Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Бүгінгі әңгімеміз достық жайлы

Бүгінгі әңгімеміз достық жайлы

Бүгінгі әңгімеміз достық жайлы

Бірде достық пен махаббат кездесіп қалыпты. Тәкәппар Махаббат салған жерден мақтанып: «Мен сұлумын, сүйкімдімін. Жұрттың бәрі де мені сүйеді. Менсіз ғұмыр мағынасыз. Ал сені кімге керегің бар?» депті лепіріп. Тегінен кішіпейіл достық: «Мен сен кеткен соң артыңда қалған көз жасын сүртуге керекпін» депті де жүре беріпті.

«Біз қоштасқан соң «жау» бола алмадық. Себебі, бір-бірімізді шын сүйетін едік. Қоштасқан соң дос та бола алмадық. Себебі, бір-бірімізді шын сүйетін едік. Бұл сезімді тек достықпен ғана шектеп қалу әсте мүмкін емес еді» дегені бар еді бір досымның мұң шаға отырып. Достық махаббатқа айналуы бек мүмкін. Ал бірақ, махаббаттың достыққа айналуына өз басым содан былай сенбеймін.

Шынайы достық жайлы ойланғанымда санама сансыз мысалдар орала береді. Құр сөзбен оның мағынасын, адалдығын жеткізу мүмкін де емес шығар.

Соғыс кезі, айналадан ұшқан оқ қаншама есіл ерлерді баудай түсіріп жатыр. Окоп ішінен басыңды қылт еткізсең болғаны жұлып түсірердей. Әлдеқашан оққа ұшқан досының жанына баруға жас жауынгер командирден рұқсат сұрайды. Сенер-сенбес көзімен барлай қараған командир үнсіз тұра береді. Қайталай өтініш жасаған жауынгерге оқты көзін ата қарап:

- Есің дұрыс па? Мынадай оқ ішінде ме?! Ол әлдеқашан оққа ұшты. Бізге әлі шабуылдау бұйрығы түскен жоқ!- дейді.

- Баруым керек, командир, оның өлгенін білемін. Сонда да сөзсіз баруым керек.

Командирдің үнсіздігінен рұқсат алғандай, окоптан атылып шыққан жауынгер тозаққа айналған қан майдандағы от пен оқ ішінде серігіне қарай жүгіре жөнеледі... Сәлден соң бағына орай аман қалып, аз ғана жарақат алып, қайта оралған жауынгерге командир:

- Айтпадым ба? Ол әлдеқашан өлді.

- Иә, командир мырза, ол өлді. Бірақ, мен барған сәтте басын көтеріп «Келеріңді біліп едім» деген жалғыз ауыз сөз айтты да, өз қолымда жан үзді...

Әлде естігем, әлде бір жерден оқығам. Әйтеуір, санамда қалған осы бір әңгімеден соң достық жайлы не айтуды білмеймін. Саналы оқырманға бірдеңе айту да артық шығар. Тек осы бейбіт өмірдің өзінде адал, сеніскен достар үшін титтей де болса ерлік жасай алдық па?!

Жалғыздықтан жабырқаған сәттерімде, махаббаттан тауым шағылған кезімде, әлде бір жақынымнан мәңгілікке айырылған сәттерімде, досым, «мен сенің келеріңді біліп едім!»

Автор: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

6308 7
Рейтинг: +12

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2012, 14:51
Пікірлер
+0
19 желтоқсан 2012, 10:23

махаббат ешқашан достыққа айналмайды)

+0
19 желтоқсан 2012, 10:43

екеуін салсытыруға да болмайтын шығар, себебі екеуі егіз ғой

+0
19 желтоқсан 2012, 10:59

махаббаттың достыққа айналуы мүмкін жағдай емес. расымен, қиналғанда сыр бөлісетін, қол үшін беріп көмектесетін, ақыл-нұсқайын айтатын шын достарға ешкім де жетпейді

+0
19 желтоқсан 2012, 11:03

Шын достар бар, бірақ достық та махаббат секілді бір сәтте үзілуі мүмкін.

+0
19 желтоқсан 2012, 11:28

Мен сен кеткен соң артыңда қалған көз жасын сүртуге керекпін

+0
19 желтоқсан 2012, 22:11

маған осындай әнгімелер ұнамайд :x

+0
19 желтоқсан 2012, 22:12

әр кезде әр түрлі әнгіме ой айтылады бірақ түпкі ойы бір ғой : досыңды қадірле , досыңды сат па , дос керек , досың болмаса жаман анау мынау тағы басқа

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...