Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Мен сұлумын! Немесе әйелдер нені қалайды?

Мен сұлумын! Немесе әйелдер нені қалайды?

Мен сұлумын! Немесе әйелдер нені қалайды?

Кеше редакциямыздың жігіттер қауымы бізді тығырыққа тіреді десек, артық айтылмаған болар.  Жігіттеріміздің оп-оңай сұрақтарға жауап таба алмай, тіл қатпай қалатындары қалай?

Әлбетте, редакциямыздағы қыздардың да бұған айтар жауаптары жоқ емес! Олай болса, кеттік...

1. Маған ешнәрсе айтқың келмей ме?
Естеріңізде бір қызық әңгіме сақтап жүру соншалықты қиын ба? Біз әңгіме-дүкеннің тақырыбына талғампаз емеспіз, тіпті, футбол не саясат жайлы тыңдауға дайынбыз. Осындай сәттерде бізге тек ортақ тақырып тауып, сөйлесу қажет болады. Әрине, қызыңыз жайлы қызық сәттерді еске алып, сөз қылсаңыз, тіптен жақсы.

2. Маған дейін қанша қызбен жүрдің?
«Алғашқы қызымсың» деп жағымпазданудың қажеті жоқ. «Өмірімдегі ең басты және ең қымбат адамым – сен», - десеңіздер де жеткілікті. Алайда, сұрақ қоюға құмар сүйіктіңіз расында алғашқы махаббатыңыз болса, шындық оны тек сүйсіндірмек.

3. Өміріңде біреуге ғашық болып көріп пе едің?
2-сұрақтың жауабын қараңыз.

4. Саған менің құрбым (әпке-сіңлім) ұнады ма?
Ұнаса – айтушы болмаңыз! Одан да, ғашығыңызға сен бәрінен де кереметсің, сенен басқа ешкімді де байқамаймын дегеніңіз жөн.

5. Балық аулауға (пикник, аң аулауға т.б.) кім-кім бардыңдар? Қыздар болды ма?
Шын көңілмен не істегеніңізді, ауа райы қандай болғанын, қандай балық аулағаныңызды айтып беріңіз, және онда қыздардың болмағанын ерекше атаңыз. Алайда, қыздардың болғандығын сүйіктіңіз біліп қойса (ал егер олар болса, ол міндетті түрде біліп алады), жеткен жеріңіз осы дей беріңіз. Ал мұндай сұрақтарды ұнатпайтын жігіттерге қызыңызды жиындарға бірге алуға кеңес береміз.

6. Көзіме шөп салдың ба?
Бұл сұрақ күдіксіз қойылмайтындардың қатарына жатады. Расында қыздың көзіне шөп салсаңыз, бұл жағдайды жасырамын деп ойламаңыз. Бірақ, осы сұрақ күнделікті қойылып, қызыңыз қызғаныштан тұншығып жатса, оған деген сезіміңіз  жайлы ойлануға кеңес береміз.

7. Анау жігітті қарашы, сымбатты екен, иә?
Ол сіздің қызғанышыңызды сынап, немесе сіз басқа қызға қарап, дәл осылай айтқаныңызға өкпелеп айтып отыр. Сұраққа сұрақпен жауап беріңіз: «Саған осындайлар ұнайды ма?», «Қай жері әдемі?» Жауап ретінде таныс емес сол жігітке деген мың комплимент естісеңіз, қызыңыз сіздің қызғанышыңызды тудырмақшы екенін біліңіз. Мұның бастауы сіздің бір дұрыс емес амалыңыз болғаны айдан анық шығар.

8. Өмірде нені қалайсың?
Әрине, әр қыздың бұл сұраққа жауап ретінде естігісі келетіні «Өмір- бақи сенімен болғым келеді, маған тұрмысқа шық» дей тұра, жоқ жерден пайдан болған неке сақинасы. ЕГЕР, қалтаңызда сақина табылмай, не онымен өмір бойы бірге болар-болмасыңызды әлі шешпесеңіз, жалпы өмірлік мақсаттарыңызды айтқаныңыз жөн: оқу, жұмыс, кәсіп және т.б.

9. Неге мені түсінбейсің...?
Өзінен қайта түсіндіруін сұрап, оны мұқият тыңдаңыз (немесе тыңдап отырғандай бола қалыңыз). Қызуғышылық танытып, оның айтқаны дұрыс екенін ерекше көрсетіңіз. Егер бұл сұрақ тым жиі қойылып жүрсе, ойланып көріңіз, мүмкін сіз оны шынында түсіне алмай жүрген боларсыз?

10. Есіңде ме, өткен аптада қара етігімді киіп едім ғой? Қара етік ше...?
«Әлгі етік пе?» десеңіз болды, ол әңгімені өзі әрі қарай жалғастырып кетеді. Арасында сол етіктің оған қатты жарасатындығы жайлы айтуды ұмытпаңыз.

11. Екеуміз көрген фильм есіңде ме, сонда Том Круз (мейлі кез келген басқа әртіс) ғашығына ... айтып еді ғой?
«Иә, иә, есімде, жақсы фильм еді... Оны тағы бір рет бірге көрейік.» - осы сұраққа мінсіз жауап. Ал ол фильмді қайта көруден қалай қашасыз, бөлек әңгіме.

12. Менің қандай қасиеттерім ұнайды?
«Бәрі» деген - жауап емес. Бізге нағыз комплимент айтуға болмайды ма? Бізді неліктен сүйетіңіздерді, жақсы жақтарымызды, мейірімділігімізді, нәзіктігімізді, адалдығымызды, ақылдылығымызды, қара көздерімізді, әдемі шашымызды, бұралған тұла бойымызды, мақпалдай терімізді, қамқор қолдарымызды, нәзік талғамымызды, аспаздық өнерімізді, білімділігімізді, сыпайылығымызды, тәрбиелілігімізді, әдептілігімізді, сыңғырлаған әдемі дауысымыз бен күлкімізді айтуға болар еді ғой!

P.S. Құрметті жігіттер! Осындай оп-оңай сұрақтарға жауап таба алмасаңыздар, қыздармен қарым-қатынастарыңыз не болмақ? Осы жауаптарды жаттап, жазып алыңыздар! Біздің еркелеп қойған сұрақтарымызға дұрыс жауап таба алсаңыздар, бізді бұл сүйсіндірері анық. Ал егер осындай сұрақтарға "Не? Қойшы, тіпті!" деп жауап қатсаңыздар, араларыңыздағы түсініспеушілік неге орын алған екен деп жүрмеңіздер. Иә, қыздардың логикасы сіздердікінен ерекше. Соны түсінуге ұмтылыңыздар!

Бұл тақырыптың пікірталасы мына жерде де өтіп жатыр.

6944 37
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 01 ақпан 2012, 15:15
Пікірлер
+0
01 ақпан 2012, 15:27

ал, жігіттер, бұған не дейсіздер? )

+0
01 ақпан 2012, 15:29

хаха...)) осы айтыстың арғы жағында кім тұр? авторлары кім осы мақалалардың?)

+0
01 ақпан 2012, 15:33

Біз )))

+0
01 ақпан 2012, 15:41

мәәәә, сендер бәле екенсіңдер ғо)))

+0
01 ақпан 2012, 15:34

Ойтаза, сен де өз үніңді қоса отыр. Біздікі (қыздар қауымынікі) дұрыс қой, солай емес пе? ))

+0
01 ақпан 2012, 15:43

әрине дұрыс емес!

+0
01 ақпан 2012, 15:32

Көбінесе қыздар еркелегісі келеді, сондықтан еркелеймін деп топас сұрақтар қоя бастайды. )) Немесе қыздар жүріп-жүріп, ұрысқысы келіп, қышынып жүреді. Бір-екі рет қатты сөз естиді де, біраз уақытқа тыныыыыш жүреді )))

+0
01 ақпан 2012, 15:38

қышынып жүреді......))Анарка, рас айттың!

+0
01 ақпан 2012, 15:42

хахахихи!!

+0
01 ақпан 2012, 15:42

Жоқ, жоқ, айта көрмеңіз. глупый сұрақтарға не деп жауап беруге болады?

+0
01 ақпан 2012, 15:42

соны өздері түсініп алмай ма дейсің ғо) басымзды қатырмай)

+0
01 ақпан 2012, 15:43

Барлық кезде, Иә, жаным, сенікі әрдайым дұрыс қой десеңіз жеткілікті ))))

+0
01 ақпан 2012, 16:49

мойнымызға отырып аласыңдар ғой

+0
01 ақпан 2012, 19:14

Сені жанымен жақсы көретін қыз мойныңа отырып алып, түспей қойса, сол кезде жазарсың. Әзірге тексеріп көрші.

+0
02 ақпан 2012, 17:05

Тексеретін түгі де жоқ. солай болады.

+0
01 ақпан 2012, 15:44

анау жоғарыдағы сұрақтарды және басқа да сұрақ қоюдың алдында ойланыңдаршы бірінші жігіттер қыздардан ақылды екені дәлелденген!

+0
01 ақпан 2012, 15:46

Жігіттер ақылды болса да, анау жоғарыдағы сұрақтарға жауап бере алмай отыр емес пе? ))))))

+0
01 ақпан 2012, 15:49

оһ, біз жауап табармыз ғой , бірақ анандай сұрақ қойып қыздың өзі ақымақ болып көрініп қалады!

+0
01 ақпан 2012, 16:45

Вот вам жігіттер!!!

+0
01 ақпан 2012, 16:57

Менің ойымша, егер қыз бен жігіт бір-бірін шын сүйсе, оны жеткізу үшін жалң сөзден гөрі, жүректегі шын сезімнің лүпілін көзбен жеткізген әділ болар деймін. Абай атамыздың тілімен айтсақ: "Ғашықтың тілі — тілсіз -тіл, Көзбен көр де, ішпен біл. !!!

+0
01 ақпан 2012, 17:09

Не деген әдемі сөздер!!

+0
01 ақпан 2012, 19:17

Ойбуй, көздермен сөлесіп-ақ жүре беретін болсақ, бірін-бірі сүйе тұрып айрылысып кету, ажырасу сияқты катастрофалар неліктен болып жатыр деп ойлайсың?

+0
01 ақпан 2012, 19:54

Хихихи! ))

+0
02 ақпан 2012, 10:12

Сонда жалаң, жаттанды осы көрсетілгендей сөдермен жеткізссек ажырасулар азаяды демексіз бе? Ең бастысы жүректегі иман мен мейрімді жанардың болғаны деп санаймын.

+0
01 ақпан 2012, 18:45

Барлық сұрақтардың жауабы "Жаным, сен неткен керемет едің, не деген тәтті иіс, бері келші" - деп аймалау, сосын комплименттерді пәшкі пәшкісімен жіберу. Себебі, бес саусақ бірдей болмаса да, барлық қыз бірдей, мақтауды, мақтап отырып аймалауды жаны сүйеді.

+0
01 ақпан 2012, 19:56

Фуу! КетЧі бар! ))

+0
01 ақпан 2012, 18:59

Хе хе бар құпияны шашып тастапсыңдар ғой :))).

+0
01 ақпан 2012, 20:00

Айкон, Массагеттіктер бар құпияны ашып тастағандықтан, енді қарама-қарсы жыныс араларында еш мәселе туындамайтын сияқты ғой! ))

+0
01 ақпан 2012, 21:17

хехе) біліп жүрсін дегеніміз ғой...

+0
01 ақпан 2012, 19:22

Барлық пунктпен қол қойып тұрып келісемін, тек біріншісімен емес. Маған ешнәрсе айтқың келмей ме? Ол деген қарапайым сұрақ емес қой. Ол сұрақты қойған қыз жігіттен бірдемеге күдіктенген болу мүмкін. Мысалы, барлық ақшасын казинода құртып қойып, қыз оны түсініп қойса. Қыз неге солай еттің деп баж ете қалмай, алдын-ала осылай сұрауы мүмкін. Бұл сұрақ қойылғанда жасырып жүрген затыңыз болса, оны қызыңыз біліп қою мүмкінді болса, сразу мойындай салыңыз. Қыз сіздің шынайылығыңызды дұрыс қабылдайды сонда. Ал, егер шынымен ештеме жоқ болса, жоқ деңіз. Ал, егер бар бола түра, айтпай қойсаңыз қыз теріс бұрылып даже сіздің сырыңызды білетіндігін айтпай-ақ кетіп қалуы мүмкін.

+0
02 ақпан 2012, 00:09

Дұрыс айтасың, Мадлен! ))

+0
02 ақпан 2012, 02:07

Сондай қиын сұрақтар емес гой, осындай сұрақтарға жауап бере алмаса, жигит жаксы отношение жасап шыдай алмайды деп ойлаймын!

+0
02 ақпан 2012, 11:03

Жоғарыдағы мақаладан гөрі төмендегі пікірлер қызық болып кетті ғой))) Жігіттер, естеріңізде болсын "женшины любят ушами " демекші, қыздар шынында да оларды жигиттердің жәй бос сөзбен емес, шын жүректен мақтағанын. Егер сіздердің мақтау сөздеріңіз шынай болмаса, оны қыздар (көбіне) сезеді.

+0
02 ақпан 2012, 16:01

Меніңше, осы сұрақтарсыз болмайды-ау..))))Өмірдің қызығы да осы емес пе? Сонымен, вам Нас не понять деп ойлаймын!!! Қыз ол Африкада да қыз.)) Әрдайым, мейлі сіздер үшін топас сұрақ болып көрінсе де, қыз жұмбақ күйінде қала бермек. "Қыздың аты қыз ғой, шіркін, қашанда!!!")))))

+0
02 ақпан 2012, 16:04

Толықтай келісемін)

+0
06 ақпан 2012, 12:34

Ағытшы койлегіңнің түймелерін десенда))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...