Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Пейілдің ағы мен қарасы

Пейілдің ағы мен қарасы

Пейілдің ағы мен қарасы

Кең пейіл болудың бес түрлі пайдасы:

  1. Кең пейіл адам басқалардың артықшылықтарын көңіліне сақтап, жүрегіне алғысты сезім ұялата алатындықтан, көптеген адам оған көмектесуге құштар келеді.
  2. Кең пейіл адам басқалармен бірге қуана алады, басқаға шаттық бағыштайды, қапалы істерді қайырып тастап, жүрегіне көңілді істерді ғана сақтайды. Сондықтан оның шаттығы басқаларға қарағанда көп болады.
  3. Кең пейіл адам басқалардың артықшылығын байқауға шебер келеді, басқалардың ерекшелігін мойындайды. Сондықтан, оның досы көп болады.
  4. Кең пейіл адам өзгелердің көңілін түсінуге шебер болады, басқаларды түсінеді, құрметтейді. Сондықтан онымен селбестік жасайтындар көп болады.
  5. Кең пейіл адам басқалармен артықша есептесіп жатпайтындықтан, қанағат жасауды білетіндіктен, оның байлығы да өзіне кеңінен жетеді.

 

Кең пейілділіктің жауы – қызғаншақтық.

Қызғаншақ болудың бес түрлі зияны:

  1. Қызғаншақ адамның көзі жақынды ғана көреді, басқаның артықшылығын көргісі де, басқалардан үйренгісі де келмейді. Сондықтан, олар ақымақ ретінде бағаланады.
  2. Қызғаншақ адамдар үнемі басқалардың жамандығына қуанып, жақсылығына қайғырады. Сондықтан олар мәңгі азап ішінде жанталасады.
  3. Қызғаншақ адамдар үнемі басқаларды көре алмай оларды арандатуға жұмыс жасайды. Өсекке құмар болады. Сондықтан олардың досы жоқ.
  4. Қызғаншақ адам мәңгі тыным алмайды, басқаларға өшесіп өтеді. Орайын тауып өзгенің аяғынан шалуды ойлайды. Сондықтан оның жан-дүниесі қалжыраудан көз ашпайды.
  5. Қызғаншақ адам үнемі беймаза істерді өзі іздеп табады, өйткені оның жауы – өзі.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

10697 5
Рейтинг: +6

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 08 қараша 2012, 09:16
Пікірлер
+0
08 қараша 2012, 09:32

Жақсы жазба. Қазақ "Кең болсаң, кем болмайсың" дегенді бекер айтқан ба... Ал көре алмаушылыққа келсек, пейілдің тарлығынан асқан қасірет жоқ шығар... :roll: :roll:

+0
08 қараша 2012, 09:59

ұнады, жақсылыққа кеңпейілділлікке ұмтылайық

+0
08 қараша 2012, 10:47

Жақсы айтылған. Тек сол кең пейілділікті көбі өзгеше түсінеді. Ал қызғанышты мойындай білмейді. Өкінішті-ақ :roll:

+0
08 қараша 2012, 10:47

Жер бетіндегі барлық адам кеңпейіл болса ғой, шіркін!!!

+0
09 қараша 2012, 11:37

жақсы. дегенмен жер бетінде барлық адам кеңпейіл болса өмір тым мағынасыз боп кететін шығар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...