Forbes: Жұмысқа бармаудың ең сәтсіз сылтаулары

Forbes: Жұмысқа бармаудың ең сәтсіз сылтаулары

Forbes журналы жұмысшылардың жұмысқа бармау үшін ойлап тапқан ең сәтсіз сылтауларын жария етті. CareerBuilder компаниясының сауалнамасына сенсек, компания қызметкерлерінің 30 пайыздан астамы жылына ең болмағанда бір рет «ауырып қалдым» деген сылтаумен жұмысқа бармай қалады.

Ал ең сәтсіз ойластырылған сылтаулардың тізімі мынадай:

  • «Кітапты көп оқыдым да, ауырып қалдым...»
  • «Көп ішім қойып, көлікті жүргізе алмадым...»
  • «Полицияның тексеруіне байланысты қайтыс болған әжемді эксгумациялау керек болды...»
  • «Мені жұмысқа қабылдағандарыңызды ұмытып кетіппін...»
  • «Менің саусағым су құбырына кептеліп қалды...»
  • «Менің итімнің көңіл-күйі жоқ болды...»
  • ««...» деген киноны көргеннен соң көңіл-күйім түсіп кетті...»
  • «Үйде шашымды өзім бояп едім, сап-сары болып кетті...»

Мұндай сиықсыз сылтау айтушылардың 34 пайызы жай ғана жұмысқа барғысы келмейді, 29 пайызы демалып, өзін еркін сезінгісі келеді, 16 пайызы ұйқысын қандырғысы келеді, 15 пайызы жеке шаруаларын бітіріп алғысы келеді де, ал 22 пайызында ғана дәрігермен кездесу жоспарланып қойған. Өз кезегінде жұмыс берушілердің 29 пайызы ғана қол астындағы адамның шынымен ауырып қалуын тексеріп үйіне телефон соғады немесе ауруханадан анықтама әкелуін талап етеді екен. Ал 18 пайызы өзінің басқа жұмысшыларына «науқасқа» телефон соқтырады. Ал ең талапқой бастықтар жұмысшыларына «науқастың» үйіне барып, өз көзімен көріп келуін міндеттейді.

Десек те, өз қол астындағы азаматтардың өтірігін әшкере етіп, ұстап алған бастықтардың 14 пайызы ғана «жұмыстан босату» қағазына қол қояды екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: dorikovichev.narod.ru

А. Құлтай