Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Тағдырың өз қолыңда

Тағдырың өз қолыңда

Тағдырың өз қолыңда

Бір мүгедек қайыршы жігіт болыпты. Оң қолы иығынан жоқ екен. Сырт киімінің жеңі сол қалпында боп тұрады екен. Бір күні ол бір үйдің есігін қағыпты. Үй ішінен шыққан әйел оған:

- Маған көмектесіп анау кірпіштерді үй артына жинасып жіберсеңіз? - депті. Бұл сөзге намыстанып қалған қайыршы:

- Менің қолым жоқ екенін көрмей тұрсыз ба, ақша бергіңіз келмесе мейлі. Тек қорламаңыз бұлай, - дейді.

Әйел үндеместен бір қолын артына ұстап, тек жалғыз қолымен ғана кірпіштерді тасыпты. Мұны көрген қайыршы әлденені түсінгендей, ақырын-ақырын кірпіш тасуға кірісіп кетіпті. Ол барлық кірпішті тасып біткенде қас-қарайып, өне бойын қаратер басқан еді.

Әйел оның қолына 5000 теңге қағаз ақша ұстатыпты. Басын иіп рақмет айқан қайыршыға: «Не үшін рақмет айтасыз, бұл сіздің еңбегіңіздің қарымтасы емес пе?!» депті әйел.

Арада біраз жылдар өткен соң, әлгі үйдің есігінің алдына қымбат бағалы әйгілі автокөлік келіп тоқтайды. Ішінен қара көзілдірік киген, салауатты да салмақты еңгезердей жігіт түсіп келе жатты. Оның оң қолы иығынан жоқ еді. Ол баяғысындай әдеппен есік қақты. Үй ішінен шыққан әйел оны бірден тани қоймады.

- Мен сізге тұңғыш рет жалданып жұмыс істеген мүгедек «қайыршымын». Сіз болмағанда мен бұл күнге жетпес ем. Сізді отбасыңызбен қалаға көшіріп әкетуге келдім. Әуелі үй де алып қойдым, - дейді жігіт. Кішіпейілділікпен бұл ұсыныстан бас тартқан әйел сонда:

- Ол үйді екі қолы да жоқ жандарға тарту еткенім болсын, - депті.

Бұл шағын әңгіме тағдырды өзгерту өз қолыңызда екенін білдіреді. Бәріміздің де қол-аяғымыз бүтін, басымыз аман. Тек талпыныс пен сенім тек қана жеңіске жетелейді.

Әйгілі милиардер Билл Гейтс «Өмірде бақытсыздықтан ешқайда қашып құтылмайсың. Бірақ, бір білерім – ол ерте ме кеш пе, өтеді де кетеді. Уақыт сол күндерден қалған жараны өзі емдейді. Сол үшін де «Бұл қиындық емес. Мен сөзсіз жеңе аламын» деген сөзді үнемі қайталап тұр. Және ешқашан өкінбес үшін орныңнан тұр да, істеуге тиісті ісіңе дәл қазір кіріс» дейді.

Өз өміріңде жасаған әрбір талғам тағдырымызға адам мөлшерлеп жете алмастай әсер етуі мүмкін. Ертеңгі бақытың дәл қазіргі шешіміңнен басталуы мүмкін.

Автор: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

18115 5
Рейтинг: +18

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 12 желтоқсан 2012, 19:35
Пікірлер
+0
12 желтоқсан 2012, 17:35

Өте әдемі, салмағы ауыр мысал келтіріліпті. Әттең, біз сәтсіздігіміз үшін айналамызды кінәлаймыз... "Бәрі өз қолыңда" деп бекер айтылмаған ғой... Жақында үйге қатты қажып барғанымда Құралай деген құрбым айтып еді: "Бәрі өз қолыңда тұр. Тек өзіңе байланысты" деп. Сонша айтылып жүрген сөз болса да, керек кезінде, керек уақытта айтылған соң, қатты әсер еткен. Мынадай тұрғыдағы жазбалар дәл қазір маған ауадай қажет...

+0
12 желтоқсан 2012, 22:41

жаксы мақала екен. тағдыр шынында да өз қолымызда ғой. әр істен кешікпеу керек.

+0
13 желтоқсан 2012, 09:11

Өмірде бақытсыздықтан ешқайда қашып құтылмайсың. Бірақ, бір білерім – ол ерте ме кеш пе, өтеді де кетеді. Уақыт сол күндерден қалған жараны өзі емдейді. Сол үшін де «Бұл қиындық емес. Мен сөзсіз жеңе аламын Ой салатын жазба екен!

+0
17 желтоқсан 2012, 19:59

ойға салар, жақсылыққа бастар мақала екен

+0
20 желтоқсан 2012, 12:54

тағдырым өз қолымда. оған ешкім де әсер ете алмайды.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...