Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Кеңсе этикеті

Кеңсе этикеті

Кеңсе этикеті

Кеңседегі әріптесіңіздің бірі ыңылдап ән салып отырса, басқасы сіздің кесеңізден сорылдатып шәй ішіп, кеңсенің сұлу қыздарына көз қысып отырады ма? Жұмыс жасауға бермейтін жандарға кеңселік этикет жайлы қалай айтуға болады?

Хәйләйлім!

Әнші-әріптестер әр кеңседе кездеседі. Олар дауысының бар-жоқтығына, жұмыс орнында отырғанына, біреудің жүйкесін жұқартатына да қарамайды. "О-о-о", “сәулем-ай”, "хәйләйлім" бүкіл бөлмеге жайылып адамды жабырқатады.

Шын мәнінде ән салудың жұмысқа жақсы әсері бар. Жалпы әу баста әндер бір істі бірігіп жасайтын аңшы не құрылысшы бабаларымызға бірігіп, бір ырғақты ұстануға көмектескен екен. 

Мәселе шешімі. Әріптесіңізге зұлым көзбен қарап, жасанды жөтелу көмектесе қоймайтынын байқаған боларсыз. Оған күлімсіреп қарап: "Маған да осы әуен ұнайды" деңіз. Әнші өзінің біртүрлі жағдайда екенін түсінетін болар. Тіптен түсінбейтін болса, оны бұл өлеңнің авторы, сөздері жайлы сұрап, ән салғанын осылай қойдырыңыз. 

Ал егер өзіңіз осындай кеңселік әншілер қатарынан болсаңыз, бұл әдеттен арылуға тырысыңыз. Жұмысты уақытында жасап, артық уайымдамаңыз. "Дем алуға" басқа әдет табыңыз. Мысалға, жаман қағаздарда шимақтар салыңыз, қолға айналдыратын жаттықтырғыш алып қойыңыз. 

Иісін-ай!

Әріптесіңіз күнделікті әтірге шомылып келгендей болады ма? Оның иісі күні бойы басыңызды айналдырып, мұрыныңызды жарды. 

Мәселе шешімі. Хош иісті әріптесіңізге иісі қатты емес әтір сыйлауға болады. Немесе өзіңізбен бірге кеңсеге жағымсыз иісті әтір алып келіп, сол кісінің маңына шашып қойыңыз. Мүмкін ол сіздің ойыңызды түсінер.

Ал өзіңізден сүйікті танымал брендті қымбат парфюмнің иісі қатты шықпай ма? Адам мұрны өз иісіне тез үйренеді, уақыт өте оны тіпті байқамайды. Сондықтан таңертең себілген бірнеше тамшы әтір күні бойына жететінін ескеріңіз.

Бұл менің кесем!

Кеңсеңізде біреумен жауласқыңыз келе ме? Ең оңай шешім - оның шынысынан шәй ішіңіз. Әрине оны артынан жумай, қоя салыңыз. Сізде осындай оқиға болды ма? Күнделікті әріптесіңіздің артынан шыныңызды жуғыңыз келмесе, әрекет жасаңыз.

Мәселе шешімі. Өзіңізге қанық түсті, үлкен, көзге түсерлік шыны алыңыз. Кеңседе оны бәріне көрсетіп, мақтанып, "Мынау менің жеке шыным, күшті иә?" деп сұрауды ұмытпаңыз. Егер әріптесіңіздің кесесі болмаса, келе жатқан мейрамдарда оны қуантыңыз.

Сіз өзіңіз біреудің кесесін алып қоя бересіз бе? Оның қожайыны іші тар, сараң емес. Біреулерге өзінің жеке жері, заттары қажет. Ол солардың арасында өзін сенімді, жақсы сезінеді. Кесе, құлақшындар - бұңың бәрі біреудің жеке өмірі, оған қол сұғу жаман қабылданбай қоймайды. Кеңседе біреудің дүниесінен аулақ болыңыз.

Ал сіз кеңседе қандай орынсыз жағдайларға кезіккенсіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: ritaburchika.blogspot.com

430 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 16 қараша 2012, 16:00
Пікірлер
+0
16 қараша 2012, 16:04

:lol: :lol: :lol: жауласқым келеді

+0
16 қараша 2012, 16:10

ыңылдамай текст оқи алмайтындар бар. тоқтамай түшкіре беретіндер бар. ұялы телефонын безілдетіп қойып, дәретханада он сағат отыратындар бар. сондайда автоматым, ең болмаса, артиллериялық танкім болса ғой дейсің. )

+0
16 қараша 2012, 16:29

))

+0
16 қараша 2012, 16:10

Мені сол үшін жақтырмайтын шығар жігіттер )))) Иә, менің кесем, қасығым, наушнигім, ручкам, тартпам, қағаздарым - жеке өмірім :) Және бұндай заттар басқаларында да жеке өмір болу керек деп есептеймін, ренжімеңдер!

+0
16 қараша 2012, 17:00

«...өзіңізбен бірге кеңсеге жағымсыз иісті әтір алып келіп, сол кісінің маңына шашып қойыңыз» немесе адыраспанмен аластап жіберіңіз ))).

+0
16 қараша 2012, 17:12

менімен бір кабинетте отыратын апайка-бабайка)) гайморит, бронхит - өмірі мұрнымен алысып отырады, көріп естісендер енді жаман, кәдімгідей жүйкеге тиеді, бір күні "байқаусыздан-әдейі" тұмсықтан жіберіп жіберуім мүмкін бе деп қорқам

+0
16 қараша 2012, 17:29

:mrgreen:

+0
16 қараша 2012, 17:22

ал менің ағатайым бар рулас болып шығып туыс болып жүрміз. сол ағамның жұмыс күні телефонмен арпалысумен өтеді.сәл нәрсе болса бас салып телефонға жармасып, жеңгемізден сұруға көшеді. сосын дауысы қатты шығып кетеді айтуға ұят, үлкенді сыйлап өскен қазақи ауылдың баласы болғандықтан. сосын темекі шегетін замандастарым шеккеннен соң кабинетке бірден кірмеңіздер, жағымсыз иіс алып кетеді.

+0
16 қараша 2012, 17:34

Жалпы көп адамның жүйкесіне тиетін нәрселерді байқай бермейтінімді байқап жүрмін ))) Мән бермейді екем )) Кейде тыныш отырып жұмыс істейін десең, әңгімелесіп, қатты күлгенде жыныма тиеді осы ) Кеңсе жалғыз менің жұмыс орнымдай )) Кім не істегісі келсе де, құқылы ғой негізі. Сосын телефонмен ұзақ уақыт күбірлеп сөйлескен де дұрыс емес-ау... ) :roll:

+0
16 қараша 2012, 17:55

Мәәәәә, көп сөйлейді қасымдағы апай! Жылы лебізімді білдірейін деп, кейде байқамай "қалай демалып келдіңіз" деп сұрап қалсам сол КҮНІ басым бәлеге қалады, ішімнен "активіне тарифы бар біреу хабарласса екен" деп тұрам, оған бағанағының бәәәәрін басынан бастап айтады білем, бірақ бар ғой, алдында өтірік күліп, басымды изеп отыру міндетінен құтылам ғой... (негізі өте жақсы адам, Коля, Вася, Надя, Юля деген таныс-туыстары жақсы адамдар (бәрін қайдан таниды деп таң қалмай-ақ қойыңдар), бірақ ше көп сөйлейтіндерді натпайым :-D

+0
16 қараша 2012, 18:12

Көрші бөлімде бір-екі жігіт бар: біреуі, танауын қоймай қазбалап, бриллиант іздеп отырса; екіншісі, қолын бұты мен қолтығына жиі алып барып иіскелейді де отырады ғой. Не әдет екенін жарықтықтың?..

+0
16 қараша 2012, 21:28

:lol:

+0
17 қараша 2012, 01:21

қатырыпты :lol:

+0
17 қараша 2012, 15:26

ия, кеңседе қызықты жайттар орын алып отырады. Кеше көмекші қыз аламын деп қызықты бастан өткердім сіздермен бөлісе отырайын. "Көмекші қыз" алғашқы күні-ақ өзінің өнерлі екенін көрсетті, түскі үзіліс кезінде ұйықтап жатқан мені суретке түсіріп, "ммс" арқылы біздің басқа бөлімшелерге жіберіп үлгеріпті. :oops:

+0
21 қараша 2012, 16:54

қызық екен!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...