідей адам жол жүретіндей ғана жер тазаланыпты. Бұл қайта еңбектеніп, қарды тазалаған соң, үйіне кіреді. Үшінші күні таң ертеңмен шығып, көршісінің үйіне қараса, сол адам жол жүретін жер тазаланып қойыпты. Таңданысын жасыра алмаған ол көршісінің үйіне барып, мән-жайды сұрамақшы болады.

- Сен мына қарды қашан тазалап үлгеріп жүрсің?

Сөйтсе, көршісі күлкісін жасыра алмай:

- Өй, досым-ау, мен қарды тазаламаймын, тек маған достарым көп келеді,-деген екен.

 

Асар

Жігіттік жасқа жетіп, үйленуге дайындық жасап жатқан баласы әкесінен көмек сұрайды. Уақыты жетпегендігінен барлық шақыру билеттерін жазып, таратуды әкесіне тапсырған ол өзге жұмыстарымен бас қатырады.

Үйлену тойы басталған кезде көп достарының ішінен бірен-саран адам ғана келіп, қонақ болыпты. Сонда баласы әкесіне ренжіп, не үшін таратпағанын сұрайды екен. Сонда әкесі барлық шақыру қағаздарын таратқанын айтып, ақталады. Әкесі тек шақыру қағазының мәтінін өзгертіпті. Шақыру қағазында мынадай мәтін болған екен – «Балама көмек керек. Асарға шақырамыз!»

Соққы

Екі дос бір кезде бәстесіп қап, бірі екіншісін соғып қалған екен. Соққы жеген досы құмның бетіне «Бүгін менің ең жақын досым мені ұрды» деп жазып қояды. Екі дос орманның ішімен келе жатып, өзенге тап болады. Оны жүзіп өтпек болғанда, әлгіндегі соққы жеген досы тұншығып, досын көмекке шақырады. Дер кезінде жеткен досы оны құтқарып алады. Сонда ол тастың бетіне қашап «Бүгін менің ең жақын досым мені өлім аузынан алып қалды» деп жазды. Сонда оған көмектескен досы айтады:

- Мен сені ұрғанымда неге оны құмға жаздың да, ал құтқарғанымда оны тастың бетіне қашап жаздың?

Сонда досы былай деген екен:

- Жақын достарымыз бізді ренжіткенде, оны жел сүртіп алатындай етіп құмға жазу керек, ал сол достарымыз бізге жақсылық әкелсе, оны ешқашан ұмытпастай етіп тастың бетіне жазуымыз керек.

P.S. Өкінішті құмға, қуанышты тасқа жазып үйренейік, достар!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: fresher.ru

666 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 24 желтоқсан 2012, 18:26
Пікірлер
+0
24 желтоқсан 2012, 22:32

Соққыны бір жерден оқыған сияқтымын, әлде апайым айтқан, әйтеуір есімде бар екен! :geek:

+0
24 желтоқсан 2012, 22:48

Достық туралы жақсы жазбалар топтамасы екен. Ия, қайғы көп адам достаса алады. Қуанышқа оның көбін таба алмайсыз. Қайғыда да қуанышта да табылатын достарыңыз көп болғай

+0
24 желтоқсан 2012, 22:48

Jaksy mysaldar eken)

+0
24 желтоқсан 2012, 23:22

Осы мақаланың мазмұнын түгелдей етіп, бір кісілер айтып беріп еді, маған күнде осындай жақсы нәрселер айтатынына қуанамын...

+0
24 желтоқсан 2012, 23:25

Өкінішті құмға, қуанышты тасқа жазып үйренейік, достар! Жақсы формада бере біліпті. Респект!

+0
24 желтоқсан 2012, 23:43

Ex adamdyktan ainymaiyk tek

+0
24 желтоқсан 2012, 23:43

Апам марқұм "Көршімен тату болы керек" дегенді үнемі айтатын. Расында да, көрші туысыңнан да артық болады. Сондықтан да көрші, туыс, достармен үнемі тіл табысып жүру керек. Ренішті жүректе сақтамай, іштен тынбай, барлығына түсіністікпен қараған абзал

+0
24 желтоқсан 2012, 23:49

Көрші туралы бір жазба болса, шіркін, тың тақырып массагеттіктерге :)

+0
25 желтоқсан 2012, 00:10

Ренжітсе жақсы кұм іздемей ақ қарға жазармыз,ал жақсылық жасаса тасты қайдан табамыз :)

+0
25 желтоқсан 2012, 01:05

Адам расында да, тұжырым жасап, судить етуге мәстір ғой! Жүйкені жұқартатындар да осы әдетіміз!

+0
25 желтоқсан 2012, 01:07

ренішті суға ма?

+0
25 желтоқсан 2012, 01:11

Буға! :) шынымен де, адамды бір ісіне қарап бағаламауымыз керек

+0
25 желтоқсан 2012, 01:40

dos bolganga ne jetsin! dosi kopti jau almaidi degen ra soz

+0
25 желтоқсан 2012, 07:39

иә...

+0
25 желтоқсан 2012, 09:43

Мағыналары терееең екен,,, ойы таяздар расымен тас іздеп кетер...

+0
25 желтоқсан 2012, 11:38

ойландырады, рахмет!

+0
01 қаңтар 2013, 00:08

Шіркін шын достарын коп болганга не жетсин!Коршіге келсек,атам қазақ "жер алма көрші ал "деп не үшін айтты дейсіз! Қос үйді қоса қондырмайтын көршілер де болатынын біле жүрейікші! 8-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...