Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Дарвиннің қателесуі

Дарвиннің қателесуі

Дарвиннің қателесуі

19 ғасырдың 30 жылдары Чарльз Роберт Дарвиннің дүниенің төрт бұрышын шарлап, саяхат жасағанын білеміз. Жол үстінде ол Афиркадағы жабайы тайпаға кезігеді. Алғашқы қоғам салтын ұстанған тайпа адамдары тау үңгіріне немесе ағаштың басына шығып ұйықтайды екен. Аң-құстың етін, ормандағы жемістерді теріп жеп, күн көреді екен.

Дарвин ол арада бірнеше күн тұрғанда олардың өзгеше салттары мен ғажап оқиғаларға куә болады. Тайпа адамдары жасы егделеген әйелдерді асқар тау, қалың орманға апарып ашықтырып өлтіреді және азық табылмаған күндері өз балаларын жеуден де тайынбайды. Дарвин бұл қатігездіктің байыбына бара алмай, аудармашысы арқылы тайпа адамдарымен сөйлеседі. Олар Дарвинге: «Әйелдің міндеті бала табу, туылған баланың екі түрлі рөлі бар, біріншісі, бала ұрпақ ретінде ру-тайпамызды жалғастырады, екіншісі, азық табылмаған күндері тамақ ретінде пайдалану. Әйелдер қартайса, бала таба алмайды, оларға өзімізбен бірге өмір сүруге мүмкіндік берудің не пайдасы бар, оларды өлтіріп не жеп қойғанымыздың өзі оларға жасалынған кеңпейілділік» дейді.

Ғалым аса күйінішпен басын шайқап, бұл жердің адамдары өте рақымсыз екен, мен бұл алғашқы қоғам адамдарының қарттарды құрметтеп, жастарды аяламайтын тарихи бейнесін өзгертуге бел байладым, - депті. Сонымен ол жоғары бағамен тайпадан бір нәресте сатып алып, Англияға қайтады. Қала тәрбиесі бойынша Дарвин әлгі баланы адам қатарына қосады. Ол осы мәдениетті адам арқылы оның ата мекеніндегі «қарттар мен балаларды азық ететін» жауыз қауымдық бейнені өзгертпекші болады.

16 жылдан соң, Дарвин әлгі тайпаға қайта барып, өзі жіберген баланың не жұмыс істегенін көзімен көргісі келеді. Бірақ, өзі бар күшпен тәрбиелеген баланы еш жерден кезіктіре алмайды. Соңында ол ру басынан бала жайын сұрағанда, рубасы: «Біз оны баяғыда жеп алғанбыз», - дейді. Дарвин қатты қамығып: «Осындай жақсы адамды неге жейсіңдер?» дегенде, олар: «Ол ештеңені де білмейді, ештеңе де істей алмайды, оны қасымызда ұстаудың не пайдасы бар?» деп өзіне қайыра сұрақ қойыпты.

Үнсіз қалған Дарвин өзінің қойын дәптеріне: «Бір адамның арманы мен оның қол жеткізбекші болған нәтижесі өзінің ойлағанындай бола бермейді, бір тайпада сақталып келе жатқан қиын мәселені бірнеше мәдениетті адам өзгерте алмайды. Тағылықтан тартып мәдениетті болуға дейін аянышты әрі ұзақ барысты бастан өткердік. «Асыққанның асығы таяды» деген осы шығар, қоғамда әрбір адам өзінің айналасындағы тұрмысқа бейімделуі керек, өйтпегенде, оны сол қоғам тастанды етеді», - деген сөздерді жазған екен.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: kemerovomuslim.ru

3266 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 28 қараша 2012, 20:27
Пікірлер
+0
28 қараша 2012, 20:17

Дарвин неден қателеспеді дейсіз?...

+0
28 қараша 2012, 20:17

Иә, көптің қағидасын өзгерту бір адамның қолындағы нәрсе емес. :roll: Мысалы бір жерде кезек болып жатса, сен де сол жерге барып тұра қаласың ғой. Сосын барып "бұл не кезек?" деп сұрастыра бастайсың ) Көп сені өзгертпесе, көпті өзгертем деу бекер. Осыны Дарвин атам қалай бірден түсіне қоймады екен ))

+0
28 қараша 2012, 21:01

дарвиннің қателескені соншалық, аталарым мен бабаларымның маймыл екенін "біліп", жер бетіндегі маймыл біткен эволюциялық жолмен адамға айналады деген сандыраққа сендіріп келді емес пе!!!

+0
28 қараша 2012, 21:35

Дарвиннің қатесі деп жар саламыз, бір әлем орнында қатып тұрғандай ....

+0
28 қараша 2012, 23:23

Дарвин жайлы бір кітап оқып ем, есіме түспей тұрғаны.

+0
29 қараша 2012, 11:22

:lol: :lol: :lol: ДАРВИНИЗм деген кітептан бар мынау окыганмын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...