Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Бауыр ет балаңыз сіз жайлы не ойлайды?

Бауыр ет балаңыз сіз жайлы не ойлайды?

Бауыр ет балаңыз сіз жайлы не ойлайды?

Ата-ана болу зор бақыт. Ал «іштен шыққан шұбар жыланыңды» түсіне білу одан да зор бақыт. Кейде орынсыз ұрысып жатамыз, кейіп жатамыз. Олардың көңіл-күйімен санаспастан ренжіп жатамыз. Осының бәрі де бала жүрегіне бірте-бірте беріш боп байлана берер түйіршіктер. Ұл-қызың есейе келе олардың сені ренжітуі, көңіліңді қалдыруы секілді келіспеушіліктерді ол бала күнінде жүрегіне өзің еккенсің.

Оларды түсіну қиынның қиыны. Олардың жүрегі жібектей жұмсақ, көңіл жібі қылдан нәзік. Әлемде ұл-қызын шынайы түсінетін, олармен досындай сырласа алатын ата-ана кемде-кем. Біздің қазақ ұлтында тіптен солай. Алматыда жүріп, мынаған әбден көзім жетті. Қаншама жастардың үлкендерден именбестен әдепсіздікке барғанын, аузына келгенді айтып боқтап тұрғанын, бір-бірін ит терісін басына қаптап күліп қана тілдеп тұратынын күнде көріп жүрген боларсыз. Оларды көріп сан мәрте жағаңызды ұстаған боларсыз. Жоқ, отағасы, бұл қоғамға сіздің де үлесіңіз бар. Демек... Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады.

Жер бетіндегі адам баласының есею психологиясын бала көзқарасымен айтқанда мынадай ережеге бағындыруға болады. Бала әкесі жөнінде не ойлайды:

6 жаста: Әкем бәрін де біледі.

10 жаста: Әкемнің білері көп.

15 жаста: Мен де әкем секілді көп нәрсені білемін.

20 жаста: Әкем ештеңе де білмейді.

30 жаста: Бір рет болса да әкемнің тілін алып көрейін.

40 жаста: Қалай да әкемнің айтқаны абзал екен.

50 жаста: Әкем бәрін де біледі екен.

60 жаста: Әкем тірі болса ғой. Біраз нәрсені кеңесіп алар ем.

 

Балалы болдыңыз ба? Өмірге тағы бір адам баласын әкелдіңіз. Ендеше ол ізетті, құрметті адамгершілікпен өмір сүруі керек. Оған себепкер болар бірден-бір жан – тек сіз ғана!

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

4002 10
Рейтинг: +14

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 06 желтоқсан 2012, 17:58
Пікірлер
+0
06 желтоқсан 2012, 18:22

Жақсы кеңес. Әттең...

+0
06 желтоқсан 2012, 23:58

20 жаста: Әкем ештеңе де білмейді - тура айтылған!

+0
07 желтоқсан 2012, 08:51

30 жаста: Бір рет болса да әкемнің тілін алып көрейін. Мен шамалап осылай ойлаймын. Әкем 50 жаста: Әкем бәрін де біледі екен, осылай ойлйды

+0
07 желтоқсан 2012, 11:17

рас...

+0
09 желтоқсан 2012, 00:33

мен де солай ойлайды ма екемм :roll:

+0
09 желтоқсан 2012, 18:36

шынымен де.

+0
10 желтоқсан 2012, 16:12

мен әкеммен мақтанам, болашақта ұлым менімен мақтана аларма екен????? :?

+0
10 желтоқсан 2012, 17:20

Әкеммен мақтанам, балам менімен мақтанардай қып тәрбиелеуге тырысам.

+0
19 желтоқсан 2012, 20:12

Байқадыңыздар ма?! 6жаста әкем бәрін біледі десе, 50 жаста "біледі ЕКЕН" дейтін көрінеді!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...