Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ресми әңгімелесуді үйренеміз

Ресми әңгімелесуді үйренеміз

Ресми әңгімелесуді үйренеміз

Таныс емес ортаға барғанда өзіңді жайсыз сезініп, қонақтармен әңгімелесуден қашып, көлеңкеде отырып қайтуды ойласаң, мына мақалаға назар аудар. Ресми әңгімелерге араласуды үйрен.

1. Қай жаққа бара жатсаң да, позитивті көңіл-күйді ұстан. Іштей өз-өзіңді "жақсы көңіл көтеріп қайтуға бара жатырмын" деп үгіттеп бар. "Жақсы таныстар табамын, кеш керемет өтеді" деп ойла. "Тағы да үндемей, екі ауыз сөздің басын қоса алмай отырамын" деген ойлардан аулақ бол.

Сонымен қатар, киім де үлкен роль атқарады. Бұл жерде мәселе киімнің қымбаттылығында емес, ыңғайлылығында. Күнде джинсы киіп үйренгендіктен пиджак не галстук тағып алып, қайта-қайта жөндеу, не болмаса "көйлегім жарасып тұр ма екен" деп ойлай беру, әлбетте жайлы отырып, әңгіме айтуға кедергі болады. Сол себепті, алдын ала қандай стильдегі киімдерді кию керек екенін сұрастырып ал.

2. Әрдайым әңгімелесушінің көзіне қара, тым құрығанда мұрын кеңсірігіне қарап тұруға тырыс. Көзіңді жалтақтатып, басқа жаққа қарай берсең, әңгімелесуші адам саған қызықсыз болып тұр деп ойлайды.

Кез келген кеште бір жерде тұрма. Ешкімді танымасаң да, залға қарай жүріп қонақтармен сәлемдесіп, әрдайым жымиып жүр. Сонымен қатар, қолыңа шырын құйылған бокал ұстап алған жөн. Бір жағынан қолың бос болмайды, екінші жағынан әңгімелесушімен «пауза» болғанда, шырыннан алып отырып, келеңсіздікті жабасың.

3. Қандай да бір достарың ұйымдастырған кешке қонаққа келсең, ұйымдастырушыға қонақтармен таныстыруын сұра. Осы кезде қонақтардың аттарымен қатар, жеке ақпараттары да ашылады. Зер салып, әңгімелсуге болатын адамдарды қарайластыр. Біреумен бір ауылда туылуың мүмкін, не бір университетте оқуың мүмкін және т.б.

Егер де ресми кешке шақырылған болсаң, сені елге таныстыратын адам табыла бермейді. Сол себепті өзің кірісуің керек. Комплимент айтудан бастауға болады. Алайда тым жекелікке салынып, үйіп-төгудің қажеті жоқ. Әйел адам болса парфюм, көйлегін айтып мақтап қойсаңыз болады. Ал ерлерге сағатын не галстугын айқындасаңыз жеткілікті.

Ресми әңгімелесудің басқа жолы – өзің жайлы айту. Тыңдай біл және сұрақ қоя біл.

- Жаңа жылдық демалыста не жоспарлап жүрсіз?

- Шаңғы тебуге тауға барсам ба деп едім...

- Коньки тебу бұйырмай-ақ қойды, техникасын түсіне алмадым ба...

Сұрақ қой және өзің де соған жауап беруге тырыс. Бұл не дегенмен диалог қой, монолог емес. Шынайы бол. Егер тақырып саған қызық емес болса, қызыққан адамның кейпін танытпа. Тақырыпты өзгерт, не әңгімелесетін адамды өзгерт.

4. Ресми әңгіме ұзаққа созылмайды. Кеш бойы бір адаммен әңгімелесіп жүремін деп ойлама. Әңгіме бастаған адам біраз уақыттан соң кетіп қалса, ренжи көрме.

Сен де сол ережені ұстан. Кеш барысында қайта сол адаммен жолығып қалсаң, не әңгімені тоқтату қажет болса «Танысқаныма қуаныштымын. Тағы көрісерміз» деп басқа жаққа бұрылып кетсең болады.

P.S. Massaget-пен бірге реал өмірде де белсенді бол.

Форумда талқылау

Сурет: vk.com

4037 17
Рейтинг: +1

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 13 ақпан 2012, 12:00
Пікірлер
+0
13 ақпан 2012, 11:28

керемет! мен енді мұрынға қарап тұрмасам)

+0
13 ақпан 2012, 11:35

Тамаша кеңестер! Орайы келгенде кәдеге жарату керек екен

+0
13 ақпан 2012, 12:46

Негизи авторитетный болсан болды барлыгы сенимен ангимелесуге дайын турад!)егер керсінше болса ол өз дәрежеңнің айқын көрінісі.........несіне таң қаласын өмір ғой!!!

+0
13 ақпан 2012, 18:12

Оны бір сөзбен қазақпайщина деуге болады.

+0
13 ақпан 2012, 13:07

Біреу ұялып отырса мен де ұялып қаламын қысылып, керісінше ақ жарқын әңгімелесіп кетсе, мен де соған көшемін))

+0
13 ақпан 2012, 14:20

Маған қажет екен :))

+0
13 ақпан 2012, 14:36

Мен қонаққа барғанда басында ұялып отырамын, сосын басқа да қонақтармен танысып алған соң әңгімелесіп кете берем. Кейбіреулер сияқты ешкіммен сөйлеспей, тіпті биге де шықпай отыратындардың қатарынан емеспін.)))

+0
13 ақпан 2012, 14:54

Көбіне жігіттер сондай ғой. Тізіліп алып, елге қарап тұрады. )

+0
23 ақпан 2012, 11:20

жігіттерге тіл тигізбеңдер! Қыздардан го барлық бәле шығатын! Аттан!!!

+0
13 ақпан 2012, 14:38

Жақсы кеңестер екен

+0
13 ақпан 2012, 19:28

Бұрын бір профессор ағайымызбен шәй ішіп, дәрістерін тыңдап отыр едік. Әңгімелеуші өзі болған соң түріне, көзіне қарап отырғам тыңдап." Менің түрімде нең бар, алдыңдағы шәйіңді іш" демесі бар ма?! Содан кейін ер адамдарға тіке қарауға ұяламын. )))

+0
14 ақпан 2012, 00:30

Ол дұрыс, тіке тек қана күйеуге қарау керек деген бар емес пе?

+0
14 ақпан 2012, 20:42

Қу қыз-ай, әңгімеңнен танып қойдым. Жетекшімде нең бар менің...)))

+0
17 ақпан 2012, 01:47

Ойбу, жетекшіңді жекешелендіріп алғанбысың! ))

+0
14 ақпан 2012, 00:03

Адамның күні адаммен емес пе?! Бірақ, ұялған да дұрыс

+0
20 ақпан 2012, 09:42

Қыздармен танысқанда ешбір қысылмаймын! Керісінше қыздар қысылып тұрады! Осыны қыздарға тоқып алғандары абзал деп ойлаймын!!!

+0
13 наурыз 2012, 23:43

ар кезде аркалай гой бирде уяласын, бирде уялмайсын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...