Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Құпия таланттарыңызды біз білеміз

Құпия таланттарыңызды біз білеміз

Құпия таланттарыңызды біз білеміз

Сіз белгілі бір біліктілігіңіздің, кәсібилігіңіздің арқасында ойлана келіп, тер төге келіп жұмысыңызды жақсылап жасайсыз. Өзгелер оны сіздің болмысыңызға тән деп, аса таңырқамай, «ә, боптыласып», үйреншікті әдет ретінде қабылдайтыны бар ғой. Міне, осында көңіліңіз көншімей, айтар сөзіңізді шығара алмай дал боласыз. Мұндай әдет көбімізде бар-ау. Оқып шығыңыз...

1. Сақал-мұртыңызды үлкен шеберлікпен, аса тыңғылықты қырып, тазаладыңыз. Тап-таза болып, жұмысқа келдіңіз. Біреу байқай ма дейсің, жоқ, себебі бұл әдеткі жағдай. Ал егер қырынбай бір рет келіп қойшы, ал келіп, сыбасын көзбен!
2. Жеті қарақшыны танисың. Қашан, қай кезде де сен оны мүлт кетпей тауып алып, досыңа мақтана аласың. Досың, «ә, анау ма?» дегеннен басқа сөз айтпайды-ау!

3. Көлікті керемет жүргізесің. Қала ішімен де, үлкен жолда да асқан шеберлігіңді көрсетіп, шұңғымадан ойнап өтесің. Бірге келе жатқан адамың бір сәтте жүрегі айнып, тоқтауды бұйырады ғой, әттең...
4. Фотоға қандай адамды болса да, сұлу, көрікті етіп, сәтті түсіресің. Ол бәрібір де өзінің әдемілігін айтып, мақтанады-ай. Ал бір топтың арасынан өз қалауың бойынша фотоға түсірейін деп шығасың. Өзіңнің де түскің келеді, расында. Сол бір сезім-күйіңді ұғып, «енді мен түсірейін» деп шыға келер дос табылмайды ғой!
5. Саған біреу бірдеңе лақтыра қалса, бір қолмен-ақ компьютерге қарап отырып қағып аласың. Қашан көрсең, сен сондай жылдам, қырағысың. Лақтырған досың солай болуы керек те дегендей өз жұмысымен кете барады-ау. Қаның қайнайтыны осы! Оны қойшы, сен сол керемет шеберлігіңді паш етіп, қыздарға бірдеңе лақтыра салшы десең, пысықсынып, сыпайылығына салып, орнынан тұрып әкеліп береді ғой, түх!
6. Кинотеатрға достарыңызбен, әріптестеріңізбен бардыңыз. Бүгін үрейлі фильм. Экраннан шығып кетердей боп ытқыған құбыжыққа бәрі де жүрегін ұстап, білегін қысып отырғанда, сен ғана сабырлысың. Байқай ма дейсің, мұнда да жоқ!
7. Дәл осындай жағдай басынан өтсе де, әншейінгі, әдеткі, орынды дүние секілді қабылдап, жылы жауып қоя салатындар да бар-ау! Әттең!!!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: e-parta.ru

645 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 19 қараша 2012, 14:59
Пікірлер
+0
19 қараша 2012, 13:28

хехеххех) рас, рас )))))))

+0
19 қараша 2012, 13:32

мұндай жағдай көп қой. Әркім өз басындағы жағдайды жазсыншы ал ))))))

+0
19 қараша 2012, 13:58

Шынымен өмірде орын алатын жағдайлар. Бірақ, өмір бойы талантты боп жүргенге не жетсін

+0
19 қараша 2012, 14:04

өмірі жазбайтын СРС-ті өліп-талып жазып апарғанда "кімнен көшірдің?" деп сұрайд :)

+0
19 қараша 2012, 14:17

Мен сондаймын,,, дәмді пісірсе де, боулингте страйк қойса да, алтылықтан мен қатарынан бақандай екі рет жеңсе де, күнде кеш тұрып жүріп, бір күн ерте тұрып алса да, себептен себепсіз қуантқысы кеп гүл сыйласа да әсіре мақтау қолымнан келмейді. А, я, деп қоя салам. Енді кеп маған бүйтіп еді деп ренжігенім болмас )))

+0
19 қараша 2012, 14:44

Кинотеатрға барсам үрейлі фильмдерден қорқамын. Көңіл-күйімді де жоғалтып жібереді. Ел неге көреді екен осы

+0
19 қараша 2012, 15:24

Мен телеарналардан, радиодан репортаж жүргізіп жүрмін гой. Соны білсе де маган ешкім ештеңе айтпайды )))))))))

+0
19 қараша 2012, 15:37

Мүмкін, жұлдыз боп, лағып кеткеннен кейін шығар?..

+0
19 қараша 2012, 15:56

))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))

+0
19 қараша 2012, 16:00

Сен осындай мақала жазып, адам психологиясын дәл бере қоясың. ал пікір жазғандар "осы ма? жақсы екен" дегеннен аспайды. қызық, ә?! ;)

+0
19 қараша 2012, 16:03

Осы ма? жақсы екен)))

+0
19 қараша 2012, 16:07

Тамақты бар өнеріңді салып дәмді етіп пісіргеніңде ешкім ештеңе айтпай-ақ жей береді. Ал кейде бір тұзы аз немесе көп болып кетсе, тұздың дәмі жоқ, неге ащы болып кеткен деген сияқты әңгімелер айтатынын қайтерсің(((

+0
20 қараша 2012, 00:04

Бирак, сен жок кезде миндетти турде кадиринди тусинеди

+0
20 қараша 2012, 00:10

Бір сағат боянып, сыланып шықсаң, саған ешкім комплимент айтпайды, боянып шыққаныңды байқамайды да, ал қалай болса солай, шашыңды буа салып көшеге шықсаң, тым құрығанда бір жігіт болсын воздушный поцелуй жіберіп өтеді )))

+0
20 қараша 2012, 12:46

мә, Мика, бүгін керемет боянып келіпсің! :lol:

+0
17 желтоқсан 2012, 12:25

"қыздарға бірдеңе лақтыра салшы десең, пысықсынып, сыпайылығына салып, орнынан тұрып әкеліп береді ғой, түх!" мен өзім дұрыс лақтыра алмағандықтан сөйтем ғой)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...