Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жағымсыз қасиеттер: түйіндемеге не жазамын?

Жағымсыз қасиеттер: түйіндемеге не жазамын?

Жағымсыз қасиеттер: түйіндемеге не жазамын?

Жердегі адамдарың барлығына өзіне ғана тән қасиеттер бар. Оларды айналасына тигізер пайдасы мен зиянына қарай отырып кемшіліктер мен тартымды қасиеттер бөліміне жіктейміз.

Өсу және өзіңді-өзің жеңе білу тек адамның ерік-жігерімен ғана байланысты. Кей жақсы қасиеттердің өзі адамның өмір сүру қағидасына әсер етіп, оның мәнін құртуы мүмкін. Яғни, жақсы қасиеттердің барлығы жетістік емес, жаман қасиеттердің барлығы кемшілік емес деген тұжырымға тоқталамыз.  Егер де, ойыңыздағы өзіңіздің қасиетіңіз өміріңізге кедергі келтіріп жатса, оны өзгерту керек екенін ұққайсыз:

1. Кемшілгіңізді табыңыз. Оны іздеудің де қажеті жоқ. Өйткені, адамдар өздерін кері тартатын қасиеттерін жақсы біледі.
2. Әдейі кемшілікті іздемеңіз. Егер оны түзетуге тырыспасаңыз, оны іздеуді ойға алмаңыз. Кейбір адамдар үшін зәбір көрушінің рөлін сомдау оңай. Олар өз бойындағы жағымсыз қасиеттерге шағымданып қана қояды.
3. Кемшілігіңізді білгенмен, оны мойындау қиынға соғады. Сондықтан, мойындаңыз және өзіңіздің сол болмысыңызды қабылдауға тырысыңыз. Айналаңыздағы адамдарды да түземеңіз.
4. Ойыңызды бақылауда ұстаңыз. Басында, әрине, ойыды бақылау қиынға соғады. Бірақ, үйренсеңіз, керек емес ойлардан дер кезінде құтылатын керемет күшке ие боласыз.
5. Кемшілігіңіздің барлығын жойып жібере алатындай жағымды қасиетіңізді табыңыз. Оны жетілдіру үшін жұмыстаныңыз.
6. Өзіңізді ақтауды доғарыңыз.

Кей жұмыс берушілер түйіндемеде жағымсыз қасиеттеріңзді атап көрсетуді сұрайды. Сол уақытта ақылды шешім қабылдағаныңыз дұрыс.

Мысалы, жоғарыда атап өткеніміздей кейбір жағымды қасиеттер адам үшін қиындықтар тудыруы мүмкін. Мысалы, жомарттық. Бұл – ең асыл қасиеттер қатарында. Бірақ, жомарт адам бұл қасиетін жақсы деп есептемейді. Өйткені, оның «жоқ» деп айтуға қауқарсыздығы оның талай жоспарын талқандаған еді. Енді түйіндемеде адамдар жақсы деп қабылдайтын, бірақ,  өзіңіз үшін кемшілік болатын қасиеттерді жазыңыз.

– Ашықтық;
– Тік мінез: адамға ойыңызды тура айту;
– Жайбасарлық;
– Ұсақ-түйекке дейін мән беру;
– Қарсылық білдіре алмау;
– Адамның қолын қайтармау;
– Шектен тыс энергияның көп болуы, бір орында отыра алмау;

Міне, мына қасиеттер бір жағынан адам үшін тартымды болуы мүмкін, бір жағынан кемшіліктер қатарына да енеді.
Бірақ, ешқашан түйіндемеде: еріншектік, кешігу мен ақшаға деген зор махаббатты көрсетпеңіз. Жұмыс берушіден айырылып қалуыңыз әбден мүмкін.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: entrepreneur.com/
Қосылған күні: 17 желтоқсан 2017, 13:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.