Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жан жарым болшы, аяулым!

Жан жарым болшы, аяулым!

Жан жарым болшы, аяулым!

Сүйіктіңізбен кездесіп жүргендеріңізге аз уақыт өткен жоқ. Бірге болған уақыттың ішінде оның сізге жақсы жар бола алатындығына көзіңіз әбден жетті. Ата-анаңыз да сіздің шаңырақ көтергеніңізді қалап, немере сүйгісі келетіндіктерін күн сайын есіңізге салып тұрады. Өзіңіз де бойдақ өмірден, кір жуу, тамақ жасау жұмыстарынан мезі болдыңыз. Уақыт созып қажеті не? Бәрінің де шешімі – отбасын құру. Ал отбасының іргетасы – ер мен әйел екенін жақсы білесіз. Ол үйленумен қаланады.

Үйлену туралы ұсыныс – екі тараптың да «өмір» атты кітабында алтын әріптермен безендіріліп жазылатын ең маңызды, ең жауапты сәт. Бір қарағанда «Маған тұрмысқа шығасың ба?» деп айта салу оңайдың-оңайы болып көрінеді. Алайда, бұл сәтті мәңгі естен кетпестей етіп өткізгеннің еш артықшылығы жоқ. Салтанатты рәсімнің ерекше болуы нәзік жанды, романтикаға құштар болып келетін қыздың жауабына да әсер етеді. Бұл тарихи оқиғаны өздеріңіздің балаларыңызға аңыз етіп айтып отырсаңыздар да керемет емес пе?

Дәл қазір санаңызға «сүйіктіме жүрекжарды тілегімді қалай, қайда, жеткіземін?» деген ой сап ете қалды. Ол үшін сізге арналған кеңестерімізді оқып шығуыңызға тура келеді.

• Ұсыныңызды төбеден жай түскендей қойып қала салмаңыз. Біршама уақыт бұрын оған болашақ отбасыңызды қалай елестететіндігіңіз, отбасылық өмірге деген жоспарларыңыз, ортақ балаларыңыз туралы әңгіме айта жүріңіз. Қысқасы, оның да кетәрі еместігіне көз жеткізіп алған жөн.

• Отбасылық өмірдің негізгі нышаны - неке жүзігі. Сондықтан, неке жүзігін таңдауға аса мән беріңіз. Көпшілік жастар неке жүзігін үйлену тойында таққанды жөн көріп жатады. Дегенмен, сіз дайындалып жүрген салтанатты рәсімге жүзіктің қатысқаны нұр үстіне нұр болмақ. Жүзікті таңдауға қыздың жақын құрбысынан, немесе туыстарынан көмек сұраңыз. Немесе зергерлік дүкен қызметкерлерінің кеңестеріне жүгініңіз.

• Рәсімді өткізу үшін ыңғайлы орын таңдап алыңыз. Ол жер екеуіңіздің алғаш танысқан орындарыңыз, табиғат аясы, теңіз жағасы, мейрамхана болуы әбден мүмкін. Өйткені, көп жастарымыз мұндай ұсынысты әлеуметтік желілерде (агент, фейсбук, вконтакте) отырып-ақ айта береді. 

• Қыздар қауымы тосын сыйларды қатты ұнатады. Оған өзіңіздің көзіңіз де жеткен болар. Сондықтан, естен кетпес тосын сыйды ұйымдастыруға бар күшіңізді салыңыз. Қиялыңызға қиял қосу мақсатында сізге тосын сыйлардың бірнеше үлгілерін ұсынбақпыз.

1. Қызға ұсыныс жасаудың үлгілерін кез келген романтикалық фильмдерден көріп алуға болады. Әдемі мейрамхана... Дәмді тағамдар қойылған ақ дастархан... Қораптағы жүзік... Раушан гүлі... Әуезді әуен... «Жан жарым болшы, аяулым?» деген жүрекжарды сөздерді сіз айтып тұрсыз... Мұндай көріністен кейін қарсылық білдіретін қыздар қатары өте сирек.

2. Бұл жолғы ұсынысты күтпеген жерден ұйымдастыру керек. Мәселен, сүйіктіңізге шағын флешмоб ұйымдастырыңыз. Флешмобқа қатысушы әрбір жігіт қызыңызға раушан гүлін сыйға тартсын. Ақырында, қолында жүзігі бар сіз пайда боласыз да, «Жаным, сен менің Жібегім боласың ба?» секілді әдемі сөздерді немесе ақындардың сұлу жырларын оқып шығасыз... Кез келгеннің жанын тебірентер мұндай ұсынысты жасаған азаматты үлгі етушілердің көп болатыны анық.

3. Көпшілік алдында жасалатын ұсынысты ұнататындар бар да, ұнатпайтындар бар. Сондықтан, мұндай әрекетке бармас үшін, қызыңыздың бұған деген көзқарасын біліп алғаныңыз дұрыс болмақ.

Қызды көпшілік көп жүретін ортаға шақырыңыз (университет алдына, саябаққа, алаңға, арбатқа т.б.). Қыздың келгенін тексеріп алыңыз да, алдын ала дайындаған әдемі сөздеріңізді микрофон арқылы айтыңыз. Сөз арасында қыздың жақсы қасиеттерін, әлемдегі ең сұлу екендігін, сіздердің қарым-қатынастарыңыздың қысқаша тарихын айып кетуге болады. Соңында, сезіміңізді білдіріп, келісім беруін сұраңыз. Немесе қыз тұратын үйдің балконының астына әдемі шырақтарды жүрек пішіндес етіп орналастырып, достарыңызбен ән айтып, қыздың атын атап шақыруға болады. Қыздың басы көрінісімен, оған деген ықыласыңызды білдіріп, жарыңыз болуға қалай қарайтындығын сұраңыз.

Әрине, үйлену туралы ұсыныс жасаудың белгілі бір формасы, ережесі, шекарасы жоқ. Бәрі де адамның қиялына, сезіміне, жан дүниесіне байланысты. Бастысы, ата-анаңызға ибалы келін, балаларыңызға аяулы ана, өзіңізге сенімді серік болар жар таңдауда қателікке ұрынып қалмағаныңыз жөн.

Суреттер:lucky-bride.ru,blog.teamo.ru,tolkosvadba.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

7494 18
Рейтинг: +6

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 31 қазан 2012, 13:20
Пікірлер
+0
31 қазан 2012, 12:04

аххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх қыздар қатты күтетін ең еңңңңңңңңңңңңңңңңңңңңңңң керемет сәт, күн, бақыт шығар ))))

+0
31 қазан 2012, 12:35

жыртып жіберіпсің ғой мына жерді! )))

+0
31 қазан 2012, 12:37

ол намек қой)))

+0
31 қазан 2012, 12:10

күткен жаман, күтпеген одан да....

+0
31 қазан 2012, 12:11

еее де)

+0
31 қазан 2012, 12:14

Сонша романтиканы қажет етпес ем. Бір жақсы жерге шақырып гүл сыйласа да жетіп жатыр маған. Көпшілік ортаға шақырып жария қылуды дұрыс көрмес ем. Жүзік сыйласа болады енді, сыйламаса ренжитін мен жоқ. Неке жүзігіне жетпейді ғо

+0
31 қазан 2012, 12:16

ух ты, арманын жаман емес қой))))

+0
31 қазан 2012, 12:17

ал мен бір керемет күнді күтіп жүрмін! Романтиканың иісі аңқып тұратын ;) :P

+0
31 қазан 2012, 12:16

ссылкасын сақтап қою керек)

+0
31 қазан 2012, 12:17

мен өзімді романтик деп айта алмаймын, былай-ақ түсінікті ғой, қаншама уақыт жүріп, тимей қайда барасың

+0
31 қазан 2012, 12:31

айтпа, сонша жыл жүріп алмай қайда барасың?!

+0
31 қазан 2012, 15:31

)))

+0
31 қазан 2012, 12:38

менің дайындап жүрген ұсынысымды білсеңдер, мына айтқан кеңестерің оның жанында ойнамай қалады. Ешқандайда керемет көріп тұрғам жоқ, барлығы киноларда жасалынған кадрлердің баяндалуы. Басқа басқа идея айтпайсыңдарма

+0
31 қазан 2012, 12:54

Негізі жігіт деген өзі құрап алу керек сияқты. Басқалардан көшірмей, өзгелерге еліктемей әдемі ұсыныс ойлап табуы керек.

+0
31 қазан 2012, 13:05

дурыс айтасын, бариде шын ниетпен болуы керек ;)

+0
31 қазан 2012, 14:10

романтиканы сырттай айтпасада,әр қыз іштей қалап тұрары сөзсіз. Жұрт алдында ұсыныс жасағанын қаламас ем,дегенмен ерекше ,әсерлі бірдеңе күтесін......... 8-)

+0
06 қараша 2012, 10:32

"20-сы ата-анамызбен қолыңды сұрай барамыз, 26-сы той болады - дайындал" десе нағыз романтика деген сол емес пе, ә? ;-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...