Әншілер жауабы: Атақты адамға ғашық болсам не істеймін?

Әншілер жауабы: Атақты адамға ғашық болсам не істеймін?
Фото: pinterest.com

Біздің редакциямызға жастардан, әсіресе қыздар қауымынан "Атақты адамға ғашықпын. Не істесем болады?" деген секілді хаттар жиі келеді. Көпшілік жасөспірімнің басында болатын бұл жағдайға ел арасында атақты болып жүрген әншілердің өздерінен жауап сұрадық.

Ерлан Орынбасаров: Өзін танымайтын, білмейтін өнер адамының сыртынан ғашық болу – өтпелі, қызығушылықтан болған, алдамшы махаббат деп ойлаймын. Оның өзін көріп, жақын араласып, тығыз байланыста болған кезде ғана махаббат анықтығы білінеді.

Баян Нұрмышева: Адамда сырттай ғашық болу бөлек, ол адамды танығаннан кейін ойынан айнып қалуы мүмкін, өзі ойлағандай идеал болмауы мүмкін. Сондықтан ол жай ғана қызығушылық болар, махаббат деп айтуға келмейді деп ойлаймын.

Айбар Серкебаев: Адамның өнеріне, жасап жатқан жұмысына, шығармашылығына ғана ғашық болуға болады. Фанатизм, суицизм деген қазақ менталитетіне жат. Дегенмен үмітсіз шайтан деген де бар.

Мархаба Сәби: Ғашық болғаннан ештеңе шықпайды, өзін жетілдіруі керек. Алдымен өзінің болмысымен жұмыс істеуі керек. Сонда адамдар өзіне тартылады.

Айқын Төлепберген: Менің ойымша, атақты адамға ғашық болудың қажеті жоқ сияқты. Өнеріне ғашық болуға болады, адамның өзіне ғашық болу, оның жары болу өте қиын. Себебі өнер адамдары жан-жақта жүреді, қиын адамдар.

Мөлдір Әуелбекова: Махаббат ештеңеге қарамайды. Ғашық болған адамының өзіне барып айту керек. Айтпаса тағы өкініш болуы мүмкін. Қазір ғаламтор, инстаграм бар, барлығына мүмкіндік бар. Адам алға мақсат қойса, міндетті түрде жетеді. Өзімнің басымнан өтті, ер адамдар жай сөйлесуге де батылы жетпей жататын кез болады. 

@. @assel_assanova