Еріксіз салынған суреттер

Еріксіз салынған суреттер

Қызықсыз сабақта отырып, жалыққаннан дәптерге еріксіз суреттер салған сәттеріңіз болды ма? Осы суреттерге қарап, сіз жайлы бірталай түйін жасауға болады.

Сонымен ерігіп отырып қандай суреттер саласыз?

Сандар

Еріксіз сандар жазып отыратын жандар өмірде материалды құндылықтарға құмар. Миыңыз не жаңа табыс көзін іздеуде, не қарыздардан құтылу жолдарын ойластыруда.

Күн

Блокнотыңыздың беттері күннің бейнелеріне толы ма? Жо-жоқ, бұл сіздің күндей жайнаған, көңілді жан екеніңізді көрсетпейді. Керісінше сізге жылу мен қамқорлық жетіспейді, достық пен махаббатты аңсайсыз. Егер сіз осындай адамдардың қатарынан болсаңыз, көпшіліктің ортасында, достармен жиірек болуға тырысыңыз. 

Геометрия

Шаршы, үшбұрыш, ромбтарды өз ойын ашық айта алатын, батыл, қайсар адамдар салады. Олар қиындықтарға төзімді, логикалық ойы жақсы дамыған, ойын тиянақты жеткізе алатын жандар. Бұл кісілер нағыз бастықтар. Симметриялы пішіндер адамның тәртіп пен тазалықты қолдайтынын, жоспарлау дарынын көрсетеді. Алайда ұштары тым үшкір болып жатса, бұл адамның ашуланшақ екенін байқатады. 

"+"

"+" белгісін жиі салатын адамдар өздерін кінәлі сезінеді. Біреуді өкпелетіп не берген уәдені орындай алмадыңыз ба? Бұл мәселе көңіліңізде терең қалып қойған сияқты. Оны тезірек шешіп, қажет болса, кешірім сұраңыз - бірден жеңілдеп қаласыз. 

Шиыршық, шеңбер, толқын сызықтар

Сізді біреудің қиындықтары толғандырмайды. Сіз - тұйық, жалғыздықты қалайтын жансыз. Жеке өміріңізге, ішкі жан-дүниеңізге біреудің араласқанын қаламайсыз. Мүмкін тіпті, кішігірім стресс өткерудесіз. Бұндай жағдайда басқалармен ұрсысып қалудан сақтаныңыз, жүйкеңізді сақтаңыз. 

Жұлдыз

Жұлдыз - нағыз оптимистің салатын суреті. Қиындықтардан қорықпайсыз, көпшіліктің арасында бірінші болуды қалайсыз.

Ағаш

Бұтақтары жіңішке, жапырақтары жоқ ағашты өмірде өз жолын жоғалтқан, түңілген жандар салса, мықты діңгекті, жасыл ағашты жан дүниесімен гармониядағы, бақытты адамдар салады.

Жүрек

Жүректің суретін салатындардың жүректері сезімге толы. Сырт көзге суық, байсалды көрінсеңіз де, ішіңізде жалындаған махаббат сезімі жатыр. Жүрек неғұрлым үлкен болса, соғұрлым сезіміңіз де үлкен. Өзіңізге сырттай шектеу қоймай, сезімдеріңізге беріліңіз.

Ара ұясы

Ара ұяларын бейнелейтін алтыбұрышты салатындар - тыныш, бірқалыпты өмір сүргісі келетіндер. Олар өз отбасын құрып, үйлерінде жайлы өмір сүргенді қалайды.

Гүл

Гүл мен жапырақ салып жүретіндердің ақкөңілдігі мен мейірімділігін ерекше атап өту керек. Олар басқаларға көмекке әр кез келуге дайын, нәзік әрі эмоцияға берілгіш. 

Шахмат

Шахмат тақтасын салу - адамның қиын жағдайда екенін көрсетеді. Қара-ақ шаршыларды салу арқылы, сіз өзіңізді толғандыратын мәселе жайлы ойланып, шешімін іздейсіз. Алайда, егер мұндай сурет блокнотыңызда жиі кездессе, ішкі жасырын қиындықтарыңыздың тым көптігі жайлы ойланыңыз.

 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

С. А