Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Анам айтқан жалған сөздер

Анам айтқан жалған сөздер

Анам айтқан жалған сөздер

Бала күнімізде отбасы жағдайымыз тым төмен болды. Кедейліктің тақсіреті маған сезілмесе де, шешеме қатты батты. Киер киім, ішер асқа жарымай жүргенде, ол үнемі өз ыдысындағы несібесін маған бөліп берер еді. «Құлыным жей ғой, менің қарным ашқан жоқ» дейтін. Бұл оның үнемі айтатын жалған сөзі еді.

Ер жете бастаған шағымда, базардағы қымбат зат немесе дәрумендер алып беруге шешемнің қалтасында көк тиыны жоқ еді. Үнемі жақын маңдағы өзеннен балық аулап келетін. Мен балық етін жеп, сорпасын ішіп отырған сәттерімде ол үнемі сіренің (үстел) шетінде отырып, балық сүйегін мүжіп отыратын. Анам қайнатқан балық сорпасының дәмі әлі күнге таңдайымда. Үнемі шынысына ет салып берсем, «өзің жей ғой, білесің ғой мен балық етін ұнатпаймын» деп, қайтадан өз ыдысына салып қоятын. Бұл оның екінші жалған сөзі болатын.

Орта мектеп оқып жүрген кезімде, менің оқу және киіміме кететін қаражатымды қамдау үшін үнемі түні бойы мардымсыз ақша үшін тігіншілікпен айналысатын. Түн ортасында оянсам, бүкшиіп отырып, киім тігіп отырған анамды көретінмін. «Шеше, ұйықтаңызшы, таңертең тағы жұмысқа барасыз» десем, «Ұйықтай бер, құлыным, менің әлі ұйқым келген жоқ» дейтін еді. Ал бұл сәтте, таң ағаруға жақын қалғанын іштей сезіп жататын едім. Бұл оның үшінші жалған сөзі еді.

Жоғары оқу орнына емтихан тапсырар күні мектеп қақпасының алдында, шақырайған күн астында мені күтіп тұрған анамды көрдім. Өзге ата-аналар секілді дүкеннен салқын су алуға ақшасы жоқ шешем, маған бола қант қосылған қара шәй алып келіпті. Үш сағат бойына мені күтіп тұрған байқұс шешемнің ерні кеберсіп кетсе де, әлі нәр татпағанын білдім. Өзіңіз ішіңіз деп ұсынып ем, «Жаңа ғана іштім, әлі шөлдеген жоқпын» деді. Кесе түбіне анамның мейір-шапағаты тұнғанын сезетінмін. Сарқып ішіп, анамды құшақтадым. Бұл оның төртінші жалған сөзі еді.

Әкем өмірден озғанда анам тым жас еді. Жалғыздықтың азабын аз тартқан жоқ. Тігіншілікпен тапқан аз ғана нәпақасымен мені оқытты, республикалық әйгілі университетке қабылдандым. Нағашы апайымның жазған хатынан, үнемі жалғыз бас, ақкөңіл көрші ағайдың анама көмектесіп, отын-суын әкелісіп, ірілі-ұсақты шаруаларына қолғабыс етіп жүретінін білдім. Апайымның ойы да маған белгілі еді. Әкемді қанша сағынсам да, анамның жанашырсыз, жалғыздығын ойлап, үнемі демалысқа барған кезімде сол ағай туралы айтатын едім. «Әй, өзі бір ақ пейіл жан... бірақ, ұлым.... мен оны ұнатпаймын ғой... өз жайың қалай, маған ертерек келін керек» деп күлімсірейтін. Әңгімені басқа жаққа бұра бастағанынан мен оның тағы да жалған сөйлеп тұрғанын сезетінмін. Бұл бесіншісі еді.

Университет бітірген жылы жұмыс жайымен сол қалада қалып қойдым. Жалақым, бір басыма жетпей жүрсе де, үнемі анама ақша салып тұратын болдым. Бірақ, сол ақшам әр жолы өзіме қайтып келетін еді. Және «Құлыным, менің өз табысым өзіме жетеді. Сен қиналып қалма» деген сөз бар хаттар да келетін. Жыл соңында ауылға қайтқанымда анамның жұмыссыз қалғанын бір-ақ білдім. Сонда ғана оның маған тағы да жалған сөз айтқанын ойлап, көзіме жас іркілді.

Екі жылдан кейін мен Америкадағы бір әйгілі университетте докторлықты оқыдым. Оқуым біткен соң айлығы да жоғары, үлкен бір зерттеу орнының өтінішін қимай, сонда қалып қойдым. Ауылдағы анама ақша да, сыйлықтар да жіберіп тұрдым. Анамды қанша сағынсам да, бала күнімнен бері талпынған бұл еңбегімнің жемісін әлі көрмеген едім. Сол үшін қайтпадым. Ал анам «Мен ол жерге көне алмаймын» деп қасыма келуге қарсы болатын. Бұл оның әрі жалған әрі шын сөзі еді.

Анам да қартайды. Бір күні ауылдан шұғыл шақырту келді. Жүрегім аузыма тығылардай үрей мен алаңдаушылық ішінде ауылға жол тарттым. Ауыр асқазан рагына шалдыққан анам емханаға түсіпті. Тәңірден күн сайын анамның амандығын тіледім. Ота аяқталғанда анамның жаны зорға қалған еді. Жанға батқан ауру азабы тіптен қартайтып жіберіпті. Осыншама уақыттан бері күн сайын оны сағынсам да, қадірін ешқашан жете түсінбеппін. Наркоздан әлі оянбаған анамды құшақтап егіліп жыладым. Аз-кем уақыттан соң ғана көзін ашып, маған күлімсіреп қараған анам қауқарсыз саусақтарымен менің қазандай басымнан сипап, «Құлыным, жазылдым ғой міне. Еш жерім ауырған жоқ...» деді. Мен оның ұлына айтқан ең соңғы жалған сөзін естігенімде, көз алдымда аспан ауып бара жатқандай мең-зең күй кештім.

Дайындаған: Қайсар Қауымбек

Сурет: ekb-meshiti.kz

16651 73
Рейтинг: +36

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 23 қазан 2012, 17:17
Пікірлер
+0
23 қазан 2012, 17:53

Қандай әсерлі жазба!.. Дос та, сүйікті адам да табылар, ал ана - жалғыз... Аяулы анам менің...

+0
23 қазан 2012, 17:56

Ех, аналар-ай!
Дәл осыны емес болу керек, бірақ осы тектес жазбаны бір жақтан оқығандай болып отырмын.

+0
23 қазан 2012, 17:56

Анамызды құрметтейік, кеш қалмайық...

+0
23 қазан 2012, 18:02

(көзіме жас үйірілді) Керемет мақала!

+0
23 қазан 2012, 18:02

Өте әсерлі екен! Аналар балаларының қызығына тоймай, бұл дүниеде риза болып өтсе екен.

+0
23 қазан 2012, 18:03

:cry: anadan artyk zhanashyr zhan jok-au!

+0
23 қазан 2012, 18:07

Мамама звондап келдім ал мына жазбаны оқып алып )) Таңертең ғана сөйлескем...

+0
23 қазан 2012, 18:08

Эхх....(((

+0
23 қазан 2012, 18:26

Өте әсерлі жазба!

+0
23 қазан 2012, 18:27

Керемет! Түршіктім"

+0
23 қазан 2012, 18:48

көзіме еріксіз жас келді: «өзің жей ғой, білесің ғой мен ....ұнатпаймын» . Менің анам да ылғи солай айтушы еді...Сағындым, Анамды :(

+0
23 қазан 2012, 18:49

Ана болып, дәл осындай өтіріктерді айтуыд үйренсем, арманым бар ма??? :(

+0
23 қазан 2012, 19:24

"Эх, аналар, аналар, осындайсың бәрің де..."

+0
23 қазан 2012, 19:36

tamawa....

+0
23 қазан 2012, 20:33

Әсерлі жазба екен. Оқи сала анашыма хабарластым.

+0
23 қазан 2012, 20:52

Өте әсерлі. Авторға мың алғыс! Қайсарбек, жарайсың! Мына мақаладағы кейбір сәттер менің бала шағымда болған кей оқиғаларды еске түсірді. Бір күрсініп қалдым

+0
23 қазан 2012, 21:33

:cry: :cry: :cry: тамаша! анамды сағындымммм.....

+0
23 қазан 2012, 23:23

Бізде үздік посттар байқауы неге жоқ деп ойлаймын. Бұл - адам мен ана тақырыбындағы ең үздік блог-туынды! Әркім өзінің анасын көргендей болып жатыр. Бірақ мен бұл әңгіме менің мамам туралы дегім келеді. Бесінші өтіріктен басқасы)) Суретте де менің мамам тұр... Ойылда тура анау сияқты ескерткіш бар.

+0
24 қазан 2012, 00:05

оқып отырып, мамамның сөздері есіме түсті.... сөз жоқ әсерлі жазба! + Рақмет үлкен!!!!

+0
24 қазан 2012, 01:59

Ия керемет! көзіңе еріксіз жас келеді екен...

+0
24 қазан 2012, 06:09

Мына өтіріктердің барлығын да естіген екем :cry: Таңертең апама хабарласамын. Авторға үлкен рахмет, қолыңды сүюге бармын!

+0
24 қазан 2012, 08:50

Жылап алдым, мамам қасымда күнде тамағын беріп, аялап жұмысқа шығарып салып, аялап күтіп алады. Сонда, кейде ауыр сөз айтып ренжітіп алғаныма өкініп отырмын. Кешірші мама, енді ешқашан сені ренжітпеймін. Мынандай өтіріктерді айтпашы енді.... естігім келмейді.... Ауырып қалған кезінде менің түрімді көріп "міне, жазылып қалдым, шай қой шай ішсек жақсы боп кетем" деп айтқаны есіме түсіп кетті.

+0
24 қазан 2012, 12:16

:cry: ана мейіріміне ешқандай мейірім :( жетпейді ғой. олардың қамқорлығы шын жүректен және арқашан биз дегенде журектери елжиреп турады. мен студент болғанда ғана ана мейірімін сездім, одан алдын маған қатал қабақпен қарайтындай болып түйілетін бірақ кейін келе ойласам анам мени жақсы көреді екеееееен

+0
24 қазан 2012, 14:09

тамаша мақала! бір ғана нәрсе ғой биіктетіп, қырландырып, толыстырып тұрған. ол - анаға деген әрбір оқырманның жүрегіндегі мейлі қасында әлде жырақта болсаңда жадыңда сақталатын уыз сағыныш қой. мен анамның жанында тұрып ақ бір сағыныштың суатын аңсап шөлдеймін. демек, өмір бойы солай.

+0
24 қазан 2012, 15:36

Авторы кім болды екен? Өзге де дүниелері болса осында шығарып қойса дұрыс болар деп тұрмын.

+0
24 қазан 2012, 15:46

Бұл бір қытай тілді сайттағы оқырман жазбасы екен. Содан аударылған. Көбінде осындай құнды дүниелердің авторы табылмай жатады.

+0
24 қазан 2012, 16:03

Мына жазбаны оқып Құрбан айт күні талай адам анасына алып ұшары сөзсіз. Жалғыз қадірліміз де, қастерліміз де сол кісі ғой!!!

+0
25 қазан 2012, 14:51

Ана, керек, о адамдар, ана керек адамға! Анасының "жалған" сөздерін естімей кеткен адамдар мен, ести алмаған адамдар бар. Қайсар, осындай жалпыадамзаттық құндылықтарды қозғайтын аударма жазасаң, бәріміз риза болар ек қой. осыны оқыған кімнің жүрек етті езідіп, ертеңгі құрбан айтта үйге барып, анасының құшағына тығылғысы келмеді дейсің. әкем: анам тірі болса, табанын сүйер едім дейді. үйге барып, анамыздың тоабанын сүйейікші,жұмақтың кілті сонда емес пе еді?

+0
29 қазан 2012, 17:54

:cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: :cry: ең бірінші жалған сөзден ақ жылауды бастадым, міне, көзім қызарып отырмын, шынында да жүрек тебірентерлік керемет мақала! Я, Жаратқан Алла әлемдегі барлық аналарды ауру атаулыдан сақтай гөр!!!! Бұл менің мәңгілік арманым)

+0
31 қазан 2012, 10:48

1558-ші оқырман болып оқып, 1558 адамның сезінген әсерін кем сезінгем жоқ. Аузымды аша алмай отырмын тіпті

+0
31 қазан 2012, 10:50

бәріміздің анамыз "өтірікші" Кеше той тойлатып жүріп анамның ақ бетінен бір иіскемеппін де... Сағындым "өтірікшімді"

+0
31 қазан 2012, 12:14

Абзал аналарымыз Аман болсын! Жазбасын студенттеріме оқып беруге компьютеріме сақтап алдым. Рахмет көп-көп!!!

+0
02 қараша 2012, 18:03

Құнды дүниені жұрт назарына ұсыныпсыз, Қайсаға!!! Анамызға деген сағынышты ұлғайта түстіңіз!!! Қаламыңыз мұқалмасын!!!
«Ана» – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла! Барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсетіп, оларға қолдан келгенше қамқорлық жасайықшы.

+0
02 қараша 2012, 18:16

Тамағыма өксік тығылып... әсерлі.

+0
02 қараша 2012, 23:18

өте әсерлі екен. жылағым келді. мамамды сағынып кеттім.

+0
06 қараша 2012, 22:43

Автор қайдан аударса да, өте сәтті шыққан, құдды Қазақтың аналары еске түседі. Авторға үлкен рахмет!

+0
15 қараша 2012, 02:02

керемет. өте керемет. осы шығарманы бірнеше жерден оқып ем. массагет сайытынан алынған пікір екенін оқып, осы сайытқа ат басын бұрдым. өте тамаша жазылыпты. рахмет, "бір жылап алдым" деп айтсам көңілі бос екен деп айтады-ау мына жұрт. :cry:

+0
17 қараша 2012, 02:36

Бұл мақала осыдан кейін біраз жерлерде жарияланды ғой. онің өзінде республикалық негізгі басылымдар басты. мұндай дүниелер ұлтты тәрбиелеуде, ата-аналарды сыйлай білуде үлкен маңызға ие деп білемін.

+0
30 қараша 2012, 22:47

Қазақ әдебиетінен оқып ем

+0
30 қараша 2012, 23:46

Керемет, мен де қазақ әдебиетінен оқып таңғажайып әсер алып ем.

+0
01 желтоқсан 2012, 00:08

Тамаша материал ғой мынау!

+0
20 желтоқсан 2012, 22:31

4223

+0
20 желтоқсан 2012, 22:32

КЕРЕМЕТ

+0
17 қаңтар 2013, 22:30

ғажап дүние екен. қалай дәл бейнелеген. осынадй ғой аналар. :(

+0
14 ақпан 2013, 18:17

Массагеттің ең мықты жазбаларының бірі :)

+0
25 мамыр 2013, 21:45

Аудио-жазбасын жиі тыңдаймын... Өткен жылы бір газеттен оқып, кітапханада іштей қатты егіліп, көз жасымды сүртіп алғаным бар еді... Бүгін де Массагеттің "Психология" бөлімінен осы сынды көөөп жазбаны оқыдым... Өмір тым қысқа, тіршіліктің қадірін білейік... Кіршіксіз махаббатын бізге ғана арнаған анамыз бен әкемізді қадір тұтайық... Сыйлайық, құрметтейік, оларды жақсы көру арқылы, махаббатымыз арқылы көмектесейік!

+0
20 ақпан 2014, 13:21

НҰРБЕК БЕКБАУ АВТОРЫ

+0
20 ақпан 2014, 13:31

Рас па? Біз оны Қайсар жазды деп жүрміз ғой. Қайдан білдің?

+0
20 ақпан 2014, 14:22

http://www.qazaquni.kz/15178.html Авторы Қазақстан Ұлттық телеарнасының журналисті, apta.kz бағдарламасының шеф-редакторы Нұрбек БЕКБАУ. Қаласаңыздар bekbau_nurbek_87@mail.ru өзінен сұраңыздар

+0
20 ақпан 2014, 14:24

БҰНДА КЕЛГЕН ӘР МАТЕРИАЛДЫ ТЕКСЕРСЕҢЗДЕР ЕКЕН. 50 ПАЙЫЗ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ АВТОРЫ МҮЛДЕМ БАСҚА АДАМДАР.

+0
20 ақпан 2014, 14:28

Нұрбол, біріншіден анау сілтемеде (с) Массагет сайтынан алынды деген белгі тұр байқасаңыз. Анам айтқан жалған сөздер бірінші болып Массагетке жарияланған еді. Екіншіден, 50 пайыз материалдардың авторы басқа адам деуге ешқандай негіз жоқ. Десе де, бұлай айтуыңыздың себебін біліп отырмын, өйткені сайтқа жарияланған материалдарды басқалар рұқсатсыз, сілтемесіз алып басады.

+0
20 ақпан 2014, 14:29

КЕШІРІҢІЗ

+0
20 ақпан 2014, 14:31

сілтеме астындағы пікірлер ше? Мен сол пікірлерді оқып, Нұрбек па деп қалдым. кешіріңіздер)))

+0
20 ақпан 2014, 14:33

Жоқ, басында неге Нұрбек Бекбау деп тұр? Мен соны түсінбей отырмын. Сілтемеңде 2013 жылы шыққан, ал бізде 2012-де шыққан. Кім - кімнен көшірді?

+0
20 ақпан 2014, 14:36

Нұрбек Бекбау фэйсбуктегі парақшасына массагеттен алып салған, ал Жас қазақ үні сайты бұл жазбаны Нұрбектің фэйсбуктегі парақшасынан көрген. Жалпы сондай жаңылтпаш )))

+0
20 ақпан 2014, 14:37

Уехехехехе! :cry:

+0
20 ақпан 2014, 14:55

Мені массагетке жұмысқа алыңыздаршы.)) Нақты аворын таппасам да дау шығарып отырайын))))

+0
20 ақпан 2014, 14:33

Өзге сайтта, өзгенің жазған пікірі үшін жауап бере алмаймын )))) Кешірім қабылданды :evil:

+0
20 ақпан 2014, 14:20

http://www.qazaquni.kz/15178.html
Авторы Қазақстан Ұлттық телеарнасының журналисті, apta.kz бағдарламасының шеф-редакторы Нұрбек БЕКБАУ.
Қаласаңыздар bekbau_nurbek_87@mail.ru өзінен сұраңыздар

+0
20 ақпан 2014, 14:44

Нұрбек БЕКБАУ. АНАМ АЙТҚАН ЖАЛҒАН СӨЗДЕР.
Меніңше автор Нұрбек БЕКБАУ. Жазу стилі де өзгеше, мен Нұрбекті үнемі оқимын. Біреуді жақтап, біреуді даттаудан аулақпын. Хош, кім кімнен көшірді? Неге басында Мақала атауы мен Нұрбек БЕКБАУ қатар тұр? Екі мақаланың уақыт қашықтығын байқадыңыздар ма? Мынадай керемет мақаланың авторы кім? Маған қызық просто кім екені? Жазу стилі, сөйлеу мәнері бәрі-бәрі өзшеге... Құдды бір мың журналист отырып жазғандай...

+0
20 ақпан 2014, 14:59

Түсініп отырған жоқпын ))) Жоғарыда Ардақ айтып кетті ғой "Сілтемеңде 2013 жылы шыққан, ал бізде 2012-де шыққан" деп. Әлде жай ғана дау шығарып, көзге түскіңіз келіп отыр ма? ))) Дау шығарып, көзге түсу жақсы нәрсе емес қой, жалпы ))

+0
20 ақпан 2014, 15:01

Мерейгүл тәте сіз мүлде басқаша түсініп отырсыз))). Просто аяғы дау болып кеткесін айтқаным ғой. )) Ондай ойым жоқ)))

+0
20 ақпан 2014, 15:03

Жоғарыда Қайсардың өзі жазған ғой: "Бұл бір қытай тілді сайттағы оқырман жазбасы екен. Содан аударылған. Көбінде осындай құнды дүниелердің авторы табылмай жатады" - деп.

+0
01 мамыр 2014, 01:19

шынтуайтына келсек, ана құдыретін таныта һәм өндіре жазған Мүсірепов десек, бұл шығарма қазір бірден-бір "Мүсіреповтей жазылған әңгіме" боп тұр...

+0
01 мамыр 2014, 05:53

Жастардың Вконтакте желісінде бұл жазба авторсыз кезіп жүр. Иесіз жүргесін иемденгіштер көбеймей қайтсін. Біреулер "авторы белгісіз" деп жазып қойыпты. Шынымды айтсам жүз жерден көрген шығармын. Жақсы дүненің жерде қалмай, жариялана бергені жақсы әрине. Бірақ жазған Қайсарға да обал екен біртүрлі

+0
11 мамыр 2014, 19:59

Жасандылық әлемі
Мен қазір жасанды өмір сүріп жүргендеймін.Жо-жоқ,айта көрмеңіз,адасқан екен-ау мынауың адал жолдан,тура жолды бағыттай алмай деп ойлай көрмеңіз.Ондай адасудың ғарпінен туындаған ойды маздатып отырғаным жоқ менің бүгін.Менің айтатыным - жан-жағымның жасандылығы. Бір білетінім бар,мен - қазақпын,қазақтың қарапайым қызымын. Көңілім таза,жүрегім де нәзік. Сол қазақы биязылығыммен қабылдаппын-ау бар қазақты. Қамкөңілім қапыда қалды,қамықтым,қаймықтым,іштей ғана қан жұттым.ҚАЗЫНА деп мен бағалайтын адамзаттың кеңпейілділігі байлықтың мінберіне шығар "миллионы" екен қазақ үшін. Оны қалай аңғардым: мен бүгін қазақтың ұлттық дәстүрлі зат-бұйымдары сатылатын дүңгіршекке бас сұғам,құндылықтардың бағасын бағамдаймын."Астафыралла" деген сөзбен, ештеңе алмай қайтам. Міне бір жасандылық. Кішкентай кезімде апам өз үйімізге,одан асса ,ана балама,мына балама деп кестелейтін алашаның құнын көріп шошынып айтқан сөзім ғой жанағы. Марқұм апам көзі тірі болып осының куәгері болса мен де остіп,он саусағымның берген дәмін көрер едім,осылар сияқты бір-бір "бизнес" ашып ап отырар ем деп айтпайды жайсаң апам.Ондай құндылықты ақшаның таба бер азғын қарқылына жұмсамас еді.Заманым солай деп ақталатын абзалдарға да апамның жауабы дайын болар еді.Заманың арамға қысса да, адамшылықтан аттама дер еді.Қайдам, бәрі қазір қу тірліктің жетегінде жүріп көздеріне шел қаптаған.Мен айтқан қыл сезімнің иірімін өрмекшінің торындай әсем өргені былай тұрсын, жөн-жобасына да , пайымына да жете алмас.
Қазір күлкі деген бар,ол күлкі дегенді естісеңіз, еш жаман ойы жоқ қалжыңқалта салынған бейкүнә күлкі емес баяғыдай, аузыңыз аңқиып күлмеңіз,күлсеңіз құрдымға кеткеніңіз.Сақтанып күліңіз.Бұл да жасандылық.Сырттай сыр білдірмей жымию, ал іштей алдау,арбау,көреалмаушылық сізді жолыңыздан тайдыруға асық. Жағымпаз күлкі де жасанды қасақана әрекет.
...Ыбырай атамыз балаларға білім беруге аш қасқырдай шабамын десе,қазіргі көкірегі ояу,көзінің нұры бар жастар жасып қалуда,олардың дарыны бар,бірақ жұлдызы жанбаған.Ыбырай атамыздай білім-өнерге құштар жастарға тәлім беріп,жолын ашып беретін жөн сілтеуші жоғын-ай! Қазақтың біртуарлары Біржан,Абай,Шоқанды да қолынан жетектеген,бұлақ көзін ашқан жанашыры болған.Ал қазір сол таланттың жолын "қарға тамырлы қазақтың " артқы есігі қысқан,жаныштаған,сөйтіп, үнін өшірген.Бұйырып тұрған орнын танысына тартып берген,дөп бір Құлагердің қазасындай. Бұл да жасандылық.
Бізде қазір қарттар үйі, жетімдер үйі бар.Сондай-ақ ит,қоян,киік асырайтын үйлер де бар,оларды ғылыми тілде қорымдар деп атасақ болады. Өзіңіз ұғыныңызшы,осының қайсысы нанымды, қайсысы көңілге қонымды ? Қайсысын жүректі ауыртпай айтуға жеңілдірек ? Қайсысы болатын нәрсе,қайсысы болмайтын нәрсе? Сол жетімдер,қарттар үйінде тұратындар (уақытша тұратындар) қымбат адамдарынан жылу көрмей,олардың тастап жүре бергенінен кейін олардың маңдайына арқырап жазып қойған сол жан-жануармен теңдей күтімнен тірі өлік боп шығып жатыр емес пе ? Кәрісін былай қоя тұрыңыз, асарын асады,жасарын жасады дерсіз. Арындап-жалындап шыққан сол он жастың біреуі ғана "сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та бар,қалан"-ның бақытына ие болады. Сондағы жарымжан көңілдің жасандылық екенін солар сезбейді деймісің ? Адам қолымен жасалған жасандылық та бұл бір. Жапа шегуші қалап алған машақаты емес,мейірімсіз жүректің жасанды ісі. Болатын-болмайтын деп саралағанда,сіздің ескеретініңіз адамгершілік тұстары. Неге тек осы тұс? Себебі ,бағанағы жоғарыда айтылған ҚАЗЫНАҢЫЗ жәннатта жарқырау үшін осы адамгершілігіңізбен өлшенбек, тіліңіз тартпаса да,жүрегіңіз иланса керек.
Қарап отырсам,айналам толған сондай жасандылықтан тұрады екен,денемді аулақ салғым келеді,өйткені ол адамдыққа жатпайды,жиіркенішті. Жақсылыққа жаны дос Сіз қалай ойлайсыз,осындай жасандылықты тудырып отырған Көптен мен бөліне алам ба ? (Рухани жасандылықты жанына батқандар ғана шынайы сезіне алады...)

+2
19 қаңтар 2015, 23:48

Бүгін бір ақпарат беттерін ақтарып отырып 2012 жылы жазылған осы жазбам тағы да алдымнан шықты. Мүлде басқа бір қыздың атымен жүр екен. Жалпы, осы мақала жайында нақты айта кетейінші. Соңы дау боп жүрмегей.
Қытайдың бір сайтын ақтарып отырып "Менің мамам бүгін жалған сөз айтты" деген тақырыпты ашып қалсам, бар жоғы төрт-бес сөйлемнен тұратын шғын дүние тұр екен. Есімде қалуынша бір оқушы баланың шағын пікірі (блог деуге келмес). Тәтті алма ғой деймін, анасына "Сіз жеңізші" деп апарып береді. Ұлының да жегісі келіп тұрғанын біліп анасы "Менің мұндай жемістерді ұнатпаймын. Өзің жей бер" дейді. Анасының баласы үшін өтірік айтып тұрғанын сезген оқушының осындай ғана шағын жазбасы екен. Ал осының астында "менің де анам қарны ашып тұрса да, қарным ашпады, сен жей ғой", "Мен ауырып тұрған жоқпын" деген сияқты өтіріктер айтатыны жайлы біраз оқырманның пікірлері тұр екен. Сосын неге осыны оқиға желісінде жазып көрмеске деген ой келді. Сонымен, күнделікті өмірдегі оқиғаларға бірлестіре отырып, осынау жазбаны жазып шықтым. Әрине, өз басымнан өткен емес. Кейіндеп автор ретінде беруден ұялдым. (Себебі, шығарма идеясы кішкене баланың жазбасынан туындап отыр. Идея сол және соған ұқсас пікірлер жазған оқырмандардікі). Кейіндеп біраз газеттер мен сайттар, тіпті, радио бетінде де оқылып жатты. Қанша жерде ақталдым. Біраз ағалар "шығарма да осындай идеялар мен сөз-сөйлемдерден туындап, дамып отырады ғой. Авторы сенсің" деді. Шамасы сол сөзге сеніп қалған болуым керек)). Негізі автор ретінде емес, дайындаушы ретінде қабылдаңыздар. Бұл 2013 жылдары бір газеттерде жарияланып және дыбыстық нұсқалары оқылып жатты. Сонда біраз кісілер "мен мұны бір жерден оқығанмын, сен көшіріп алыпсың" деп телефон шалғандары да, пікір қалдырғандары да болды. Шамасы осы массагеттен не массагеттен алынып, сілтемесіз берілген сайттардан көрсе керек))). Демек, жаман дүние болмағаны. Тіпті, керемет сияқты)). Бұған мен қуаныштымын.

+0
20 қаңтар 2015, 12:05

Өстіп пікір жазғаныңыз дұрыс болды. Әйтпесе бұл жазбаның соңында "дау" көп еді. Қайсекеңнің еңбегін бағалау керекпіз.

+0
19 қаңтар 2015, 23:50

Асығып отырып, біраз сөйлемдерді қате жіберіппін ғой. Түзетіп оқырсыздар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...