Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Сабыр сақтай біліңіз

Сабыр сақтай біліңіз

Сабыр сақтай біліңіз

Жақында ғана мынадай бір хабарды көзім шалған.

Әкесі сыртқа шыққанда үш жасар ұлының қолындағы темір таяқшамен машинаның алдыңғы бөлігін шұқылап отырғанын көреді де, дереу ұлының қасына жетіп барып, темір таяқшаны тартып алған әке ашу үстінде ұлының қос қолынан ұра бастайды...

Сәлден соң жынданып барып, есін жиған кісідей ұлын құшақтап, емханаға жүгіреді.

Дәрігер сәбидің уатылып сынған саусақтарын қалпына келтіруге қанша тырысса да өнімі болмайды. Амалсыздан, қос қолын білезіктен кесіп тастауға тура келеді...

Бала операциядан оянған сәтте қатты ауырып тұрған шолақ білегіне қарап, көздеріне үрей толып: «Әке, кешіріңізші, машинаңызды бұзып қойғаным үшін кешіріңіз!» дейді жыламсырап, өкініштен сөйлеуге шамасы келмей қалған әкесіне. Сәлден соң тағы: «Әке! - дейді үмітпен, - менің саусақтарым енді қанша күннен соң өседі?...»

... Байғұс әке үйіне қайтқан соң өкініштен есін жимаған күйі өзіне қол жұмсаған.

Қандай бақытсыздық деші!  Ашу мен ыза үстінде бұл сорлы әке мұндай қасіретке жолығамын деп мүлде ойлаған жоқ қой.

Сабыр! Сабыр!

Сәбиіңіз алдындағы тамағын төгіп алғанда, олардың тынымсыз сәттерінде, тоқтаусыз жылаған кездерінде бұл әңгімені еске алыңыз.

Айналаңыздағы жаныңызға жақын адамдарға бола сабыр-тағатыңызды жоғалтудан бұрын, бір минут ойланыңыз.

Мал-мүлік қалпына келер. Тіпті сынған қол да. Бірақ, аяусыз соққы жеген бейшара көңіл ешқашан қалпына келмейді.

Қателіксіз адам баласы жоқ. Бәріміз де солай.

Тек қана ашу мен ойсыздық, сабырсыздық адам баласын ғұмырының соңына дейін қинайды.

Әр іске кірісуден бұрын ойлан және сабырлы бол.

Сабырлылық – адам баласының ең асыл қасиетінің бірі. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: blogs.mail.ru

4787 11
Рейтинг: +10

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 02 қараша 2012, 18:23
Пікірлер
+0
02 қараша 2012, 16:44

сабыр... осы сөз қазіргі жағдайда, өкінішке орай, маған таңсық...

+0
02 қараша 2012, 17:02

Осы неге адамдар ашу үстінде өз-өзін басқара алмайды екен?! Мен мына жазбадағы әкені жек көріп отырмын! Ондай әкенің болғанынан болмағаны... :cry:

+0
02 қараша 2012, 17:09

кейде өзіміз де сондайға барамыз абайсызда. бұл тек мысал ғана ғой. сабырсыздықтан жоғалтқан дүниелеріміз қаншама. сүйген адамымыздың көңілін ауыртып алатынымыз да осы сабырсыздықтан.

+0
02 қараша 2012, 17:32

сабыр........... көп естіп тұрсам ғой, көп қолдансам ғойййй

+0
02 қараша 2012, 18:25

сабыр түбі-сары алтын!!!!

+0
02 қараша 2012, 23:16

Сабыр сақтай білгенге не жетсін. шынымен де құнды дүние екен.

+0
03 қараша 2012, 03:21

:(

+0
03 қараша 2012, 12:41

кейде сабырға қарамау керек. талай адам сабырды басқамен шатастырып жатады. Нағыз сабыр адамға керек-ақ.

+0
03 қараша 2012, 15:52

Мұндайды естімеппін. Бірақ қаншама отбасы бар балаларының көңіліне қаяу салатын, бірақ кейбір балалар мұндай ұрып соғуды қалыпты қабылдайды, өскенде өздері соны балаларына қайталайды. Өмірде көріп-түйген соң айтып отырмын.

+0
03 қараша 2012, 17:41

дурыс айтасын

+0
17 қараша 2012, 02:33

ана бопеге жаным ашып кетті ғой :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...