Байыпты үнсіздік – зейінді қорғаныс

Байыпты үнсіздік – зейінді қорғаныс

Шеберлікпен ұтып кету, екінің бірінде, нағыз сүйінерлік іс. Менмұндалаудың пайдасы да, қызығарлығы да жоқ. Елпілдеп кетпей, салмақтылық таныту жұртты ойландырады. Әсіресе сенің мәртебең үстем болып жұртты әбден үміттендіргенде, байыбына бара алмас сырлылық сені құрметке бөлейді. Шындықты айтуға тура келген күнде де, түк қалдырмай лақ еткізуден сақтанған бәрінен абзал.

Басқаларға сырыңды алдырма. Байыпты үнсіздік – зейінді қорғаныс. Көңілге бүккен тұжырымды дабыра қылу құрметке ие еткенді былай қойып, сөзге қалдырады. Жасаған шешіміңнен болмашы ағаттық шықса, сорың қалыңдай түседі. Егер басқалардың назарын аударып, құрметіне бөленем десең, сырыңды сыртқа шашпа.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: xyjyjt.com

M. Auelkhan