Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қыз алып қашу дұрыс па?

Қыз алып қашу дұрыс па?

Қыз алып қашу дұрыс па?

Әңгімені әңгімеден бастайын.

Жақсыбек деген досым болған. Қандай түлен түрткенін білмеймін, бір күні "жігіттер, мен қыз алып қашам" деп келіп тұр. Шіркін-ай, ол кезде біз де баламыз ғой. Балада қайдан ес болсын. "Қашсақ, қашайық" дедік.

Ойбай, ақыры не керек. Үш жігіт болып темір тұлпарға мініп алып қыздың үйінің алдына келдік. Ол байғұсты алдап-сулап шығарып алдық. Содан көп ойланып жатпастан оны тұлпарға отырғызып алып қала сыртына қарай жүре бердік. Ана қыз ештеңе сезер емес. Тек жарты жолға келгенде қайда бара жатқандығымызды сұрады. Алып қашып бара жатқанымызды білгенде де қатты қиналыс білдіре қоймады. Себебі мәшиненің алдында түр әлпеті келіскен Нұрбек деген жігіт отырған болатын. Шамасы Нұрбекке тием деп ойлап келе жатқан болуы керек, пәтшағар.

Ойбай, ақыры не керек, жолдың жартысынан асқаннан кейін қызымыз болашақ күйеуінің қара торы Жақсыбек екенін білді. Шіркін-ай, сол кезде көк Opel-дің қалай шайқалғанын көрсеңіздер ғой. Аударылып кете жаздады ғой. Шын айтам... Өлердегі сөзін айтып жалынбасы бар ма?

Бізге не дейсіздер енді, есі дұрыс емес, жастықтың желімен қай тесікке барып не бүлдірерімізді білмей жүрген жандар едік қой. Ақыры не керек, ол қыз береке таптырып бір орында отырмады. Содан соң үлкендердің ақылымен "тұтқынды" үйіне апарып тастауға тура келді.

Енді сұрақ. Қыз алып қашу дұрыс па?

Сөз жоқ, адам баласы уақыттың өтуімен бәріне үйреніп кетеді. Бірақ солай екен деп азаматты еркінен айырып, бас бостандығына шабуыл жасау дұрыс емес деп білемін. Жабайылықтың, тағылықтың заманы өтті. Сүйіп қосылғанға не жетсін. Бір-бірін жете танып, қарым-қатынастың піскен уақытын тап басып үйленіп кетсек, құп емес пе? Әңгімемді аяқтай келе, жастарды бұл дерттен арылуға шақырамын.

Автор: Еркебұлан Қайрахан

сурет: knews.kg

7272 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 14 қараша 2012, 18:30
Пікірлер
+0
14 қараша 2012, 18:30

Дұрыс емес.

+0
14 қараша 2012, 18:43

дұрыс емес әрине!!!

+0
14 қараша 2012, 18:54

бассыздық

+0
14 қараша 2012, 19:12

қызға баласына өте обал! Дұрыс емес салт! Үзілді-кесілді қарсымын!!!

+0
14 қараша 2012, 20:17

дұрыс емес салт дейсіз,бұл қайдағы салт,салт емес сұмдық қой.қазақтың қыз жігіттері ақ махаббатқа жол бермеген жөнсіздердің себебінен бірге қаштын болған,ал қыздың қосылмағанна қарамай алып қашса бұл барымта ғой.

+0
14 қараша 2012, 19:30

2 жақтың келісімен алып қашу болса-қарсы емеспін,ал егер басып алып қашу болса- мүлдем қарсымын!

+0
14 қараша 2012, 20:25

дұрыс емес, әсіресе кейбір жігіттердің "жігіт таңдауын алады, қыз таңдауы қалады " дейтінін қайтерсің.... Дегенмен мына заманды танымай алып кашу жок шыгар деп ойлаймын, болашак жарынын кандай екенин билмей ешким де алып кашпайтын шыгар деп ойлаймын)

+0
14 қараша 2012, 20:33

Екеуі келісіп алып қашатын жағдай бұл басқашалау.... сол "алып қашу" операциясын бастан кешірген қыздардың бірімін)))) Бірақ ана қызбен салыстырғанда мені білетін жігітім болды, оқу бітірген соң үйленейік дегенге көнбей алды да кетті)))) Қазіргі заманда алып қашу деген болмайды әрине!

+0
14 қараша 2012, 21:29

тупо ғой!!! варварлардың ісі

+0
14 қараша 2012, 22:35

идиотизм бұл :(

+0
15 қараша 2012, 00:51

келісіммен алып қашса күшті ғой)))

+0
15 қараша 2012, 01:10

ote durs salt Men koldaimyn!!! :)

+0
15 қараша 2012, 02:04

қойыңызшы тегі, мықты болсаңыз алып қашпай-ақ қыз келісімімен алмайсыз ба. "қызды өзіне қарата алмай, амалы құрыған жігіттер ғана алып қашады" деген пікірді естіп едім тв-дан, кім айтқанын ұмытып отырмын

+0
15 қараша 2012, 02:02

дұрыс емес! менің бір Алматыдағы туысқан апамды 17-жасында күрттер алып қашқан екен, ол қыз да тулаған мінезінің арқасында әрең құтылыпты. кейін сүйгеніне қосылды ғой. Біздің өңірде ондай салт жоқ екендігі қуантады

+0
15 қараша 2012, 02:10

Kewirersiz men kaljyndap jazgam)Bizdin Oraldada ondai salt kezdespeidi kop,

+0
15 қараша 2012, 10:07

Дұрыс емес

+0
15 қараша 2012, 10:52

өмірлік тәжірибеден, алып қашу салтымен қосылғандар арасында ажырасу жағдайлары әлі кездеспеді, сондықтан кім біледі бақыттың қайда күтіп тұрғанын, ол қандай түрде келіп басқа қонатынын

+0
15 қараша 2012, 11:15

ҚАРСЫМЫН!!!

+0
15 қараша 2012, 11:39

Қолдаймын!!!

+0
15 қараша 2012, 12:18

Қыз алып қашу – таза жігіттік, джентельмендікті көрсететін ұлттық қыр, қасиет. Бұған жігіттің жігіті тәуекел етеді және соңына дейін шыдап тұра алады. Бұл тұрғыда Анар Қожахмет пен Сәния Қуанқызының жауаптарына назар аударған дұрыс. Мен, өз басым екі «Қыз алып қашу» операциясын тікелей ұйымдастырып, нүктесін қойған жанмын. Біріншісінде, сүйген, ғашық қызымды; екіншісінде, туыс қарындасымды (өз машинаммен). Өйткені, қолқа салған жігіттің екеуі де менің жан қиыспас достарым болатын. Түсінген, екі жастың бақытын ойлаған жандар менің бұл қылығымды теріс дей қоймас, десе де болары болып, бояуы сіңген дүние. Қазір олар, қарасаң көзің тоятын, сүйсінсең көңілің толатын ең бақытты жанұялар. Екеуі де, бала-шағалы, үбірлі-шүбірлі, ағайынға сыйлы, ел-жұртына қадірлі. Тіпті, біреуі егіздерімен үш ұлды сыйға тартты ). Тіл, көз тимесін... ).

+0
15 қараша 2012, 13:23

Бәке, не деген жүрек анау кеудеңдегі! Не деген мінез! Массагетте өзіңдей дара топшылай алатын азаматтың барына - шын риза боламын...!

+0
15 қараша 2012, 13:16

тарихыңда "бар" болған соң, дәстүрді "жаңғыртып" тұрғанға қарсы емеспін. Өз басым қарсы емеспін!

+0
15 қараша 2012, 13:26

Менде қарсымын!

+0
15 қараша 2012, 17:41

))) Массагеттен қыз әкетсек – Әбекеңдікінде той болады!!! )

+0
15 қараша 2012, 14:55

Жеке өз басым сол алып қашудың" отанынан" болам///// алып қашу хит-техас аталған шырайлы шымкенттің қызымын. қаншама женге апкеміз сол " салттың" құрбаны,бірі куәгері болды/// тфа тфа ешкім қайтып келіп өкінген емес, алайда мен түбегейлі қарсымын/// мені біреу солай алып қашса ойланбай соттар ем//// әңгімесінен шошитын мен жоқ// десек те бүгінде бұл үрдіс сол "техастан" алыстап бара жатқанына мәзбін. біз жақта "ұзату" мода//// так что қыздар шымкентке қонаққа келуге қорықпаңыздар!!!////

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...