Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Неге менің-ақ басымнан сор арылмай қойды?..

Неге менің-ақ басымнан сор арылмай қойды?..

Неге менің-ақ басымнан сор арылмай қойды?..

Адамын сан күйге түсіретін мына тағдырдың тәлкегі кімге болса да бір ұрынар. Сондай шақта аузымызда бітпейтін, ескірмейтін сұрақтар бар! Өз өмірімізді өзіміз қиындатып жүрміз. Өзімізді өзге аясын дейміз бе, жоқ әлде кеудесі шерге толған жалғыз біз ғанамыз ба? Сансыз сұрақ! Жетер, өзіңізді-өзіңіз табалауды доғарыңыз! Өмір сонысымен де, өмір. Бәріне дайын болу керек! Және бәрі де өткінші екеніне сеніңіз!

  • Неге менің ғана басымнан сор арылмай қойды? Қайғыңызға ортақпыз! Сіз осы сөзді айтып жатқанда әлемдегі бар жанның тағдырынан хабардар сияқты көрінесіз. Сіздей "соры қалың" адам әлемде жалғыз секілді. Кешірерсіз, өмірмен арпалысып жүрген тек сіз емес. Өмірге келдіңіз бе, көндігіңіз! Оның амалы тек сабыр ғана. Сабыр етіңіз!
  • Жығылғанға жұдырық болатыны несі? Иә, тағдырдың дайындаған тауқыметі кейде арасына жақсылық салмай бірінің үстіне бірі үйілетіні бар. Жығылып та, жұдырық жеп те көрген жан шынығады.

  • Әлемдегі ең бақытсыз жан мен шығармын, сірә... Бақытты адам болмайды, тек бақытты сәттер ғана болады. Әттең, осы сөзімізді басымыз бақыттан айналып жүрген кезімізде есімізге алмаймыз ғой. Әлем адамдарының жай-күйін білетіндей сөйлейміз-ау...
  • Мен сонда жақсы өмір сүруге лайықты емеспін бе? Лайықсыз! Тек ондай өмірге күткен, төзген адам ғана жетеді. Осылай өзіңізді өзіңіз сендіріңіз. Бәрі өткінші екенін жиі ұмытар басыңызға қайта-қайта ескертумен болыңыз.
  • Мына өмір мені қинауын қашан қояды? Сіз осы мазасыз сұрақты қоюды доғарғанда, бәлкім.

  • Өліп қалғым келеді... Қойыңыз, олай деуші болмаңыз! Бір күні онсыз да аттанымыз сіз де, біз де. Жаныңыздағыларға қараңыз! Тіршілік үшін тырмысып жатқан жандардың қасында сіз өзіңізді әлсіз сезінбейсіз бе? Сізді жақсы көретін, сізсіз өмірді солғын елестетер жандардың барын ойлаңыз. Сіз керексіз!
  • О, мама, мені осы тауқымет үшін әкелгенің бе өмірге? Бұл сөздің ауыздан шығуына ақымақ бас кінәлі ме екен? Жоқ әлде жағадан алған қайғы ма екен? Қайдам, әйтеуір орынсыз сөз! Өмірге әкелерде ананың бәрі бақыт үлестіріп беретін болса, қанекей!
  • Шаршадым бәрінен... Жоқ, сіз бәрінен емес, тек бір ғана нәрседен шаршадыңыз! Сол бір мұңның кесірі бүкіл тағдырды талақ етуге дейін алып келеді. Шаршасаңыз, сәл тынығып алыңыз. Ашуыңыз тарқаған соң, басқа көзқарасты ұстана қалған өзіңізге күлерсіз әбден.
  • Өмір неткен қатал! Осы сөзді қартаң жастағы адам айтса, "Еее, көрген ғой! Сөйлесе, көпті көрген сөйлесін" дер едік. Бесіктен белі шықпай жатып өмірдің қаталдығын сезінген бала расымен бақытсыз шығар. Өмірдің қандай қатал екендігін білу баланың жасына сай емес. Өмірге баға бермек түгілі олар әлі нағыз өмірді көрген жоқ. Өмір сүріп те көрген жоқ!
  • Маған олсыз өмір жоқ! Мүмкін ол сіздің жаныңызда енді болмайтын шығар, бірақ сіз олсыз да күнелтесіз. Сіз ол үшін өмірге келген жоқсыз. Осы сөзді айтатын адамдардың 99 пайызы өмір сүріп жүр. Демек, кеше танысыңыз  болған, бүгін бейтанысқа айналған жақыныңызсыз да өмір тамаша! Оған, керісінше, осыны дәлелдеңіз!

  • Жақсылап ішу керек боп тұр. Иә, ішіп жеңілдеп қаларсыз! Бірақ мастығыңыз жазылған соң да сіз сол өмірдің "кейіпкері" болып қайта өмір сүре бересіз. Бәрібір ішіп алған кездегідей ертегі әлемі күтпейді сізді! 
  • Одан да әлсіздің әлегіне салынбай, әдемі әдіс табыңыз! 

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: foto.md, vk.com

1715 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 19 қараша 2012, 15:26
Пікірлер
+0
19 қараша 2012, 15:31

Басынан сор кетпейтін бір адам болса, ол адам мен шығармын. Эх... Осы сөзді айтпау керектігін білсем де, айта беретінім қалай? :roll:

+0
19 қараша 2012, 15:42

Құдай сақтасын, осындай сөздерді айтуға аузым бармайды. Аллаға сансыз шүкіршілік айтудан шаршамаймын.

+0
19 қараша 2012, 17:01

Мұндай адамдар өз-өзін ылғи да менің-ақ басымнан сор арылмайды деп сендіргендер ғой

+0
19 қараша 2012, 22:39

мәәәә, мына сөздерді 16 жыл өмірімнің ішінде мүлдем айтып көрмеппін ше, сансыз шүкір Аллаға! бірақ, өз құрдастарымның ішінде осы сөздерді жиі айтатыны кезедседі, қарап тұрсаң олардың да басында бәлендей қайғы емес, тек болмашы нәрсені тез қабылдап алады да, түймедейден түйедей жасап алыыыыыыыып жүргедері...

+0
20 қараша 2012, 00:09

Бакытсызбын дегендерге жамааан карным ашиды........акымактыгына

+0
20 қараша 2012, 09:16

адамға көп ой салады екен, жігерлендіргеніңізге көп рахмет :)

+0
20 қараша 2012, 11:38

бәрі өзімізге байланысты, бәрі өз қолымызда

+0
20 қараша 2012, 21:01

БІРЕУДІ жігерлендіру үшін маған керек сөздер екен...жұбатуға сөзім таусылып жүр еді...рахмет

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...