Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Телефон нөміріңізді бересіз бе?

Телефон нөміріңізді бересіз бе?

Телефон нөміріңізді бересіз бе?

Әдемі қызбен таныстықтан соң онымен қайта көріскіңіз келеді. Мұндайда шығатын бір ғана жол бар - оның телефон нөміріне қол жеткізу. Ал мұны қалай сұрау керек? Байқаңыз, бет алды сұрай салып, бетіңіз қайтып жүрмесін.

Оның телефонындағы тізімдер қатарында тұрғыңыз келсе, мына қадамдарды үйреніп алыңыз.

  • Алдын ала жоспар құрыңыз

Егер бірінші кездесуден-ақ көңіліңізден шығып, онымен байланысты орнатқыңыз келсе, келесі кездесуге жоспар құра бастаңыз. Мысалы үшін, ол табиғат аясында серуендегенді жақсы көреді делік. Оған қыдырыстау үшін тамаша бір жерді білетініңізді айтыңыз. Ол сонда апаруыңызды өтінсе, міне - дәл қазір оның нөмірін алуға сәт туындайды. Сонда сіз: "Онда ертең осында кездесейік, тек сіз маған нөміріңізді алдын ала беріп қойыңыз. Ертең бір-бірімізді таппай жатсақ..." деңіз. Болды, бітті! Арманыңыздағы қыз әзірге сіздің алақаныңызда...

  • Сенімді көрініңіз

Оның нөмірін сұрамай-ақ алуға болады. Қалай? Жай ғана оның бетіне қараңыз да: "Мен сізбен тағы да кездескім келеді. Міне, менің телефоным!" деп оған қарай ұялы телефоныңызды ысырып қойыңыз. Мұны түсіну қиын емес. Егер ол да сізге "кет әрі" болмаса, сіз бұл сенімділігіңізбен оған бір табан жақындайсыз.

  • Қулықтың мұндайда саудасы жүреді

"Кешіріңіз, менің телефонымның қуаты таусылып қалды. Сіздікімен біреуге қоңырау соқсам бола ма?" деңіз де, өзіңізге зуылдақ (гудок) тастап алыңыз!

  • Болмаса...

Оның алдына блокнот қойыңыз:

- Мұнда нөміріңізді жазыңызшы....

- Ол не үшін?

- Жазсаңызшы, бір ойын ойнаймыз. Қазір сізді бір тосын сый күтіп тұр.

  • Мәреге жету

Егер, нөмір алу  тіпті қиынға соғып жатса, ол сыртқа шығып кеткенде жоғарыдағы қулықты жүзеге асырыңыз. Әрине, егер қалай да алу керек болып жатса...

Нөміріне қол жеткіздіңіз бе? Енді не кедергі? Ұзағынан сүйіндірсін! 

Ескерту!

  • Нөмір сұрағаныңыз үшін ешқашан да кешірім өтінбеңіз! 
  • Оның нөмірін алған соң, хабарласпай жүріп алмаңыз. Ол сізден қоңырау күтеді, ұмытпаңыз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: axeeffect.ru, 1tv.ru, k1.kz

12093 24
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 04 желтоқсан 2012, 16:21
Пікірлер
+0
04 желтоқсан 2012, 16:59

зуылдақ! :D

+0
04 желтоқсан 2012, 17:16

Сол зуылдақ жіберіп, нөмерімді алған еді талайлар

+0
05 желтоқсан 2012, 00:12

солардың кесірінен талай рет номер ауыстыруға тура келді деп қойсаңызшы :D

+0
05 желтоқсан 2012, 08:47

Хехе)) Бақытыма орай, "нөмер ауыстыру" індетімен ауырмаймын)))

+0
04 желтоқсан 2012, 17:21

Меніңше, ол жігіттік емес!

+0
05 желтоқсан 2012, 00:13

неге?

+0
04 желтоқсан 2012, 17:26

жігіттің қулығын біліп алатын болдық қой онда, мынандай әдістер қолданса..) :P

+0
04 желтоқсан 2012, 18:08

мына мақаланы кім жазды, сонда) (кәдімгідей пособия ғой мынауың)))

+0
04 желтоқсан 2012, 18:31

))))))))))))қулықтардыыы блппп журетин боллдыыыкк кккоооооооо

+0
04 желтоқсан 2012, 23:18

есиме озимнин телефон адисим есиме тусип отыр осы ауылдын бир кызынан алып едiм)))

+0
05 желтоқсан 2012, 00:14

демек ол өзгеше әдіс болғаны. Бөліспейсіз ба? Жоқ әлде жаңа бір блогқа тақырып ретінде сары майдай сақтап жүрсіз ба ;)

+0
05 желтоқсан 2012, 10:00

сактайтындай емес, сол кездеги озимнин кылыгыма уяламын))

+0
05 желтоқсан 2012, 00:06

ее мына сайтка кыздар крмегенде болатын еди :lol: :lol:

+0
05 желтоқсан 2012, 00:16

кешіріңіздерш, жігіттер! Адамнан қулық артылмайды ғой. Басқа әдісін де тауып аларсыздар :)

+0
05 желтоқсан 2012, 08:24

мен жәй ғана "Жоқ" деп жауап беремін :) негізі қазргілер көбіне логин сұрайтын болған ғой)

+0
05 желтоқсан 2012, 10:06

бірлік үнемдеудің жолдары ғой :) Агентте сөлеседі, болып жатса ғана амалсыз номер алады))

+0
05 желтоқсан 2012, 09:00

Ашып сұрайтын адамдарды ұнатам :roll:

+0
07 желтоқсан 2012, 00:24

Jane nomerdi onyn jakyn kurbysynanda aluga bolady :D :D

+0
07 желтоқсан 2012, 16:45

Ооо, дұрыс айтасыз! Өздеріңіз басқа да қырларын білесіздер ғой, негізі бізге қарғанда. "Ұнаған қыздың телефон номерін алудың басқа да әдістері" деп материал жолдаңыздар!))

+0
07 желтоқсан 2012, 17:06

Бурын уй телефоныныздын номерi кандай деп сурайтын едi. Кейiн уялы телефонга коштi. Ендi логинiнiз кандай дейтiн болган. "Жок"деп жауап берсен,кагазга оз логинiн немесе номерiн жазып берiп кететiн. Зуылдак адiсiмен жакында бiреу номерiмдi алып кеткен.

+0
07 желтоқсан 2012, 17:18

Ойбу, хабарласты ма енді? Қалай, былай :)

+0
07 желтоқсан 2012, 18:01

ия,алган кунi-ак хабарласты. Танымайтын номердi алмайтын адетiм бар едi, кайта-кайта сога бергесiн алганмын. Ендi тыныштык жок телефоныма. Кунде звондайды. Бале болды. Соракысы,менiн кошемнен кейiнгi кошеде турады екен. Алдымнан шыгып калмаса екен деп тiленiп журетiн болдым.

+0
07 желтоқсан 2012, 18:42

міне қызық!

+0
14 желтоқсан 2012, 03:20

:D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...