Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Уақыты тапшы жандарға

Уақыты тапшы жандарға

Уақыты тапшы жандарға

Сіз күнде ерте оянып, тез жиналып, жұмыс не сабаққа уақытында келуге тырысасыз. Алайда, аяқ астынан шұлығыңыз тесіліп не жолда кептеліс болып қалады...  Ерте тұр не, кеш тұр не, кешіге бересіз. Күнде өзіңізге жарты сағатқа ерте тұруға уәде берсеңіз де, таңертен бүкіл әлем тек сізді жолдан қалдыру үшін бола қалғандай. Егер сізге осындай жағдай таныс болса, мына айла-әдістер көмегімен еш жерден қалмауды үйреніңіз. 

1. Ұялы телефон мен үйдегі сағатыңыздың уақытын жарты сағатқа ертерек ауыстырыңыз және де оның ауыстырылғаны жайлы ұмытыңыз! "Әй, менің жарты сағатым бар еді ғой" деп жүрмеңіз.

2. Бір таңды қолыңыздан блокнот тастамай өткізіп, істеген істеріңізді жазып отырыңыз. Оған кеткен уақытты да көрсету керек (душ қабылдау - 15 минут, таңғы ас - 10 минут). Кейін жазылған тізімге көз жүгіртіп, қандай істердің көп уақыт талап ететінін анықтаңыз. Мүмкіндік болса, оның уақытын қысқартып, тезірек істеуге тырысыңыз. Кейбір істерді кешке, ұйықтар алдында тындырып тастаса да болады. Мысалға, жұмысқа киетін киім-кешекті кешке таңдап, үтіктеп қою таңертең уақытыңызды үнемдейді. 

3. Егер сізге еш кеңес көмектесе қоймаса, біреудің көмегіне жүгінсеңіз болады. Әрине, бастығыңыздан "Кешіккен жағдайда, маған штраф салуыңызды сұраймын" деудің қажеті жоқ. Жұмысыңыз не оқуыңызда сізді бақылауға ала алатын құрбыңыз не досыңыз бар болар. Одан кешіккен әр 10 минутқа шоколад әкелуіңізге бел буыңыз. Шоколадқа тойып, толып кеткен құрбыңыз, сізді тез уақытта қолға алатынына сенеміз!

Сурет vkontakte.ru сайтынан алынды.

4684 19
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 08 ақпан 2012, 16:00
Пікірлер
+0
08 ақпан 2012, 16:30

Дәл маған қаратылып айтылған, айтпақшы бірінші пункті істеп көрдім. Онымен "он бес минут ерте ғой" деймін де жылы төсекте жата берем ерініп ))) Бірақ, кей кезде алда екенін ұмытып кетемін, сәйкесінше ол үлкен пайдасын тигізеді. 2-3 пункттер басыма келе қоймапты, енді соларды байқап көремін!

+0
08 ақпан 2012, 16:30

"Әй, мені жарты сағатым бар ғой"))))))))))))))))))))

+0
08 ақпан 2012, 16:34

Ал мен будильникті әдейі ерте қоямын. Ерте оянып, ой әлі ерте ғой, мә, ұйықтап алайын деймін де жатамын. Солай шошып оянып, бар жерден кешігемін де жүремін)))

+0
08 ақпан 2012, 17:04

Ондай жағдайлар менің ғана басымда бола ма десем))

+0
08 ақпан 2012, 17:15

))Бәрімізде сол екен ғой

+0
08 ақпан 2012, 19:14

Ой, Сәния бүгін дәл сен сияқты "әлі ерте ғой,мә, ұйықтап алайын " деп ұйықтап қалыппын. Оянған соң өзіме әбден ұрсып алдым! ))

+0
08 ақпан 2012, 19:42

Енді мына кеңестерді ұстанып көрейік))

+0
09 ақпан 2012, 01:15

+0
09 ақпан 2012, 01:57

күшті

+0
09 ақпан 2012, 03:22

Видеороликті мына жерге қалай қостыңыз???))) Қызық болып тұр! ^_^

+0
09 ақпан 2012, 16:33

http://massaget.kz/blog/627 мұнда бәрі жазылған

+0
23 ақпан 2012, 17:10

қызыыыық екен)))))

+0
09 ақпан 2012, 14:53

Бұрын көргенмін мына видеороликті! Шынымен қалай жүктеген осы жерге. Түсіндіріп беретін бір жан бар ма?! )))

+0
09 ақпан 2012, 16:12

Күшті кеңестер, маған ұнап жатыр мына сайт!)))Ерең істеп көрем

+0
23 ақпан 2012, 16:36

Будильник придумал дьявол... чтобы с самого утра люди вставали злыми!

+0
23 ақпан 2012, 16:49

Менің баратын жерлеріме кешікпей келген кезім есіме түспей тұрғаны! Жұмыста түсініктеменің: "Кешіккен себебім, өйткені күнде кешігемін" - деген түрлері де бар (қалжың))))) Құрбыларым да көп күтіп қалған жағдайларда "дәл осы әдетің үшін жігітің тастап кетсе де таң қалмаймыз" деп ренжіп жатады. Қысқасын айтқанда ауру қалса да, әдет қалмайды!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
Би өнерінің қызықтары
Би өнерінің қызықтары

Би-менің екінші өмірім.

Автор: tansamal tolebay
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...