Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қызың кешке кетіп барады... сенсіз!

Қызың кешке кетіп барады... сенсіз!

Қызың кешке кетіп барады... сенсіз!

Иә, жігіттер, бұл бізге өте қиын сын. Үндемей қалудың өзі жер болумен бірдей-ақ. Делебең қозып, дел-сал күйге енесің де кетесің. Бұл қалай болғаны? Ол сізбен бірге болғысы келмей ме? Сізден шаршады ма? Әлде басқа бір жігіттермен кездескісі келе ме? Олай болмаса, бірге баруға болмас па?

Бұл жағдай барлық жігіттің басынан өтті немесе әлі де өтетініне сенімдімін. Мұны massaget-тік жігіттер болып бірге шешіп көрейік дегенбіз. Бірақ мұнда да жауап сан алуан қалыпқа өзгерді. Біреу сенеді, ал біреу қызғанады. Ішінен өзіңіздің дұрыс деп тапқан жауабыңызды өмірлік кредоңызға айналдырарсыз, бәлкім...

Уәлихан Қосанбай: «ЖІБЕРЕМІН»

- Бірде дәл осындай жағдайда мен жібермей қойған едім. Группаласының туған күніне. Маған қатты ренжіді сол күні. Бірақ ашуым басылған, мейлі бара бер деп жібердім. Бірақ ертесіне группаластары: "Қызыңды «оқып» жібергенсің бе? Бір жерде отырғаннан басқа ештеме істемеді ғой" деген. Содан бері мен ондай жағдайда жіберетін болдым. Өйткені, мен оған сенемін. Ол да менің көңілімді мейлінше қалдырмауға тырысады.

Болат Қосмағамбет: «КЕЛІСІМ»

- Егер қыз баласы осындай сауық-сайранның ортасын өмірлік ұстаным деп білсе, ал сіз оған келіспесеңіз міндетті түрде дау-дамай туындайды. Мұндай жағдайда, сіз оған мән-жайды мұқият түсіндіруіңіз керек. Егер бір рет осындай жерге баруға сізден рұқсат сұраса, келіскеніңіз абзал. Ал егер бұл жүрісін күнделікті режиміне айналдырса, онда әрине жағдай екеуіңіз үшін де қиын болғаны. Демек, бұдан былай ұрысты қаламасаңыз, сіз екеуара келісіп, ортақ келісімге келгеніңіз дұрыс.

Еркебұлан Қайрахан: «БҰЗЫЛАДЫ!»

- Қарсы боламын. Өзге жігіттердің кампаниясында би билеп, сайрандауына рұқсат бере алмаймын. Қыз сенімді адам болған күннің өзінде клубтың атмосферасы адамға кері әсер етеді. Әдетте адам өзгерейін деп өзгермейді, сыртқы фактордың әсерінің себебінен өз еркінен тыс бұзылады.

Қайсар Қауымбек: «ҚЫЗҒАНШАҚПЫН!»

- Өз басым қызғаншақ адаммын. Тіпті өзімнен өзге көздің махаббатыма қадалып қарағаны үшін жарылып кете жаздайтын кездерім көп. Дегенмен, өз қызғанышым үшін оның көңілін жаралап алудан да қорқамын. Ал бірақ, мұндай іске жолығып көрмеппін. Тек маған ғана байланысты дүние болса азар да, безер қарсы болар ем. Бірақ, ең бастысы оның талғамына құрметпен қарағаным жөн шығар. Өз басым би кеші дегеннен мүлде аулақпын. Билей де алмаймын. Қыздар көбінде биге әуес. Жат көз болмаса, қыздармен билегенде тұрған не бар. Егер басқаша болса, онда ол кісі өзі де бара қоймайды-ау ондайға.

Ардақ Құлтай: «СЕНБЕЙМІН»

- Мұндай жағдай көп болды менде. Мен үшін бұл мәселенің өте ауыр екенін де мойындаймын. Десек те, сүю мен күюдің арасында арпалысып жүрген кезіміздің өзі бір қуаныш пен бір мұңаю ғой. Мұның барлығы да – махаббат. Мен оны жібергім келмейді, расында. Ол барғысы келсе де өз «жарлығымнан» таймақ емеспін. Сену? Ол түгілі... мен кейде өзіме де сенбеймін, ал!  

Дайындаған: Фараби Бақыт

Сурет: shkolazhizni.ru

499 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 29 қазан 2012, 19:32
Пікірлер
+0
29 қазан 2012, 16:38

"қызғаншақтарды" қолдаймын :)

+0
29 қазан 2012, 16:41

Мен жібермеу керек деген ойымның бұрыс екенін білемін бірақ, сонда да жібермеймін ;)

+0
29 қазан 2012, 16:44

Фу, жігіттер, неткен отсталыйсыңдар :lol:

+0
29 қазан 2012, 16:46

қыздарың не СҰРАНА ма?

+0
29 қазан 2012, 17:37

Сәния, сүйгендіктен сұранады :geek:

+0
29 қазан 2012, 16:47

Еркебұланның пікірімен келісемін.

+0
29 қазан 2012, 17:26

мен де Ерекеңдікін құптаймын

+0
29 қазан 2012, 16:49

бірге ілестіріп әкету керек, сонда ешқандай проблема болмайды ;)

+0
29 қазан 2012, 16:56

Мені жібермей қойса екен деймін) өзім бармаймын да ғой, бірақ менің "БАРМАЙМЫНымнан" оның "ЖІБЕРМЕЙМІНі" басымырақ болса деп армандаймын :)

+0
29 қазан 2012, 17:00

шегімен болған дұрыс, "жібермеймін" көп болса да жаман

+0
29 қазан 2012, 17:00

Жігіттер жалпы қызғаншақ қой :) Қыздар қызғанса да білдірмей отыра береді кажется

+0
29 қазан 2012, 17:02

Ол өз компаниясымен, мен өз компанияммен тусоваться еткенді қалаймын. :!:

+0
29 қазан 2012, 17:18

Қазіргі кезде қызды жігіттер қанша тиіп ұстаса да, "қулар" өз дегенін жасап кетеді ғой ))) Мойындау керек!

+0
29 қазан 2012, 17:29

"Қызды ері ұстамайды, ары ұстайды" (с)

+0
17 қараша 2012, 02:50

осы пікірді қолдаймын.

+0
29 қазан 2012, 17:34

Салтанаттың сөзі Түйін сөз болды! Дұрыс айтасың. Енді логиніңді бере ғой... :mrgreen:

+0
29 қазан 2012, 17:35

Иә, сөйте ғой айналайын ))

+0
29 қазан 2012, 18:07

жігіттің постоянно "контролировать" етіп отқаны ұнамайды,бұл : ол әлсіз адам не сені сүймейді деген сөз. Контроль-қарым -қатынасты бұзады. Сондықтан арасында "рұхсат" етіп тұрған жақсы.

+0
29 қазан 2012, 18:47

Қызғанбасаң қыздың құны жоқ. Жәй бір ермек үшін жүр дер едім. Қызғаныңыздар.

+0
29 қазан 2012, 21:52

Қайсар Қауымбек деген жігіттің жауабын өмірлік кредома айналдырдым ))))

+0
29 қазан 2012, 22:11

"Егер қызыңызға біреу көзін салса, қызғанбаңыз, керісінше, сіздің қызыңыз біреуге арман болғанына қуаныңыз" депті бір мегаботан)))

+0
30 қазан 2012, 03:26

мегаТОПАС деп өзгертуге болад :?

+0
29 қазан 2012, 22:30

бұл тақырыпқа ештеңке айта алмаймын :D қызықты материал жариялағандарыңызға тағы да алғыс:)))

+0
29 қазан 2012, 23:08

Мынадай сауалнамадан кейін массагет жігіттерінің "Басқа жігіттерге логинін беріп жатса қалай қарар едің?" деген сұраққа қалай жауап берері қызық боп кетті маған)))

+0
30 қазан 2012, 00:00

Сәлеметсіздер ме, массагеттіктер, көптен қызықты тақырыптарды талқылағандарыңызды сырттай бақылап жүрген едім. Алайда, бүгін тіркеліп, мен де өз ойыммен бөлісуді жөн көрдім. Қыз бала мен жігіттің арасында бір-бірне деген сенім болмайды ма? Қыз бала өзінің ары үшін сақтанып жүреді, сондықтан, жігіттердің қызғануы табиғи нәрсе, тек қыздардың да бір мезгіл құрбыларымен көңіл көтергісі келетінін ескерген жөн.

+0
31 қазан 2012, 08:50

Қызғанған дұрыс. Хадистерде айтады ғой, сүйіктісін қызғанбаған еркек мұсылман емес деп. Бірақ бәрінің орнымен болғаны абзал. Ақылы бар, иманды, ибалы қыз артық ештеңе жасамайтындығына сенімдімін. Өз басым солаймын. Менің ойымша, ойындағысын жасайтын адам кеш болсын, басқа болсын, әйтеуір кез-келген уақытта жасап үлегереді, сондықтан у-шу шығаратын түгі жоқ. Бәрі де сезім мен сенімге келіп тіреледі. Ойлаңызшы, сенбесеңіз онымен бірге неге жүрсіз? Қыздың достарымен бірге болғанында ерсі ештеңе жоқ сияқты...

+0
31 қазан 2012, 13:28

Өз басым жіберемін, бірақ ертерек қайт деп атйамын. барған соң бір хабарласып қойса тіпті жақсы болады

+0
01 қараша 2012, 12:23

Міне прикол: жігітімнен сенбі кешке достарым мында шақырды, барам иә деп сұрадым. Ал ол маған мен сені шақырайын деп едім кездесуге дейд. Қорытынды: кездесуге сұранып алдым))) міне нағыз шешім жігіттер)

+0
01 қараша 2012, 12:30

ақылды екен)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...