Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Сен де?..

Сен де?..

Біз біреуге ұқсауға тырыспаймыз. Әр адам өз болмысымен ерекше. Солай дей тұра барлық адамның басын қосатын ортақ әдет-қылықтар бар. Әрине, олардың әрқайсысына себеп табуға болады. Сонда да көкейде қонақтап қалған бір ой маза бермес?! Ол ой - барлық адам келісіп алғандай, келісім жасап алғандай бірдей қылықтар жасайтыны. Алыстан алмай-ақ достарға қарайықшы, олар да дәл біздегі қылықтарды қайталап жатады. Шынында да, таңғаларлық?!

Сен де...?

- Сен де... пакеттерді пакет ішіне салып қоясың ба?

- Сен де... йогурттың затбелгісін жалайтын шығарсың?

- Сенің де қалпақ кисең, басың қышып қоя бере ме?

- Сен де... бала кезде нанға жібергенде, ылғи кешеден қалған нанды алып келетін бе едің?

- Сен де... шкафқа қою керек киімді үстелге лақтыра саласың ба?

- Сен де... кірпіштермен жүрген кезде жіктерін басып кетпеуге тырысасың ба?

- Сен де... жабық есікті көре тұра тұтқасын тартып көресің бе?

- Сен де қысқа ғана цитаттарды оқисың ба?

- Сен де... жағымды смс-терді қайта-қайта оқи бересің бе?

- Сен де... үйден шығарда бірдемені ұмытқандықтан бөлмелерде етікпен жүресің бе?

- Сен де... сағыз сұрағанда қайтаратын жауаптың мына түрін жек көресің бе:"Қазір ғана соңғысын беріп қойдым"?

- Сен де... қол сағатын сән үшін тағып, уақыт білмек болғанда телефонға қарайсың ба?

- Сен де... жарнамаға қарап тұрып: "Міндетті түрде қарау керек" деп ойлап, артынан міндетті түрде ұмытып кетесің бе?

- Сен де... пельменді кастрөлге лақтырған сәтте теріс қарап тұра қаласың ба?

- Сен де... әжетханада отырғанда қолға ілінген нәрсенің бәрін оқи бересің бе? (Мәселен, баллондағы ағылшынша, украин тіліндегі жазулар).

- Сені де... бала кезде анаң күртеше кигізіп жатып, тиекті иектің астына дейін тартып қоятын ба еді?

- Сен де... мектеп партасында отырып, ойланған шығарсың: "Мына синус пен косинустар бір кездері керек болар" деп?

- Сен де... бала кезде үйден су алып шығуды сұрағанда: "Егер мен үйге кірсем, шығармай қояды" деп айтқан шығарсың?

- Сен де... даусыңды диктафонға жазып, сосын артынан тыңдап, ондағы дауыстың жаман екенін және өзіңдікіне мүлдем ұқсамайтынын айтатын ба едің?

- Ал сенің қандай әдеттерің бар?

сурет:formspring.me

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

6092 25
Рейтинг: +11

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 15 қараша 2012, 20:50
Пікірлер
+0
15 қараша 2012, 13:38

- Сен де... жағымды смс-терді қайта-қайта оқи бересің бе? оқи берем, оқи берем..)) :lol:

+0
15 қараша 2012, 13:44

Сен де... жабық есікті көре тұра тұтқасын тартып көресің бе? Ия. Сосын тағы мынандай әдет бар ғой. Лифтке келсем, алдыңдағы адам кнопканы басып койса да кайта басасың, Сен бассаң тез келетіндей

+0
15 қараша 2012, 13:48

сосын әлгі адам бүртүрлі қарайма саған? )) :lol:

+0
15 қараша 2012, 13:44

менің де қалпақ кисем басым қышып қоя береді? :lol: :lol: :lol:

+0
15 қараша 2012, 13:44

Сен де көзіңе түскен кезде ғана иіссу себесің бе? :mrgreen:

+0
15 қараша 2012, 13:50

әжетханада отырғанда қолға ілінген нәрсенің бәрін оқи берем. Украин, ағылшын тілі бола берсін... :lol: :lol: :lol:

+0
15 қараша 2012, 14:17

:lol: :lol: :lol: ручканың басын тістеп отыратын әдет барма сендерде?

+0
15 қараша 2012, 14:17

сен де интернетке бір күн кірмесең, тұра алмайсың ба? )

+0
15 қараша 2012, 14:18

Сен де ұнап қалған әнді мың рет тыңдай бересің бе? :mrgreen:

+0
15 қараша 2012, 14:19

сен де тамақтағы ет таусылып қалмасын деп соңына қалдырасың ба? ))

+0
15 қараша 2012, 23:12

Мен ғана осылай істейтін шығармын десемю :lol:

+0
15 қараша 2012, 23:14

Мен ғана осылай істейтін шығармын десем. :lol:

+0
15 қараша 2012, 15:09

- Сен де... жағымды смс-терді қайта-қайта оқи бересің бе? иә :D

+0
15 қараша 2012, 15:52

Бәрі шындық)))

+0
15 қараша 2012, 17:52

:lol: :lol: :lol: иа иа иа

+0
15 қараша 2012, 18:47

"ұйықтап жатып көзімді ашып едім оянып кеттім" деген ссиақты қума создерго :lol: :lol: :mrgreen: :mrgreen:

+0
15 қараша 2012, 19:39

Ен сонгысы менде бар)) 8-)

+0
15 қараша 2012, 21:59

керемет!

+0
15 қараша 2012, 22:58

:lol: иә, мен де. кейбірін ғана

+0
16 қараша 2012, 00:11

:) қызық қой

+0
16 қараша 2012, 01:00

Сен де...үйде жалғыз болғанда ұнаған өлеңіңе өлтіріп тұрып білейсің бе?

+0
16 қараша 2012, 03:30

*Сен де сағатыңа қарап бола бергенде біреу "қанша бопты" десе, қайтадан қарайсың ба? *сен де автобуста кондуктор "қайтарымын біраздан кейін берем" десе, қосулы тұрған mр3-ойнатқышты өшіріп, бар назарыңды кондукторға аударасың ба? *сен де бітуге таяған тіс пастасының құтысын сыққанды жек көресің бе? *сен де инет, агент, телефонға үйреніп кеткенің сонша, қолмен жазып отырып қысқартылған сөздегі нүктеден кейін де бас әріппен бастап кетесің бе? *сен үшін де үш жақша грамматикалық қатеге жатпайды ма? *сен де ұялының оятқышын, кәдімгі будильникті қосып қойғаныңмен, бәрібір, сол баяғыша кеш тұрасың ба? *сен де күнде таңертең "тағы 5мин." ұйықтай тұрасың ба? *сенің де комп. алдындағы "20минутың" кем дегенде 2 сағатқа созыла ма? және т.с.с. Жоғарыда жазбада айтылғандардың да көбісіне басымды шұлғып отырдым)))

+0
19 қараша 2012, 15:47

Иә, күнделікті өмірде аса мән бермейтін жағдайлар. Бірақ, қызық.))) Мен де бала кезімде даусымды магнитофонға жазып, кейін тыңдағанда мүлдем басқаша естілетін.))

+0
21 қараша 2012, 15:34

Бәрі де рас дүние! окып отырып еріксіз басыңды изеп отырасың!!! жарайсын!

+0
02 желтоқсан 2012, 13:28

Кішкентай кезде бір нәрсені біліп тұрып үлкендердің әдейі миын ашытып сұрау.... :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Махаббат деген не?
Махаббат деген не?

Махаббат деген не?

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...