Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Әсіре сезімталдықтың адам өміріне әсері

Әсіре сезімталдықтың адам өміріне әсері

Әсіре сезімталдықтың адам өміріне әсері

Адамның сезу түйсігі, сезіну деңгейі, сана-түйсіктің адам өміріне әсері туралы біраз дүниелер ақтарып көргенім бар еді. Психология ғалымы емеспін. Дегенмен оқыған, санама түйген оқиғаларды сіздермен бөлісейін. Арғы жағын өзіңіз-ақ ойлап жетерсіз.  Сезім-түйсіктің адамға етер әсері алапат. Түйсік алдымен адам санасына сенім сыйлайды. Сөйтеді де, сол сенімнің жетегіне бүкіл өміріңіздің қалай еріп кеткенін сезінбей қалады екенсіз. Мына оқиғаларға назар аударып көріңіз.

Шет елдің бірінде болған мына бір оқиға таң қаларлық. Бірнеше университеттің студенті бірлесіп, бір жаңа студенттің қолын байлап, екі көзін тас қараңғы етіп таңып тастап, пойыз жүрмейтін ескі темір жолдың үстіне жатқызған. Ал жәбірленуші бұл жолда пойыз жүрмейтінін мүлде білмейді. Тек өзінің темір ол үстінде жатқанын біледі. Ал жаңағы студенттердің ойларында тек оны қорқытып қою болған. Алыстан пойыздың жақындап келе жатқан дауысы анық естілген. Әлгі студент барынша жанталасқан, аз-кем тыпырлаған соң қимыслыз қалған. Ал пойыз жаңа темір жолмен өтіп кеткен. Аздан соң оның байлауын шешіп, көзін ашқан жігіттер оның әлдеқашан жан үзгенін байқаған.

Тағы бір мысал, Африкада өмір сүретін бір тайпаның жап-жас атпал азаматы 24 сағат ішінде қиналып жан тәсілім еткен. Оған бар себеп, америкалық досы қырғауыл етінен тағам пісіріп бергендігін айтқаны ғана екен. Ал шынында бұл тайпада қырғауыл етін жемеу туралы дәстүр бар еді. Ал тамақтанып болған соң, өзінің байқамай қырғауыл етінен жасалған қуырдақ жеп қойғанын естіген соң, өзінің осыншама күнәға барғанын білген азамат еш ауру-сырқаусыз-ақ өліп кеткен.

Америкалық электр жұмысшысы үнемі әйеліне өзінің токқа түсіп өлуінен қорқатынын айтып жүреді екен. Өзінің айтқан қорқынышы шынында да өз жанын жалмаған. Қолы абайсызда жоғары кернеулі ток сымына тиіп кетіп, жан үзген. Онымен қоймай өне бойы қарайып, күйіп кеткен. Оқиға орнына келген заң дәрігерлерін таң қалдырғаны оны қолы тиген электр сымында ешқандай да ток болмағаны.

Дәл осыған ұқсас оқиға Ресейде де орын алған. Абайсызда ет сақтайтын мұздатқыш вагонға қамалып қалған жұмыскер оқиға орнында жан тәсілім еткен. Тек ертесі ғана есікті ашып қараған адамдар оның үсіп өлгенін байқаған. Таңғаларлығы сол, вагонда да ешқандай мұздату құрылғысы іске қосылмаған. Вагонның бірнеше күннен бергі температурасы сырттыкімен бірдей болған. Ал дәрігерлер оның тұншығып, немесе қорқып емес, қайта шынымен де үсіп өлгенін дәлелдеген.

Сезім-түйсіктің адам өліміне себепкер болатынын кейбір ғалымдар физиологиялық тұрғыдан дәлелдейді. Қатты қорқу немесе шамадан тыс ашуланудан пайда болған түйсік бір-біріне қатты ұқсас. Әрі екеуі де адам денесіндегі қан қысымын барынша төмендетеді. Кейбір дене мүшелеріне қан жетіспей қалады. Нәтижесінде адам өз жанын барынша сақтап қалуға тырысады. Бұл туралы бір ғалымның тәжірибесі көптеген оқырмандарға белгілі болса керек. Ол өлім жазасына үкім етілген қылмыскерге тәжірибе жасаған. Қылмыскерге қиналмай өлу үшін, көзін таңып, тамырын кесетінін алдын ала ескерткен де. Көзін байлап, тамырын кескен секілді ишарат жасаған. Сосын мүлде сап-сау білегін суға салып қойған. Нәтижесінде қылмыскердің жарты сағатқа жетер-жетпес уақытта тынысы тоқтаған. Бірақ күні бүгінге дейін шешімін таппаған бір мәселе адам неден қорықса сол қалпында және сондай өліммен өлетіні. Бұған дәлел, токқа түсіп және үсіп өлген екі адам ғана. Олардың денесінде не үшін сондай белгінің байқалғаны туралы...

Кейбір адамдардың өміріне дәрігерлердің қате диагнозы да қауіп төндіреді екен. Айықпас дертке шалдыққан ауруға сол шешім естіген сәттен бастап, өне бойындағы әрбір клетка, әрбір жүйке тамырлар бірте-бірте өміршеңдігін жоғалта бастайды екен.

Мұның бәрі адам денесінде болатын әсіре сезімталдықтан. Сондықтан да біреуге мәміле жасауда барынша абай болған абзал шығар. Өйткені, оның көңілге жара салған әрбір сөзің оның денесіндегі қаншама микро тіршіліктің тоқтауына әкеліп соғатынын дәл осыдан бастап мөлшерлей аласыз. Біреуді жұбата айтқан әрбір сөзің оның жүрегіне қаншама өміршеңдік сыйлайтынын да ұмытпаған жөн. 

Әсіре сезімталдық бар адамда болатын қасиет. Мейлі қандай жағдайға жолыққан сәтте де осынау қорқыныш пен үрейлі түйсіктен арылу керек екенін ескертеді психология мамандары. 

Автор: Алшын Матай

Сурет: baidu.com, vk.com

6333 10
Рейтинг: +11

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2012, 19:33
Пікірлер
+0
19 желтоқсан 2012, 19:08

"Жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табады" деген осы болар. Ойлағанда, сөйлегенде өте-мөте абай болу керек. Бір рет өте жайсыз оқиға болған өмірімде. Бәрі сол бір ойымның кесірі. Жазба ұнады.

+0
19 желтоқсан 2012, 19:27

Адамдар көбіне бір-бірін алдап, кейінде өкініп қалып жатады. Әзілі дұрыс өтпегендігінен емес-ау, оған жауап - осы мақала. Ойынға да, қойынға да абай болайық :mrgreen:

+0
19 желтоқсан 2012, 22:55

Жоғарыдағы өмірден өткен адамдардың барлығы да психикалык тұрғыда өз-өздерін суықтан, токтан, пойыздын астына түсіп, колым кесіді деп сендіріп, сосын өмірден өтіп кеткен гой. Психиологияда да бұл зерттелген. Егер сіз бір нәрсеге қатты сенсеніз, сол орындалады. Мұны кейбіреулер тартылыс заңы деп те жатады.

+0
19 желтоқсан 2012, 23:33

Aldynda jide jalgyz kalganda osygan uksas jagdai boldy aren sabyrga keldim juregim dursildep demim bitip kala jazdady

+0
19 желтоқсан 2012, 23:41

Солай, Айка, бұл тек әсіре сезімталдықтан. көз алдыңда сайтан бар деп сенім байладың ба, ендеше дәл сенің көз алдыңдағы өзің ойлаған сайтан. Тек жүректі орынсыз жағдайға сендіре бермеу керек.

+0
20 желтоқсан 2012, 09:12

шынымен де, а то сол кезде кәдімгідей қиналып кеттім. Тып тыныш отырып жүрегімді ауыртып алдым, бір кісі телефон шалып сабыр деп көңілімді аулағасын басылды. Бар нәрсе өз санамызда екен

+0
20 желтоқсан 2012, 00:09

Бұны самовнушение дейтін бе еді?

+0
20 желтоқсан 2012, 01:02

иә, внушение дейді. внушениенің 2 түрі бар: самовнушение яғни өзі ойлағани нәрсесінің міндетті түрде шынға айналуы (жоғарыда айтылғандар) және сырттан әсер ететін внушение, яғни адамдардың айтқанына сеніп соның шынға айналуы. Оған мысал ретінде, бұрын Парижде туберкулезбен ауыратын науқастарға медбике былай деген екен: "Бізге ертеңнен бастап қымбат күшті әсер ететін дәрі келеді, енді соны қабылдайсыздар" содан кейін науқастардың денсаулығы жақсарады. Ал ол дәрі олардың бұрыннан қабылдап жүрген дәрілері екен...

+0
20 желтоқсан 2012, 12:56

Әсіре сезімталдықтың керек тұстары да болады. ал мынадай сәттерде қорқыныш санаңды билеп алса, тіпті одан да армен зардап тартуың мүмкін. ал ана денесі күйіп кеткен адам мен үсіп өлген адамның ажалы таңғаларлық екен. ғажап.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...