Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Қала баласы

Қала баласы

Бүгінгі қала тұрмысында баланы қалай тәрбиелеу жөнінде бас ауыртатын ата-аналардың бәріне осы мақаланы ұсынамын...

Балаларда кейде дәрумендер кем болып жатады. Менің айтайын дегенім – рухани кемшілік.

Бала туралы назарымды шоғырландыра бастағаным ұлым 5 жасқа толғанда басталды. Ол ылғи да кішкентай орындығын алып келіп, қарсы алдыма отырып алатын да, менен ересектерге қатысты істерді сұрайтын. Қарбаластықтан қолым болсамай қалған сәттерде самалдыққа барып, орындыққа шығып, көшедегі ары-бері қайшыласқан көліктер мен адамдарға қарап тұратын...

- Әке, бірге ойнайық.

- Әкең бала кезінде үлкендермен ойнамайтын.

- Онда кіммен ойнайтын едіңіз?

- Сенің кіші әкеңмен, достарыммен.

- Олар да сенің ойыншықтарыңды тартып алушы ма еді?

-  Әкеңде тартып алуға тұрарлық ойыншық болған емес.

Ұлым менің түсіндірмемді ұғына алатындай жаста емес қой. Менің ол кездегі ойыншығым – мөлдір бұлақ, ұзыннан-ұзаққа созылған тау сілмелері, ағаш басындағы құстар, бір дана қолдан жасалған батпырауық және ылғи төбелесіп қалатын бір топ тентектер.

Көршімнің ұлыммен балабақшада бірге оқитын баласы бар еді. Кейде айтамын:

-  Көрші үйдегі досыңмен ойна.

-  Есік қоңырауына қолым жетпейді.

-  Қоңырауды мен басып берейін.

-  Оның үйінде ойнаймыз ба? Әлде біздің үйге келіп ойнаймыз ба?

Мен аңтарылып қалдым. Рас-ау, әр үйдің өз жосыны бар. Біздің үйдің де өз тәртібі бар. Ұлымның ойыншықтары өте көп. Бәрін жиса, бір үлкен «шаһар» дерлік. Ол мынадай шаһар – батыстың киносы, автокөлік жарыс алаңы, қуыршақ, фильм, хайуанаттар бағы, қуыршақ... Осылай кете береді.

Ол шөпті таниды. Бірақ, оған қарап кең көсілген сахараны елестете ала ма? Ол гүлдің не екенін біледі. Бірақ, тау қапталын алып жатқан көркем гүлдерді сурет не кинодан ғана көрген. Жансыз қуыршақтар ежелден қала балаларының ермегі болып келе жатыр. Мен ұлымды саябаққа ертіп барғанмын. Кенет бір топ бала:

-   Қой сүт ішіп жатыр, - деп айқайласып, әлдебір жаққа жүгіріп бара жатты. Көшеде жатқан жылқы тезегін көрген ұлым:

-   Мынау не? – деп сұрады.

-   Бұл жылқының тезегі.

-   Домалақ тастан аумайды екен ғой, - деп ішек-сілесі қата күлді ол.

Осы алаңдаушылығымды басқаларға айтсам, ода тұрған ештеңе жоқ, олар есейгеннен кейін жан-жануарды мал баққан үйдің балаларынан да артық білетін болады деседі. Мұны қате дей алмаймын. Бірақ, тіршілікке толы ортаны басынан өткізбеген балалық шақтың кемістіктері кейінгі өмір сапарында қандай ықпал тудыратынын кім білсін?

5 жаста музыка үйренеді, 6 жаста сурет салуды, 7 жаста ағылшын тілін, 8 жаста компьютер... Ата-аналар өздерінің арман-мұратын балаларына мәжбүрлеп таңады. Мұндай сүйіспеншілік балалардың еркін бұғауламай ма? Қазірдің өзінде жылап беймаза болады. Кейін тіпті қандай боларын кім білсін?

Қала балаларының білетіні көп-ақ, автокөліктердің түрін ажырата біледі. Ол неше түрлі балмұздақтың атын айта алады. Шарапхана мен кешкі сауық орталығын парықтайды. Десе де, мен күндердің күнінде бастауыш мектеп оқулықтарында «Тауық жұмыртқаны қалай табады?» секілді тақырыптар пайда бола ма деп қорқам.

Қала баласы сурет салғанда, аспанда тек ұшақ пен күн ғана, теңізді сызса, кеме ғана, үйді сызса, мұржасы жоқ көп қабатты үйлер... Бұларды ойласам, өзгеше бір ұлтты қиялыма келтіріп көремін. Шынымен үздік болу үшін ғылым техника ғана болмай, ой-қиялы шексіз әрі жасампаз болу керек қой.

Басқалар үнемі «бүгінгі балалар қиял мен жасампаздыққа бай» деседі. Ал бұл қасиеттер кері кетсе ше? Тіршілік тынысы тар осындай ортада өскен баланың бәрі керемет деп айта алмас едім.

Ұлыма бала кезімдегі істерді әңгімелегенімде, дене тәрбие кезінде шолақ шалбарым жоқ болғандықтан, ұзын сымымның балағын ауына дейін түріп алған кедей шағымды да айтамын....

Бір күні ұлым:

- Әке, мен сізге «Қыр тышқаны мен қала тышқаны» деген әңгіме айтып берейін. Тыңдаңыз. «Бір күні.....»

- Сен сол екеуінің қайсысысың?

- Қырға кеткісі келетін қала тышқанымын. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: 2parents4kids.ru

4368 5
Рейтинг: +7

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 25 қазан 2012, 20:35
Пікірлер
+0
25 қазан 2012, 17:05

4 kabyrgaga kamalyp,erkin tynys ala almai,daiynga jugirip,tar bolmede ishtei byksyp oskenshe,auyldyn ken dalasynda erkin jurip-turyp,asyr salyp oinap,taza auasymen tynystap,auyl koshesinde oskenge ne jetsin! Kop kabatty uiler,kala uileri -men omir sure alatyn jer emes.

+0
29 қазан 2012, 09:11

ұнады

+0
29 қазан 2012, 09:50

керемет жазылған мақала,ұнады...

+0
02 қараша 2012, 17:12

Нүктесі тәуір қойылған... Менің да далама кеткім кеп...

+0
03 қараша 2012, 01:44

ауылда өскен бала калаға үйренуі қиын,үйренседе ауылды аңсап тұрады...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...