Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жігіт қызын достарына таныстырғанда. Қыздарға кеңес.

Жігіт қызын достарына таныстырғанда. Қыздарға кеңес.

Жігіт қызын достарына таныстырғанда. Қыздарға кеңес.

Жалпы алғанда, адам баласының бақытқа  жету жолында бірнеше сынақтан өтетіні белгілі. Әсіресе, қыз балаға. «Қыз бен діннің беті – құбыла жақ» дейтін қазақ, қыз баласының тәрбиесіне келгенде қырық үйден тыйып ұстап, салт-сана мен әдеп-ғұрыпты, ұлт алдындағы жауапкершілікті міндеттейді.

Күндердің күнінде болашақ жолдасыңыз, яки сүйікті жігітіңіз өзінің досымен таныстыруы мүмкін. Сонда көрсеткен мінезіңіз бен мәдениетіңіз жігітіңіздің қандай жан екендігін айғақтап беруге таптырмайтын сәт. Бүйректен сирақ шығарғыңыз келмесе, өзіңізді барынша ұстамды көрсететін, тәрбие көрген тәліміңізді ортаға салатын кез. Тар шалбарды жабыстырып кимей, шашты ұқыпты түрде жинап, опа-далапты баттастырмай, жарасымды әрі әдемі болып баруға тырысыңыз. Киген киімдеріңіз таза, сапалы болуға тиіс. Талғамыңызға тәнті еткіңіз келсе, онда иіссу себуді ұмытпаңыз. Бірақ, оны мүңкітіп жібермеңіз. Ең бастысы, аяқ-киіміңіз әдемі, таза болғай. 

Ендеше, қыз балалардың алдында сырымды жайғым келіп тұр:

1. «Сөз атасы – сәлем» демекші, сәлеміңізді барынша ізетпен көрсетіп, ұяңдық сақтағаныңыз дұрыс. Қазақ салтына сүйеніп, денсаулығың, тұрмыс-тіршілігің сұрап қойыңыз. Екі достың көзіне жиі қарағыштай бермей, ойланып тұрған сыңай танытыңыз.

2. Әңгіменің қай тарапта өтіп жатқанын аңдап, күлімдеп қойғаныңыз жеткілікті. Күлемін деп тісіңіздің бәрін көрсетіп алмаңыз. Езуіңізді жиып қана күліңіз.

3. Жігітіңіздің досы әңгімені сізге көшіруі мүмкін. Сол кезде тосылып қалмай, шешен сөйлеуге тырысыңыз. Шешен сөйлеймін деп, сырыңыздың түйінін шешіп қойып жүрмеңіз. Ойыңызды байыптап қана айтыңыз. Тәтпіштеудің керегі жоқ.

4. Сол ортадағы ауа-райына (әңгімесіне) тез бейім көрсетіп, іштей жұғысып кетуге тырысыңыз. Мінезіңіздің алуан қырын жақсы жағынан көрсетсеңіз, одан артық еш нәрсенің керегі де жоқ.

5. Жігітіңіздің досы әзіл айтса, қоштап күліңіз. Себебі, қазақта «Көршің соқыр болса, бір қөзіңді қыс» демейтін бе еді. Сізге әзіл айт десе, айтпағаныңыз лазым. Айтқан күнде де мәні бар әзіл айтуға тырысыңыз. Абайсызда айтылған сөз атылған оқпен бірдей.

6. Жігітіңіздің досы сізді сынға алады. Кездесудің басынан бастап жігітіңізге мейірімді, сезімтал болуға тырысыңыз. Жігітіңіз кейбір дүниелерді дұрыс айтпаса да, қорғап сөйлеңіз. Өйткені, сізден жылу күтіп, сенеді.

7. Тағы бір айтарым, өсек деген нәрсеге көңіл аудармаңыз. Абайсызда араңдатып жіберіп, көңіліңізге қаяу алып қаларсыз. Өткен күнді қазбалай беруге болмайды (бұрынғы жігіт, бұрынғы қыз дегендей).

8. Бет-аузыңызды ұстай бермеңіз. Ол үлкен кемшілік болып саналады. Өзіңізді өте сенімді ұстап, аздаған батылдықтарға барыңыз (мысалы, «сүйемін», «шынымен жақсы көремін»).

9. Ондай жерде білім таластырмаңыз. Өмірлік ой-толғамдарыңыз болса, жасырмай-ақ айта беруіңізге болады.

10. Әрине, өз кезегіңізде жігітіңіздің досын да сынауға болады. Қазекеңнің өзі де «Жігітті досына қарап таны» деген. Бірақ, қатты сұқтанбаған жөн.

«Қыз өссе қырсық көбейеді»... Қорықпаңыз, жігітіңіз сізді тастамайды. Егер сізді шынымен сүйетін болса, жанындай жақсы көретін болса, онда оған сізден басқа ешкім де керек емес. Ешкімнің пікіріне сүйенбейді де. Сізді ғана сүйіп, алақанында ардақтап өтеді.  Тек табиғатыңызды сақтасаңыз болғаны. Cонда ғана сіздердің махаббаттарыңыз мәңгілік болады.  Балалардың тілімен айтқанда «Шрек пен Фиона!» 

Форумда талқылау

Сурет ebertfest.com сайтынан алынды.

10686 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 14 ақпан 2012, 15:38
Пікірлер
+0
14 ақпан 2012, 17:10

мдааааааа, қыз болған оңай емес, досына, ата-анасына, апасына, ағасына, қарындасына... барлығынын көңілінен шығу керек.........

+0
14 ақпан 2012, 17:38

Айтпа.

+0
14 ақпан 2012, 17:49

сол үшін де қыздың 40 жаны бар дейтін шығар, әйтеуір бар ауыртпалық солардың мойнында )) Бірақ өкінбеймін ))

+0
14 ақпан 2012, 18:08

«Шрек пен Фиона!» ))

+0
14 ақпан 2012, 23:30

Енді жігіт табу ғана қалды. D

+0
23 ақпан 2012, 09:35

Кім көп жігіттен көп адам жоқ бұл өмірде! Ал егер таппасаңдар маған тоқал бола салыңдар!

+0
15 ақпан 2012, 01:11

Уопшып, баяғыда бір жігіттің айтқаны есімде әлі "мен сені шынымен ұнатып жүрсем, маған достарым сені пайдаланып кетсін деген, бірақ мен сені қатты жақсы көріп жүрмін ғо", ужассс содан кейін қатты ұрысқаным есімде, достарыңмен қоса құры деп итпен қуғандай отшиватьтадым. Содан ойлаймын, достарының айтқанына көңіл бөлетін адамның есі онша дұрыс емес. Және достардың айтқанын маған ашық түрде айтып жеткізген ол да жарым біреу.

+0
23 ақпан 2012, 09:34

кейбір қыздар ұялып тұрады! Сонысы ұнамайды!

+0
15 ақпан 2012, 14:04

Дұрыс айтасыз. Жігіттердің көпшілігі мойындағысы келмегенімен, достарының пікіріне сүйенеді. Бұны көп байқадым. "Досыма ұнап қалдың, сені оған беруін сұрады, мен досым үшін мұндай құрбандыққа да барам" дегенді де естігем. Қыз - ойыншық емес, бере салатын. Бірақ сол кезге дейін жігітімнің басқаша ойлайтынын қалай байқамағаныма таңғалдым. Қызық...

+0
24 ақпан 2012, 01:24

Дұрыс айтасың!!!!

+0
12 сәуір 2012, 17:34

:lol: жарымес биреу екен шынында :lol:

+0
15 ақпан 2012, 03:42

"Қыздың қырық жаны бар"-деген рас екен. Қазақ қыздары аман болсын!

+0
15 ақпан 2012, 16:24

Мен былай істеймін:
- Досым, мынау - қызым. Қызым, мынау - Досым. Ары қарай өздерің сөйлесіп алыңдар!

уақақа :)

+0
16 ақпан 2012, 10:09

Жалғас, сіздің бұлыңыз қызық екен))) Сонда әдетте ары қарай өздері сөйлесіп алады ма?

+0
16 ақпан 2012, 10:22

әрине, жоқ. бірақ алғашқы қадам жасалады :) әйтеуір бірдеңелерді айтып, сөйлескен болады...

+0
13 наурыз 2012, 23:34

Досым, мынау - қызым. Қызым, мынау - Досым. Ары қарай өздерің сөйлесіп алыңдар! екеуіңді оңаша қалдырайын. мен қайттым уйге))

+0
12 сәуір 2012, 17:33

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
16 ақпан 2012, 10:29

Достың да пікіріне сүйену керек. Абайдың өзі де Әйгерімді Жиреншага сынаттырған.

+0
17 ақпан 2012, 13:06

шын дос кана саган болсын дейді, ал кейбіреулер коп бас катырмайды гой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...