Көшбасшы бол!

Көшбасшы бол!

Жұмыста күніміздің басым бөлігі өтеді, сол себепті жалпы өмірдегі ұстанымдарымыз, мінезіміз жұмыста көрініп, қалыптасады. Болашақта бастық боламын деп жоспарласаңыз, қазірден бастап соған ұмтылыңыз. Ал ол үшін...

Ал ол үшін мына кеңестерді орындап жүріңіз.

Қымбат киім

Мәселе ондаған көйлек, белдемшелерді күнде ауыстырып тұруда емес. Бірнеше ғана қымбат, өте сапалы, брендті киім сатып алыңыз. Сәнді де қымбат киім әр уақытта өзіңізге деген сенімділігіңізді жоғарлатып, басқалардың да көзқарасын өзгертеді.

Шапшаң қимылдаңыз

Таңмен жұмысқа еріксіз барып, жұмыстағы бөлмеңізге жетемін дегенше жолдағы қыздардың бәрімен амандасып, ас бөлмеге кіріп, шәй ішіп, жолда қол жуып айнаға қарап жүресіз бе? Сіздің жарты жұмыс күніңіз осындай істермен өтіп, жұмысыңыз бітпей қалатын болар. Өзіңізді алдаңыз: ылғи асығыс болыңыз. Кабинеттен кабинетке жүгіріп, түскі асқа жүгіріп келіп, басшылығыңызға өзіңізді еңбекқор, өзіне сенімді, бәрін үлгеретін, мақсатына жете білетін етіп көрсетесіз. 

Сәттіліктерді еске алыңыз

Өткен сәтсіздіктер болашақта өз күшіңізге сенуіңізге бөгет бола алады. Сондықтан бастан өткен сәттіліктерді ылғи есте сақтап, өзіңізді мақтаңыз. Одан да биік белестерді бағындыру ендігі мақсатыңыз болсын.

Комплимент жасаңыз

Кеңседегі әріптестеріңізге комплимент жасау арқылы сіз өзіңіздің де, олардың да көңілін көтеріп, кеңседе жылы, жайлы жағдай орнатасыз. Көпшіліктің көңілінен шыққан адамға жұмыс жасауда ешкім бөгет жасамай, керісінше көмектесе алады.

Алдыңғы қатарлардан көрініңіз

Жұмыстағы жиналыс, кездесу, корпаративті отырыстарда алдыңғы орындарға отырып, белсенділік көрсетіңіз. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: bootstrapmentors.com

С. А