Өмірдің мәні жан әлеміне жасырылған

Өмірдің мәні жан әлеміне жасырылған

Бақытсыздықтың мәні

Өткен іс өтті, оны өзгертуге, қалпына келтіруге шарасызсың. Тек алдағы уақытта жаман оқиға мен істі жақсыға қарай бейімдей білу керек. Мәселе одан ғибрат алып, тәжірибе-сабақ қабылдай білуде. Міне, бұл бақытсыздықтың мәні.

Күлкінің мәні

Тек адамзат қана күледі. Күлкі – ауыртпалықты жеңілдетеді, күлкі ұзақ өмір сүрудің табылмас кілті. Күлкіде барлық дүние өз қасиетін әйгілейді. Күлкі шаттық бағыштайды, күш-қуат арнайды, үміткер жігер (рух) береді, қайғы-қасіреттен айықтырады. Сондықтан, сәтсіздікке күлсең, ол көрген түстей елеске айналады. Табысқа күлсең, ол өз қалпыңды сақтайды. Жауыздыққа күлсең, ол сенен алыстап, аулаққа кетеді. Ізгілікке күлсең, ол шүлен шуағын шашады. Әзіл-қалжыңға күлсең, ол сенің ойыңды марқайтады. Қуанышқа күлсең, ол сенің жаныңды сергітеді. Азапқа күлсең, ол сенен жасқанады. Ал, өзіне-өзі күлу - дарақылық.

Сордың мәні

Сорға бақ жасырынады. Өмірде жамандық жақсылыққа, сор баққа айналатын кездері де болады. Кейде сор тіпті бір түрлі бас айналдырарлық бақ, табылмас орай болуы да ғажап емес.

Азаптың мәні

Адам баласы жалтаруға, қашып құтылуға, өзгертуге мүмкін болмайтын тағдырға (азапқа) дөп келгенде, ең соңында бір орайға қол жеткізеді. Міне, бұл азаптың мәні.

Өмірдің мәні

Өмір өте құнды. Оның құны қиыншылық жағдайда ғана танылады. Өмір адамды тергейді. Ал, адам өз өмірі арқылы сол сұрауға жауап береді. Міне, бұл өмірдің мәні.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

M. Auelkhan