Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ескеретін екі ақыл

Ескеретін екі ақыл

Ескеретін екі ақыл

1-ақыл

 Оқымыстылар «Алты нәрседен үміт күтпеу керек» деп тұжырымдаған.

Олар:

  1. Бұлттың көлеңкесінен үміт күтпеген жөн. Ол желдің ығына қарай көшіп кетеді.
  2. Мақсатсыз достық. Ол басыңа іс түскенде маңыңнан ғайып болады.
  3. Әйел махаббаты. Ол кішкене іске бола бет бұрады.
  4. Сұлу көрік. Ол жас ұлғайғанда біртіндеп өшіп жоғалады.
  5. Жалған, өтірікті жақтау. Бұл да ақиқат алдында ауыр соққыға ұшырап, жеңіліспен тыным табады.
  6. Байлық. Ол иесіне опа қыла алмайды. Абай айтқан: «Көрдік қой дүние деген иттің көтін» деп. 

2-ақыл

Достасқың келсе, төмендегідей үш түрлі адаммен достасқан абзал.

  1. Ғалым мен кемеңгер. Олардың үйретері бар. 
  2. Жоғары мәдениетті адамдар. Олар шынайы досынан ақыл-кеңесін аямайды.
  3. Ақ көңіл адамдар. Олар достықтың негізін шынайылықпен қалайды.

Үш түрлі адамдардың достығынан сақ болған жөн.

  1. Өзімшіл пасықтар. Олардың ойлайтыны тек қана нәпсі.
  2. Суайттар (өтірікшілер). Олардың кеңесінен азап пен пәле-қаза өрбиді. Олар сен арқылы өзгелерге өсек тасиды және өзгелер үстінен өсек айтып, сені пәлеге душар қылады.
  3. Надандар. Мүдде тұрғысынан оларға сенім артуға, оларды сүйеніш етуге келмейді. 

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

5212 5
Рейтинг: +7

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 09 қараша 2012, 13:56
Пікірлер
+0
09 қараша 2012, 12:44

керек дүние екен

+0
09 қараша 2012, 15:10

достар жайлы күшті айтылған

+0
10 қараша 2012, 22:08

әйел махаббаты дегенге келіспеймін

+0
10 қараша 2012, 23:31

Әзілхан Нұршайықов "әлемді көріктендіріп тұрған - әйел махаббаты" демеп пе ед?!

+0
11 қараша 2012, 02:32

АЙНАРА Байжан Әзілхан ағамыздың шығармаларымен массагеттің мастит блоггерлерінің таныстығы шамалы, оқырмандарын былай қойғанда сондықтан Коэльоны алға тарт.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...