Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / 20 минут ережесі: бәріне үлгер!

20 минут ережесі: бәріне үлгер!

20 минут ережесі: бәріне үлгер!

Істеріңіздің бәріне үлгеру үшін, оларды күнделікті кішкентай бөліктерге бөліп, қалдырмай орындау керек. Бұл үшін 20 минут ережесін қолданыңыз. 

Күнделікті үлкен мақсатыңызға жолда кішкентай қадамдар жасасаңыз, жоспарларыңыздың қалай орындалғанын байқамай қаласыз. Сондай-ақ бұл ережені қолдансаңыз, бірнеше істі бірге алып жүріп, барлығына үлгере аласыз.

"Жасау керек еді" деген істерге күнделікті тек 20 минут бөліп отырыңыз. Ертең де дәл солай. Бірақ күнделікті қайталануын қадағалаңыз. Бір күні қажетті әр істі істеуден еріңбеңіз, бұл тек 20 минутқа ғана ғой!

Бұл ереже әсіресе студенттерге өте пайдалы. Курстық жұмысқа күнделікті 20 минут бөлсеңіз, бір аптада-ақ бітіріп қалуыңыз ғажап емес. Соңғы түні ұйықтамай сабақ жасағанша, іш пыстырарлық сабақтарға күнделікті уақыт бөліп, уақытылы бітірген абзал.

Осылайша бұрыннан бері бастауды армандаған кез келген істі тындыруға болады. Спорт, үйді жинастыру, кітап оқу және т.б. Осы әдісті қолдансаңыз, шаршамайсыз да, бар ісіңізді жасап, өзіңізге риза боласыз!

20 минут ережесі:

  • Күніне 20 минут спортпен шұғылданған адамның денсаулығы мықты болады.
  • Күніне 20 минутты үйін жинастыруға бөлген адамның үйі әр уақыт таза болады.
  • Күніне 20 минут бар назарымен жұмыс жасаған адамның жұмысы бітпей қалмайды.
  • Күніне 20 минут отбасы мүшелерімен әңгімелескен адамның үйінде ұрыс болмайды.
  • Күніне 20 минут өзімен тілдесіп, күнделік жазып не жай өзімен-өзі жалғыз ойланып отырған адамның жан дүниесі жайлы болады.
  • Күніне 20 минут өзінің жиған-құртқан ақшасын сараптап, жаңа табыс көздерін іздеген адамға ақша туралы уайымдамауға болады. 
  • Күніне 20 минут ұйықтамай, жай жатып, еш нәрсе туралы ойланбай, толғанбай, тыныштықта өткізген адамның ұйқысы әр уақыт қанып, сергек жүреді.
  • Күніне 20 минут кітап оқыған адам кез келген салада білікті маман бола алады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: tommyzor.com

6663 8
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 15 қазан 2012, 17:25
Пікірлер
+0
15 қазан 2012, 17:31

Керемет!!!

+0
15 қазан 2012, 17:50

Күніне 20 минут кітап оқыған адам кез келген салада білікті маман бола алады.Шынба?онда күнде кітап оқуым керек екен,өйткені қандай мамандық таңдарымды білмей жүрм ;) ұнады

+0
15 қазан 2012, 18:00

Өзім бүгіннен бастап осы ережені ұстанамын)

+0
15 қазан 2012, 18:18

бір минутым осындай керемет мақаланы оқумен өтті) он тоғыз минутын қайда жұмсасам екен?

+0
15 қазан 2012, 20:00

))баяғыдан бері бірдеңе істеуді аңсап жүрген жоқсыз ба??

+0
15 қазан 2012, 18:54

20 минут ұйықтамай жай жата алмаймын мен :lol:

+0
15 қазан 2012, 20:30

Сания нын психология тақырыбына жазған пайдалы кеңестері унайды, будан кейінде жазыла берсин, рахмет саған, Сания!

+0
16 қазан 2012, 09:09

20 минут бөлмесем бәрінеее

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...