Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жігіттердің қыздарға қатысты стереотиптері

Жігіттердің қыздарға қатысты стереотиптері

Жігіттердің қыздарға қатысты стереотиптері

Жігіттердің көзқарасында қыздарға қатысты көптеген стереотиптер қалыптасқандығын білеміз. Бүгін осы қатып қалған көзқарастарды бұзуға тырысып көреміз.

1. "Қызды 'сындырудың' универсал әдісі бар". Бұл туралы пікірлердің көптігінің өзі бұл ойдың миф екендігін дәлелдейді. Шындығында қыздың көңіліне әсер ететін нюанстар өте көп. Және сол ұсақ әрі көп нюанстардың әрқайсысы түпкілікті нәтижеге өте қатты әсер етеді.

2. "Қыздардың барлығы сәл нәрсеге айқай-шу шығаруға дайын тұрады". Долы сөзінің жігіттерге қатысты қолданылмайтындығының да өз себебі бар. Бірақ іске келгенде қыз балалардың жүйкесі жігіттерге қарағанда мықтырақ болып келеді. Мысалы арулардың ұсақ, ісі көп жұмыстарды еш жалықпай істей беретіндігі, өмір қиыншылықтарына шыдай білетіндігі сөзімізге дәлел бола алады.

3. "Қыздар техниканы түсінбейді". Бұл мифті жігіттер қауымы өте жақсы көреді. Бірақ олардың көпшілігі алғаш бағдарламашының әйел адам болғанын біле ме екен?

4. "Қыздың барлығы косметика пайдаланып, апта сайын киім алмаса, өмір сүре алмайды". Шындығында модадағы тенденциялар мен косметикаға назар аудармайтын қыздар жетіп артылады. Бір жағынан алып қарағанда қарама-қарсы жынысқа ұнауды мақсат қылу барлық адамға тән. Тіпті жігіттерге де.

5. "Қыздар арасында достық жоқ". Иә, қыздар өздерін өзгелермен салыстырып, дамып отыруды жақсы көреді. Бірақ бұл достықтың жоқ екендігін білдірмейді. Шындығында қыздар бір-бірімен өте тез және оңай достасып кете береді.

6. "Қыздардың барлығы тек тұрмыс құру туралы ойлайды". Бұл сөзді өзінің таңдауына күмән келтіретін жігіттер шығарған дер едік. Шындығында арулардың бұдан басқа да проблемалары жетіп артылады.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

сурет: mail.ru

5161 13
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 13 қараша 2012, 18:28
Пікірлер
+0
14 қараша 2012, 00:01

жігіттердің құлағына алтын сырға

+0
14 қараша 2012, 00:51

Мұндағы стереотиптердің көпшілігі маған сәйкес келмейді екен

+0
14 қараша 2012, 00:53

... Тұрмысқа шығу ... Шындығында арулардың бұдан да басқа ПРОБЛЕМАЛАРы жетіп артылады... :-D иә, иә,,, :-)

+0
14 қараша 2012, 01:07

Еркектер мен әйелдер достығының айырмашылығы:

Әйелі таң ата үйіне келеді де, күйеуіне достарының үйіне қонғанын айтады. Күйеуі тексеру үшін әйелінің ең жақын он досына қоңырау шалады. Оның бесеуі «қонған жоқ» деп айтса, қалған бесеуі басқа жерде көргенін айтады. Бұл әйелдер достығы.

Күйеуі үйіне таң ата келеді. Ол да түнде досының үйінде болғанын айтады. Әйелі тексеру үшін күйеуінің ең жақын он досына телефон шалады. Оның бесеуі «иә, біздің үйде қонды» десе, қалған бесеуі «әлі ұйықтап жатыр» деп айтады.

+0
14 қараша 2012, 11:27

стереотип )

+0
14 қараша 2012, 16:29

Еркектердің стереотипі-әйел ақымақ, әйелдердікі-еркектер жексұрын, оңбағандар))))))

+0
14 қараша 2012, 08:32

бір құрбым айтушы еді: "сынбайтын қыз жоқ, сындыра алмайтын жігіт бар" деп, есіме түсіп кетті))

+0
14 қараша 2012, 08:42

Қызда, жігітте өз орнын біліп, өз орнымен жүрсе бәрі керемет болады
бір-біріне түсіністікпен қарау керек қай кезде болғанда да салқынқандылық танытып

+0
14 қараша 2012, 11:28

салқынқандылық танытып? :roll:

+0
14 қараша 2012, 09:07

Мифтерді жақсы ашып көрсетіпсіз, жігіттер оқып алыңжар)))

+0
14 қараша 2012, 23:03

Иа арасында дұрыс айтылғаныда бар екен.... Көбінесе өзіңде қыз болгасынба қыздарды мақтап жаза беріпсің ))) иа қыз қауымы ұсақ зат не болмаса істерге шыдамдылықтары күштірек болар, өмірдің мәнін жақсырақта ұға білер. Бірақ шындығығой жігіт таңдап тұрмыс құрар болса, иа оның адам кершілігінеде қарай отырып кобинесе оның жағдайын қарастырады өкініштісі !!
Бұл жердегі сөздер жуып шаюші сөздер екен !!!!!

+0
15 қараша 2012, 01:14

yaaaaaaaaaa!!!!!!!!!!!!!!!!11 :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...