Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ит болғым келеді!

Ит болғым келеді!

Ит болғым келеді!

Бала күнімізде арманымыз асқақ еді. Өз басым ұшқыш болуды қатты армандағам. Бірақ, ит болуды армандайтын сәбилер де болады екен. 

Тау ішіндегі жалғыз шағын қыстақта бастауыш мектеп мұғалімі болып жұмыс жасайтын досымның үйіне бардым. Ондағы тұрғындардың тұрмыс жағдайы тым нашар болатын. Айдаладағы қыстақ алғаш келген адамға ертектегідей үрейлі әсер береді екен. Бірақ, ондағы балалар тым тәрбиелі. Білімге деген ынтасы да зор. Әрине мұны досымның еселі еңбегінен бөле қарамадым. Ол үшін мұның өзі үлкен медет еді.

Кешкісін досым білтелі шамның түбінде отырып, оқушыларының үй тапсырмасын тексерді. Әңгіме айта отырып, емтихан қағаздарын көріп отырмын. Барлық емтихан етектей үлкен бір бет қағазға жазылыпты. Алдыңғы жағы математикалық есептер, ал екінші бетінде мақала. Мақала аты – «Менің арманым» екен. Бала күнімізде бізге де мұғалім апай осындай мақала жазуды тапсыратын еді. Олардың арманы да біздің сонау бала күніміздегідей асқақ екен. Бірі мұғалім боламын десе, екіншісі ғалым болғым келеді дейді. Балалық күндерім еске түсіп күліп те алдым. Кенет, бір мақаланың бірінші сөйлемін оқып әрі күлкім келді, әрі таң қалдым. "Менің ит болғым келеді" деп бастапты.

"...Әкем жақында қайтыс болды. Үйде тек анам екеуміз ғана қалдық. Таулы қыстақтың кеші тым қараңғы. Басқалардың айтуынша, мұнда сайтан бар екен. Мен сайтаннан қорқам, анам да қорқады. Кеш болса сыртқа шыға алмай қаламыз. Әкем қорықпайтын еді. Бірақ, ол енді қайтып келмейді. Достарымның айтуынша, үйде ит болса, сайтан кіре алмайды екен. Бірақ, біздің үйде ит те жоқ. Егер ит болсам қандай жақсы болар еді деші. Мен түнде есік түбінде үй күзетсем, анам мүлде қорықпай, алаңсыз ұйықтай алатын еді..." Ары қарай... Жүрегім шаншып қоя берді. Түнімен ұйықтай алмадым. Әрине сайтаннан қорыққаным үшін емес. Таң ата таулы қыстақтан кетуге асықтым".

Авторы: Жияң Лю

Дайындаған: Қайсар Қауымбекұлы

Сурет: subscribe.ru

5935 13
Рейтинг: +12

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 24 қазан 2012, 22:09
Пікірлер
+0
24 қазан 2012, 18:22

Жүрегім шаншып қоя берді...

+0
24 қазан 2012, 19:31

Жүрек шаншу тұрмақ көзіме жас оралып кетті...

+0
24 қазан 2012, 18:50

қытайлық па авторы?

+0
24 қазан 2012, 19:25

Адамға нәсібін берген ит жеті қазынаның бірі деп бекер айтпаған ғой атам қазақ. Пейіштен ұртына бидай тығып алып шыққан итті қор ғып біттік. Ырызғымыз да содан кем боп жүр ме деймін. Ит өлігін көрсетпейді. Иесінен қыңсылап тамақ сұрамайды. Иесінің көзінше тамақ ішпейді. Әйтеуір мен көрген иттердің бәрі сол. Әсіресе алабайлар мен тазылар. Итті қатты сыйлаймын. Ал мысықтарды жақсы көрем^_^

+0
24 қазан 2012, 21:21

Мен де бала кезімде мамама кім/не жұбаныш сол болғым келетін, бірақ дәл ит болуды армандамаппын) баласы ит болуды армандамау үшін анасы алдыңғы жазбадағыдай анда-санда "жалған сөйлеп" тұруы керек пе еді)))

+0
25 қазан 2012, 00:09

иттерді жақсы көрем, әсіресе, Ақтабан деген итіміз бар еді, сол маған қымбат болатын. Дәл Бейбіт Сарыбайдың "Ақтабанындағы" Ақтабандай еді.... Бірақ Махамбеттің тағдырын басыма салмасын....

+0
25 қазан 2012, 02:42

Базар жоқтағы Аманғалидың арманы екен деп қалдым :lol:

+0
25 қазан 2012, 09:55

Шығарма керемет, балалардың алаңдаушылығын, уайымын ашып көрсете алады

+0
25 қазан 2012, 12:35

Балаң ой бетпердесіз көрінген тұста көзге жас алады екенсің.

+0
25 қазан 2012, 15:36

жылагып кеп кеттиго :(

+0
02 қараша 2012, 23:16

Қандай армандар деші. ешкім де ойламаған шығар

+0
30 қараша 2012, 23:47

:( :( :( :( :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...