Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Есалаңның махаббаты

Есалаңның махаббаты

Есалаңның махаббаты

Ол екеуі бір қалада тұратын. Екеуі де адамдар арасынан "есалаң" деген атпен бөлініп тасталған. Жігіт үнемі қоқыс сандығына ел тастап кеткен тамақ қалдықтарымен күнелтетін. Ал қыз қараусыз жетім еді. Екеуі алғаш кездесе қалғанда жерде бір тілім нан қалдығы тұрған. Бұрын жеткен жігіт нанды алды да, қызға алая қарап обырланып жей бастады. Қыз еш үндеместен күлімсіреп тұра берді. Сәлден соң өзінен көз алмай тұрғанын көрген жігіт қолындағы нанды қызға берді де, бұрылып кете барды.

Ол өзі иемденіп алған ескі қоқыс сандығының қасына келіп ұйқыға бара бергенде, соңынан білдірмей еріп келе жатқан қыздың әлі де өзіне күлімсіреп қарап тұрғанын көріп, шошып кетті... Содан бастап екеуі бірге жейтін нәрсе іздейтін, ал кешкісін сол қоқыс сандығының қасына қайтып келетін болды. Екі есалаңның күндері осылай өтіп жатты. Бір күні жігіт әлденеге бұлқан-талқан болған бикештің күресінге лақтырып жіберген әдемі қобдишадағы жүзігін ол кеткен соң алып алады да, қызға сыйлайды. Аз-кем үнсіздіктен соң, екеуі бір-бірін мазақтап күле бастады. Қыздың қуанышында шек жоқ. Осы маңдағы ең тәтті күлкі тек сол екеуінен ғана естіліп жатты.

Бір күні қыз тұла бойы алабұртып қызып, қатты ауырады. Жігіт жанын қоярға жер таппай аласұрғанымен, еш амалы болмайды. Сәлден соң ол бірнеше нан және аузы ашылмаған таза су алып, қайта оралды. Оның жүзіндегі жара мен мұрнынан аққан қан дағынан дүкен қожайынынан таяқ жегені білініп тұр еді. Қыздың ауруы асқына берді. Жігіт көшеге шығып адамдардан көмек сұрағанымен, бәрі де оны "жынды" деп айнала қашады. Еш қайраны болмаған жігіт қызды көтеріп көшенің бойында еңіреп жүріп адам біткеннен көмек сұрайды. Жындының бұл қылығы кімді жібітсін, бәрібір көмек көрсеткен пенде баласы болмайды. Амалы бітіп, дымы құрыған жігіт жерде жатқан әйнек паршасымен өз білегін кесіп, қан дақтарын қыздың денесіне жағады да "Мен адам өлтірдім! адам өлтірдім!!!" деп айқай салады. Айналадағы елдің бәрі айнала қоршап, жағасын ұстайды. Ақыры жедел жәрдем келеді де, қызды көлікке салып алып кетеді. Сол кеткеннен қыз қайта оралмайды. Бір аптадан соң, адамдар ескі күресін сандығының түбінде бір қолына минерал су, бір қолына нан ұстаған есалаңның өліп жатқанын көреді.

Сайтани нәпсінің шалығы да тимеген, жүрегіне пендешіліктің көлеңкесі де түспеген, бұл әлемдегі ең таза, ең мөлдір сезімнің ескі күресін сандығының түбінде мәңгі ұйқыда жатқанын ешкім де білген жоқ.

Дайындаған: Қайсар Қауымбек

Сурет: baidu.com

4215 16
Рейтинг: +16

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 30 қараша 2012, 17:58
Пікірлер
+0
30 қараша 2012, 18:55

Иә, махаббат адамның жағдайына, жасына қарамастан, соншалықты кіршіксіз бола алады. Сонысымен де махаббат!

+0
30 қараша 2012, 19:32

:cry: :cry: :cry: ех..........

+0
30 қараша 2012, 21:32

:cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry:

+0
30 қараша 2012, 22:16

Есалаң деген БОМЖба???

+0
30 қараша 2012, 22:32

:( не жазарымды білмеймін. шынымен де махаббат әр адамның жүрегіндегі асыл қасиет. барлық адам баласына ортақ.

+0
30 қараша 2012, 22:43

әсерлі екен. осындай дуниелерінмен куанта бер, Кайсеке. Саркылмайтын жігітсін гой.

+0
30 қараша 2012, 23:26

жақсы деталь деп айта бере дид :lol: Жоқ, негізі өте жақсы әңгімелер беріп жүрсің, өзің айтпақшы, мықты прозик боп кетші :lol:

+0
30 қараша 2012, 23:31

махаббат, шіркін, ауқымы кең дүние ғой. Махаббат туралы жазғанда қайыршыларды да кейіпкер етіп алуға болады екен ау. керемет.

+0
30 қараша 2012, 23:36

Мақалаларыңда да, осындай әңгімелеріңде де өте бір нәзік тұсты ұстайды екенсің. Жазған дүниелерің өз поэзияң секілді ізгі. Талма, бауырым. ризамын. Бізге қазыр осылай иманды, әсерлі әдебиет қажет.

+0
30 қараша 2012, 23:50

Е, тағдырдың тәлкегіне түсіп, есалаң атанғанымен олардың жүрегі есалаң емес қой ешқашан. жалған дүние!

+0
01 желтоқсан 2012, 00:14

Қайсекеңнің талғамы өте биік!

+0
01 желтоқсан 2012, 04:16

:cry: :cry: :cry: :cry:

+0
03 желтоқсан 2012, 00:12

ой алла ай, жүрегім ауырып кетті ғой....

+0
09 желтоқсан 2012, 21:18

ғажап екен. кино коргендей болдым.

+0
21 қаңтар 2013, 00:58

журегім ауырып кетті гой мына ангімеге :(

+0
13 наурыз 2013, 16:31

:( Көңіл-күйім түсіп кетті ғой. Қандай мұңды еді!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...