Махаббат жайлы қызықты фактілер

Махаббат жайлы қызықты фактілер

Махаббат... Жаратылыстың бізге сыйлаған кереметтей сезімі ме, әлде табиғат заңдарына бағынған жай ғана түйсік пе? Махаббат жайлы кейбір ғылыми фактілермен таныс болыңыздар.

Зерттеулер көрсеткендей, жігіт пен қыз төтенше жағдайларда кездесіп танысса, олардың біріне-бірі ғашық болу мүмкіндігі жоғарылай түседі. Сондықтан бұндай кездесулер кәдімгі кеңседегі, көшедегі танысулардан ерекшелене түседі.

Депрессияға қарсы тыныштандыратын дәрілер адам ағзасында серотонин атты заттың шамасын көтереді. Серотонин адам эмоцияларын басып, махаббат туралы ойлардан алыстатады.

Монтесума деген мексикалық патша шоколадты "махаббат есірткісі" деп санап, 600 әйелі бар гаремге бармас бұрын, 50 шыны ыстық шоколад ішетін.

Ерте заманнан бері тер әтірлердің басты құрамдас бөлігі болған.

Орта статистика бойынша адамдар үйленбес бұрын 7 рет ғашық болады.

Махаббатты сезіне алмайтын да жандар бар екен. Олар гипопитуитаризм атты сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Бұл ауру адамға ғашықтықты сезінуге бермейді екен.

Романтикалық қарым-қатынастың аяқ астынан үзілуі, махаббат объектісіне одан да қатты сезім сезінуге алып келеді. Ғалымдар мұны "махаббат фрустрациясы" дейді.

Егер сіз біреуге ғашық болсаңыз, миыңыздағы басқалардың ойын қабылдайтын нейронды жүйе жұмысын дұрыс атқармай қалады. Сондықтан да ғашық адамдар достарының пікірлерін елемей жүреді.

Өз сүйгенінен "жоқ" жауабын естіген адам миларының физикалық ауруларға әсер ететін бөлігі қозып тұрады екен. Демек біреуді тастасаңыз, оны қатты ұрғандай болдыңыз деп ойлай беріңіз.

Психологтардың айтуынша, егер бала кезімізде ата-анамызда қиындықтар болса, есейгенде сол байырғы қиындықтарды шешуге тырысамыз.

Біреуді жақсы көру - қарынның ашуы, ұйқы сияқты биологиялық қажеттілік деп санайды ғалымдар.

Үйленбес бұрын бірнеше жыл бірге жүріп, романтикалық кезеңі ұзақ болған жұптардың болашақта берік отбасы болуының мүмкіндіктері жоғарырақ екен. 

Ғашықтық сезімі бір жылдың шамасында өшеді екен. Дәл осындай уақытта ми махаббат сезімінің ләззатына тояды екен.

Қыздар сүйгенінің бетіне тура қарағанда онымен ерекше эмоционалды байланыс сезеді. Ал жігіттер ғашықтарымен бір ортақ іспен айналысқанда: ойнағанда, жұмыс істегенде, жәй әңгімелескенде ерекше байланысты сезеді екен.

Қысқа уақыттық қарым-қатынас іздегенде қыздар жігіттерге қарағанда талғампаз болады. Алайда болашақ жарын іздегенде жігіттер мың ойланады екен.

Статистика бойынша ажырасатын жұптардың көбісі некесінің төртінші жылында осындай шешім қабылдайды екен.

Сонымен, махаббат жай физиологиялық қажеттілік пе, не нәзік сезім бе?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: mail.ru

С. А