Егер әлемде 100 адам өмір сүрсе...

Егер әлемде 100 адам өмір сүрсе...

Бүгін сізге қызықты әрі пайдалы, тәрбие беретін жазба ұсынбақпын. Мұның басты формасы – салыстыру. Жалпы адамзатты – кішкене ғана ауылға теңеу идеясы аргентиналық «La Primera» журналының жаңалығы. Жер бетіндегі адамзатқа ең оңай сипаттама беруді Ресейдің атақты журналисі Владимир Познер де көрерменге оқып беріпті. Ал енді, сол салыстыруға көшсек...

Егер әлемде 100 адам болса, оның 57-сі Азиядан, 21-і Еуропадан, 14-і Америка құрлығынан болса, қалған 8-і Африка құрлығынан шығады екен.

Егер әлемде 100 адам болса, 6 адам әлем байлығының 59 пайызын иеленген бай болады. Сол алтауы да Солтүстік Америка азаматтары болмақ екен. Ал 80 адам кедейлікте ғұмыр кешеді.

Егер әлемде 100 адам болса, оның 70 адамы қаріп танымайтын болады. Әр күні бір адам өліп, оның орнына бір адам туылады.

Егер әлемде 100 адам болса, оның біреуінде ғана жоғары білім және компьютер болады.

Минимализм тәсілі арқылы салыстырудан не ұғамыз? Оны да айтайық...

Егер сіз ертең аман-есен ұйқыдан оянсаңыз, сіз бақыттысыз, себебі апта соңына дейін өмірден өтетін адам саны тура миллионға жетеді.

Егер сіз соғыстың азабын тартпасаңыз, аштықта болмасаңыз, азаптаушылықты көрмесеңіз, бақыттысыз! Себебі жер бетінде осы азаптарды көрген адам саны жарты миллионға жетіп жығылады.

Егер сіздің тоңазытқышыңызда азық сақталып тұрса, көйлегіңіз көк, тамағыңыз тоқ әрі баспанаңыз болса, сіз әлемдегі адамдардың 75 пайызынан бақуаттысыз.

Ал егер де банкта жеке есебіңіз болса, онда сіз жер бетіндегі ең бай 8 пайыз адам қатарындасыз.

Егер осы жазбаны оқып отырсаңыз, сіз жер бетіндегі қаріп танымайтын 2 миллиард замандасыңызға қарағанда бақыттысыз.

P.S. Ойланатын жағдай ма? Егер әлемде жүз адам болса, сіз міндетті түрде бақытты болар едіңіз! Енді осыдан кейін мұңайып көріңіз!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: fastcompany.com

А. Құлтай