Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Не деген қырсық қыз едің!..

Не деген қырсық қыз едің!..

Не деген қырсық қыз едің!..

Құрметті оқырман,  "Өзімді-өзім тәрбиелеймін" сабағын жалғастырмақпыз. Бүгінгі сабағымызға арқау болып отырған тақырып - қырсықтық. "Қайсыңыз осы қылықты махаббат мәселесінде жиі қолданасыз?" деп сұрамай-ақ қояйын. Біржақты ғана жауап аламын ба деп қорқамын. Одан осы қасиеттің төңірегін тінтіп шығайық.

Қыздардың қырсық қылықтары

  • "Сүйіп тұрсам да, "Сүймеймін" деймін". Неге олай етеміз, қыздар? Сезімімізді ашып айтуға неге жасқанамыз? Жүрегіміз сайрап жатыр ғой. Неге сол ішкі әуенді сол жүректің иесіне жеткізбейміз? Қырсықтығымыз "ұстап" қалады ғой.
  • "Телефонды көтермей қоямын". Сағынамыз... Өздері неге қоңырау шалмайды екен, ә? Не болып қалды екен? Білейінші. Қоңырау соғамыз. Ол көтермейді. Тағы соқтық... Тағы да жауап жоқ! Ал енді жүйрік ой шапсын кеп алысқа. Бірден басымызға жаман ойдың келетінін жасырып қайтеміз, құрбым?! Артынша жігіт телефон соғады. Жоқ, тұтқаны көтермейміз. Өзіміз әрең номерді теріп, дәтіміз шыдап қоңырау соғып едік. Өзі ғой, көтермеді. Мүмкін ол естімей қалған болар. Мүмкін ол сөйлесуге ыңғайсыз ортада отырған болар. Бәлкім оның телефоны дыбыссыз режимде шығар. Жоқ, онда жұмысымыз жоқ! Қырсығамыз да, "жаным" деп жылт-жылт еткен қоңырауды келген жеріне "қайтарып" жібереміз.

  • "Бірінші өзі..." "Бірінші өзі жазсын", "Бірінші өзі кешірім сұрасын", "Бірінші өзі келсін", Не деген бітпейтін "Бірінші өзі"! Қазақ қызы үнемі алғашқы қадамды жігіттен күтеді. Сөйтеді де, өз қиялынан жігіт жасап алады. Қиялындағы жігіт бәрін бірінші өзі жасайды. Ал енді шын өмірде жігіт пайда бола қалса, сол қиялындағыман салыстырып отырады. Құрбым, жігіт сіздің қиялыңыздағы жанның қандай екенін білмейді ғой. Ал ой мен қиял жасаған нәрсені адам іс жүзінде жасай алмауы мүмкін. "Бірінші өзі" деген сөзді аузымыздан азырақ шығарайықшы!
  • "Еркелеп қырсығам". Мұныңыз енді аса қауіпті бола қоймас. Егер жігітіңіз мұны еркелік деп түсінсе... Ал егер есерлік деп түсініп жүрсе, байқаңыз! 

  • "Бәрін керісінше жасаймын". Неге? Міне, қырсықтықтың ең ауыр түрі де осы. Қыңырлық танытып бәрін кері жасаймыз. Жігітіміз көңіл аударсын дейміз бе, жоқ әлде оны ашуландырғаннан ләззат аламыз ба? Сөйтеміз-ау! Қырсығарын қырсығып алып, ол ызаға булыға бастаса бірден қоя саламыз. Қоя салсақ, жақсы ғой. Кейде көкірек шіркін аспандап кетпей ме? Ойыннан от шығатыны да - қырсықтықтан! Жүр десе, бармаймыз. Қал десе, қалмаймыз. Айт десе, айтпаймыз! Қайт десе, қайтпаймыз! Өтірік деп көріңізші. Мұның бәрі қырсықтық емей, немене?
  • "Ол мені бәрі бір "Қырсығым" деп жақсы көреді". "Оған менің осы қырсық мінезім ұнайды. Өзі солай деген"... Ендеше жігітіңіз болашақта осы сөзі үшін өкінуі әбден мүмкін.

 Қырсықтық неден пайда болады және одан құтылудың жолдары

  • Қырсығу дегеннің не екенін біліп алыңыз! Қырсығу - адамның ең жағымсыз мінездерінің бірі. Қырсықтықтың түбі жақсылыққа апармайды. Махаббаттағы сансыз қоштасулар осы бір улы мінездің кесірінен болып жатыр. Бұл мінез кел келген адамның бойында бар. Тек оны бәрі біз сияқты шектен тыс қолданбайды. 
  • Қырсығу қызғаныштан тууы әбден мүмкін. Сүйгенімізді қызғандыру мақсатында да сәтті пайдаланымыз. Өзіміз қызғансақ та сөйтеміз. Ол еркеліктен де туады. Еркеліктің шегі бар екенін ұмытпағайсыз! 
  • Қырсықтықтың сізге берер пайдасы шамалы. Бекерге жігітіңізді ренжітіп, өз көңіл күйіңізді де түсіресіз. Қырсықтықтан "қырылып" жатқандарды болмаса, бақыттан басы айналып жүргендерді көргенім жоқ. 
  • Иә, мүмкін сіздің қыңырлығыңыз жігітіңізге ұнайтын шығар...  Бірақ бұл жағымсыз қасиет бір күні болмаса да, бір күні жалықтыратын болады.

Рас, қазақ қызына ұяңдық жарасады. Иә, қазақ қызының ерке болуы да заңдылық шығар. Бірақ сізге қай бабаңыз "Қазақ қызына қырсықтық тән" деп айтып кетіп еді? 

Құрбым, өзіміздің сыйымызды сақтап қалғымыз келсе, жігіт алдында құнымыздың төмен болмауын қаласақ, қырсығуды доғарайықшы!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: facebook.com

7119 11
Рейтинг: +11

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 13 желтоқсан 2012, 16:53
Пікірлер
+0
13 желтоқсан 2012, 16:18

Мына жазба маған арналып жазылған екен :D

+0
13 желтоқсан 2012, 16:23

қырсыққан да дұрыс!! "Бірінші өзі" деген менің тұрақты қағидам және одан бас тартпаймын)

+0
13 желтоқсан 2012, 16:34

Біз тек сол бізді қаттырақ жақсы көрсе, көбірек ойлап, бізді көбірек іздесе деген ой ғана ғой :roll:

+0
13 желтоқсан 2012, 23:16

ия солай гой! бірак тусінбейді сол максатта екенін олар

+0
13 желтоқсан 2012, 23:17

акымак болганы соншалыкты басы жепейді соганда

+0
13 желтоқсан 2012, 16:49

Еркелiкгой барi....,жаксы коргесiн кырсыгамыз. Жаксы корсiн деп кырсыгамыз. Ай,бул адетiмiз калмас-ау!

+0
13 желтоқсан 2012, 16:56

расымен де неге сондаймыз?))) :P

+0
13 желтоқсан 2012, 17:54

Өте керемет жазылған екен қазіргі кейбір қыздардың мінезіне еніп кеткен бір мықты мінездеріғой!Жүр десе, бармаймыз. Қал десе, қалмаймыз. Айт десе, айтпаймыз! Қайт десе, қайтпаймыз! Өтірік деп көріңізші. Мұның бәрі қырсықтық емей, немене? :lol: :lol: :lol:

+0
13 желтоқсан 2012, 18:19

доғарған дұрыс-ау :D Дегенмен, қыздарға қырсыққан да жарасады (анда-санда) :mrgreen:

+0
13 желтоқсан 2012, 18:23

Ия Айбек дұрыс айтасың! Қыздарға қырсыққан жарасады, бірақта шектен тыс қырсығу ол жақсылыққа апармайды! Қыздар әсіресе сүйген жігіттеріңе көп қырсықтық танытпаңдар, көп жігіттер қыңыр,қырсық қыздарды ұнатпайды! Есте болсын дегенімғой))

+0
26 желтоқсан 2012, 23:02

Ақерке, рахмет, күшті жазба екен :) Сосын соңғы сурет ұнапқалд, тамаша :D Қырсықтық туралы оқыдым, дұрыс айтылған сияқты, бірақ жігіттер өздері бірінші звондауы керек, жазуы керек қой))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...