Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Дүйсенбіде неден қашық болу керек?

Дүйсенбіде неден қашық болу керек?

Дүйсенбіде неден қашық болу керек?

Біз сіздерге осыған дейін аптаның дүйсенбісі туралы дүбірлі ақпарат беріп өткен едік. Бүгін соның ізін жалғай, дүйсенбіде неден қашық болу керектігі туралы айтып өтпекпіз.

  • Дүйсенбі күні дәрігердің қабылдауына жазылмағаныңыз дұрыс!

Дүйсенбі күні дәрігерге қаралуға сәтсіз күн деп есептеледі. Мұны Глазго университетінің ғалымдары дәлелдеп отыр. Дәрігерге қаралып, мазалап жүрген жәйтпен бөліскіңіз келсе, аптаның басқа күнін таңдаған дұрыс. Бәрі де "дүйсенбі синдромына" байланысты. Мұндай дертке тек біздер ғана емес, сонымен қатар, дәрігерлер де шалдығады. Дүйсенбі – көбіміз үшін ауыр күн. Осы күні көбісі дәрігерлерге жүйке жүйсесінің мәселерімен қаралады екен. Кейбіріміз үшін аптаның барлық қиын мәселесі осы күнге жиналып қалғандай көрінеді. Жұма жақындаған сайын адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі болары рас. Дәрігерлерге көрінерде дүйсенбіні таңдамаған дұрыс. Әрине, тек асқынып бара жатқан дертіңіз болмаса... Шотландиялық ғалым да осыны құптай келе, "қаралушылар дәрігер қабылдауына басқа-басқа, тек дүйсенбі күні жазылмауға тырыссын" деп айтып өтеді. 

  •  Дүйсенбі күні нәзік жандылардың көз жасына қалмаңыз!

Шетел ғалымдарының мына бір зерттеуін айтпай өте алмаспыз. Әйел адамдардың 65 пайызы аптаның дүйсенбісінде көз жасын бір сығып алады екен. Демек, нәзік жандылардың жартысынан көбі дүйсенбі күні түрлі жағдайға байланысты жылап алады. Жанардан аққан жастың көбі екеуара ұрыстан болады. Әйел адамдар басқа күндері де ренішін жасырмай жүруі мүмкін, тек олар қалған күндері шыдап жүрсе де, көбіне дәл осы дүйсенбіде көз жасын тыя алмайды екен.

  • Дүйсенбі жұмыстан қалмаңыз! Тіпті кешікпеңіз де!

Дүйсенбі күні бастығыңыз ерте келіп, жұмысшыларын бір түгелдеп шығуы мүмкін. Сонда көзге ілікпей қалып жүрмеңіз. Кешегі күн қандай қиын болса да, жұмысқа ерте келіп алыңыз. Дүйсенбі – "жол кептелісінің дәурені". Мұны сіз білесіз, ендеше қоңыраудың алғашқы шырылынан-ақ тұра салыңыз. 

Біз бұған дейін сіздерге аптаның ең ауыр күні жайлы мағлұмат беріп те өткенбіз. Біз үшін ешқашан аптаның ауыр күні болмасын деп тілейік! Ал сіздің дүйсенбіңіз қалай өтіп жатыр?

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: facebook.com, damopedia.ru, strana-sovetov.com

6803 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 22 сәуір 2013, 10:57
Пікірлер
+0
22 сәуір 2013, 10:04

Бүгін жұмысқа құлшынып келдім. Сағат тілімен жарысып ) Дәрігерге барам деген ойымнан айныдым :roll:

+0
22 сәуір 2013, 11:25

Аптаны қалай бастасаң солай болады дейді ғой)))

+0
22 сәуір 2013, 12:56

мен үшін дүйсенбі демалыс күндерімнің бірі)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Менен сізге 7 кеңес
Менен сізге 7 кеңес

...есімнен адасатын шығармын...

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы...


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...