Отырысына қарап таны-2

Отырысына қарап таны-2

Адамның сырын оның тұрысы не отырысына қарап ұғынуға болатынын айтқан едік. Ендігі мәселе жігіттің кездесуде отыру мәнеріне қарап, оның сіз туралы не ойлайтыны.

Фото 1 - Как он сидит? Ұнатқан жігітіңіз сізбен кездесуде суреттегідей орнына қысылмай, қалаған кеңістігіне жайғасып, ыңғайлы, жайлы отырса, ол туралы мынандай қорытынды жасаса болады. Ол өзіне сенімді, батыл көрінеді. Алайда бұған алданып қалмаңыз, оның қиыстырылған аяғы қорқақтығын көрсетеді.
Фото 2 - Как он сидит?

Жиһаз не орындықта отырған ол шамалы еңкейіп, тізесіне қолдарын тіреп отырады. Демек ол сізді ұнатып, жақынырақ танысуға дайын. 

Фото 3 - Как он сидит?

Аяғын отырған орындыққа іліп отырған жігіттің айтылмаған сыры бар екені анық. Қандай мәселені талқылап жатыр едіңіз? Мүмкін оның осы тақырыпта сырлары болар.

Сіздің жігітіңіз кездесуде қалай отырады?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: cosmo.kz

С. А