Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Мінезіңіз кіммен үйлеспейді?

Мінезіңіз кіммен үйлеспейді?

Мінезіңіз кіммен үйлеспейді?

Адам сан түрлі мінезге ие. Екі аттас зарядтардың тартылып, бір аттас зарядтардың тебісетіні секілді адамдар да кейде бір-бірінің мінездерімен үйлеспей жатады. "Екеуміздің мінезіміз бірдей болған соң ба, біз ұрсысып қала береміз" деп жатамыз. Ол рас. Қандай жандар бір-бірімен үйлеспейді? Бір мінезді адамдардың отбасы қандай болады? "Өзімді-өзім тәрбиелеймін" сабағының да келесі тақырыбы - осы...

Екі шатақ мінез біріксе, пішкен тондары келте болып шығады. Өйткені бірінің айтқанын бірі тыңдағысы келмейді. Біріне бірі тағы бағынғысы келмейді. Әркім өз айтқанын жасағысы келеді. Олардың былай тартып арбаны сындырып, былай тартып өгізді  өлтіріп алатыны да сондықтан. Сол секілді қырсық мінезділер, тез ашуға берілгіштерді де осы қатарға жатқызуға әбден болады.

Екі момын бірігіп те іс алға баспас. Басқалар жөнсіз басынып алады деп қауіптенеміз. Мұндай жұптарға айдағанға жүріп, айтқанға көнуге тура келеді. Момын жандар тек іштен тынады. Олар арам ойға ерік бермейді. "Онда тұрған не бар екен?", "Бір мәнісі болар", "Амалын табармыз" деп әліптің артын бағып жүреді де қояды. Олар біреуді ренжітіп аламыз ба деп артық сөзге бармайды. Әлдебіреудің көңіліне қаяу саламыз-ау деп көп жерде тілін тыяды. Кейде осы екі момын қосылып күн кешу мына заманның талабы емес секілді болып көрінеді.

Ал екі сабырлы жан біріксе, ол басқа әңгіме. Сабырлы мінез адамды адастырмайды. 

Екі үнемшіл қосылса, шалқыған байлыққа кенеледі. Бірақ олар үнемі "Жоқ, жоқтан" өзгені ауызға алмайды. 

Екі сайқымазақ қосылса, отбасы сырттай тамаша көрінгенмен, іші лас болады. Олар жүрген жерлерінде елді қыран-топан күлдіріп жүреді. Бірақ олар іштей ойсырап жүреді. Өздерін күлкімен емдейді. 

Екі қошқардың басы бір қазанға сыймағандай, екі бастықтың да басы бірікпейді. Әрқайсысы өзінше басқарғысы келеді. Әркім өз әмірін жүргізгісі келеді. Бір-бірінің арасында бақталастық туып, соңы жақсылыққа апармайды. 

Екі түрлі мінезді адамдар кейде өзара жарасып жатады. Бірінің  тілін бірі тауып шүйіркелесіп кетеді. Өйткені олар бірі көтерілгенде бірі басыла қалады. Ондай жандар кешірім сұрауға келгенде де қыңырлық танытпайды. 

Мінез - адамның маңызды қасиеттерінің бірі. Адам мінезімен көркем. Қыңыр мінездің қырын түзейтін де, асау мінезге тұсау салатын да өзіңіз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: facebook.com

4858 8
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2012, 17:08
Тегтер: мінез, адам,
Пікірлер
+0
19 желтоқсан 2012, 17:49

Мінез деген өте қиын ғой........ Мені түсінсе.........

+0
20 желтоқсан 2012, 14:29

Сізді түсінсе оңай демексіз ғой? :)

+0
19 желтоқсан 2012, 22:59

Мен плегматиктікпін. Ол Сангвиник. Кейде тәп-тәуір келісеміз. Кейде қырсығып қалатынымыз да бар

+0
20 желтоқсан 2012, 00:05

Бәрібір екі бірдей мінез келісе қоймайтын секілді...

+0
20 желтоқсан 2012, 13:13

Мақтаншақ, ұсақшыл (мелочник), күлегеш адамдармен мінезім үйлеспейді.

+0
21 желтоқсан 2012, 12:41

AKERKE baskany bilmeiim senin minezin unaidy magan

+0
26 желтоқсан 2012, 17:48

уау, ырахмет Мұрат аға! Шындықты мойындау керек негізі :D

+0
26 желтоқсан 2012, 21:22

Мінезің жақсы болса,барлық жерге сыярсың.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...